Жасанды интеллект – әлем жаңалығы. Бүкіл әлемді өзіне тәнті еткен технология. Ол біздің өмірімізге еніп, өзіндік әсерін тигізетін көптеген технологиялардың сан алуан бөлігі. Сондай-ақ, жасанды интеллект деректерді талдау, саралап оқыту және терең оқытумен тығыз байланысты.

Көптеген ғалымдар жасанды интеллект туралы ақпаратты жариялайды. Кейбір ғалымдар оны зиянсыз деп таныса, енді біреулері оны адамды жаппай өлтіретін технология ретінде қабылдайды. Барлық ақпараттардың проблемасы – адамдар шындықты қиялдан бөлуге тырысады. Күн сайын әлемдік кішігірім компаниялардан бастап ІТ саласындағы ірі компанияларға дейін жасанды интеллектке оң бағасын беруде.
Қандай жағдай болмасын, жасанды интеллект – ақпараттық технологиялар саласындағы басым бағытқа айналатыны анық. Жалпы оның анықтамасы, даму тарихы мен бүгінгі даму деңгейі бүкіл әлем халықтарын таңғалдыруда. Жасанды интеллекттің жарқын болашағы бар деуге болады, себебі ол бүгінде өте маңызды технологияға айналды.
Chat GPT нейрондық желісі – мүмкіндіктері мол, адамның уақытын үнемдейтін, жұмысын жеңілдететін чат-бот. Кез келген өзіңізге қажетті ақпаратты чат-ботқа жазсаңыз, небәрі 30 секунд ішінде қалаған ақпаратыңызды дайындап береді. Мүмкіндігі шектеусіз бұл жасанды интеллект арқылы адамдар өздеріне қажетті ақпаратты тез арада алуына болады. Мысалы, студенттерге түрлі тақырыпта реферат, мұғалімдер қауымына қызықты сабақ жоспары, блог жүргізетін интернет мамандарына қызықты контент-план керек болса да – барлығын дерлік түгел дайындап береді. Ол орыс тілінде жақсы жұмыс істейтінін айта кеткен жөн.
Chat GPT не істей алады? Ол: сұрақтарға жауап береді; бағдарлама кодын жазады, процесті қалай шығару керектігін айтады немесе кодтағы қателерді табуға көмектесе алады; сценарийлер жазады (фильмдер мен кітаптардың базасы бар); DALL-E сұраныстарын қамтамасыз етеді, сондай-ақ рефераттар, ғылыми және медициналық, басқа да бағыттарда мақалалар жазады. Яғни, жасанды интелект – адамның ойлау қабілетін компьютерде бейнелейтін программалық жүйе ғана емес, адамның логикалық ойлау қабілетін әртүрлі техникаларда іске асыруға мүмкіндік беретін технология.
Болашақта жасанды интеллекттің көмегімен көптеген жаңалықтар ашуға болады. ХХІ ғасырдың ауқымды жетістігіне айналған бұл технология ешқашан адамның орнын баса алмайды. Тек адамның жұмысын жеңілдетіп, көптеген жаңалықтар ашуға мүмкіндіктер береді. Тағы да басқа көптеген нейрондық желілер уақыт өткен сайын дамып жатқан заманда біз жаңалыққа жаны ашық жандардың қатарынан болуымыз керек деп ойлаймын.
Гаукар ТУРДЫМУРАТОВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ЖББМ информатика
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.