Қазіргі заманның басты әрі өзекті мәселелерінің бірі – жастарға дұрыс тәрбие беру. Өткен ғасырлардан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бұл үдеріс – кез келген халықтың ең асыл құндылығы.
Бүгінгі таңда тәрбиенің мән-маңызы бұрынғыдан да арта түсті, себебі қоғамның қарқынды өзгеруі, ғылым мен технологияның қарыштап дамуы және жаһандану сияқты факторлар жас ұрпақтың санасы мен дүниетанымына тікелей әсер етуде. Біртұтас тәрбие – бұл жеке тұлғаның жан-жақты әрі үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін жүйелі де үздіксіз процесс. Оның түпкі мақсаты – рухани бай, толыққанды азаматты қалыптастыру.
Біртұтас тәрбие жастарға тек білім мен қажетті дағдыларды сіңіріп қоймайды, сонымен бірге оларды өмірдің түрлі сынақтарына төтеп беруге, әлеуметтік әрі моральдық жауапкершілікті сезінуге және елге деген отансүйгіштік сезімді бекемдеуге баулиды. Тәрбиенің әрбір аспектісі, атап айтқанда, отбасылық өнеге, мектептегі білім, спорт, мәдени шаралар мен қоғамдық жұмыстар жас адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына айрықша ықпал етеді.
Бүгінгі таңда тәрбие жүйесінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – оны заман талабына сай жаңарту. Осы орайда мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында әр үзіліс уақытында түрлі ұлттық ойындар мен «Ұшқыр ой» зияткерлік сайыстары тұрақты өткізіліп келеді. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімі Омарова Ляззат Ақбасовна өзінің мол тәжірибесімен әріптестерімен бөлісіп, үлгі көрсетуде. Бастауыш сынып оқушылары мұндай шараларға зор қызығушылық танытып, белсене қатысады.
Екінші жағынан, технологияның қарқынды дамуы мен интернеттің таралуы жастар өміріне үлкен ықпал етуде. Балалар әлеуметтік желілерде белсенді болғанмен, көбінесе шынайы өмірден алшақтап, виртуалды әлемде уақыт өткізуге бейім. Осындай жағдайда ата-аналар мен ұстаздардың басты міндеті – жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, олардың уақытын тиімді және пайдалы ұйымдастыру. Біртұтас тәрбиенің маңыздылығы да осы тұста анық көрінеді.
Қазіргі тәрбие жүйесінде әртүрлі бағыттардың өзара тоғысуы аса маңызды. Отбасы тәрбиесі мен мектептің, мектеп пен қоғамдық ортаның сабақтастығын нығайтудің қажеттілігі туындайды. Осы тұста мектебімізде «Өнегелі 15 минут», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі» және «Әжелер мектебі» жобалары табысты ұйымдастырылып келеді. Әрбір отбасында айтылатын 15 минуттық ақыл-кеңес пен жылы сөз баланың азамат болып қалыптасуы үшін өте маңызды.
Қоғамның ертеңгі болашағы – бүгінгі жастардың қолында. Сондықтан жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру мәселесіне ерекше көңіл бөлгеніміз жөн. Біртұтас тәрбие – тек білім мен дағдыны ғана емес, ұлттық құндылықтар мен өмірлік ұстанымдарды қалыптастырудың басты тетігі. Бұл маңызды процеске ата-аналар, ұстаздар және қоғамның әрбір мүшесі жұмыла атсалысып, жастарымыздың жарқын болашағын бірге қалыптастыруы қажет.
Сауле НУРГАЛИЕВА,
№15 жалпы білім беретін
мектептің бастауыш сынып мұғалімі,
Қостанай қаласы
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Эффективное взаимодействие педагогов и родителей
История первого детского сада Лисаковска
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.