Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
25/10/26 Воскресенье

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы технология пәнінің рөлі

Выпуск - №50(345)   :   27.12.2018
346

Мектепте жүргізілетін технология пәні – жеке адамның дамып, жетілуіндегі еңбектің негізгі құралы бола тұра, еңбек ету арқылы қабілетін, ата-бабасының ұлттық салт-дәстүрі мен өнерін одан әрі дамытуға, жалғастыруға бағытталған пән. 

Әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарау барысында оларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдение­тін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді.

Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде иновациялық үрдістердің бағыттарының бірі мектепке бағдарлау екені даусыз.
Технология сабағы – әрбір оқушының рухани байып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән. Пәнді тиімді ұйымдастыру, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру мұғалімге байланысты. Жан-жақты дамыған, әрқашан ізденісте болған мұғалім ғана қазіргі талапқа сай болатыны анық. Технология пәнін халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша. Себебі ол – білім алушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Үнемі өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді, осы тұрғыдан алғанда қазіргі кездегі технология пәні өз алдына мынадай міндеттерді көздейді: жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру; тұлғаның өздігінен айқындалуын қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін дамыту; оның өздігінен дамуына жағдай жасау; ұлттық қолданбалы өнерге қызығушылығын дамыту, ұлттық мәдениетті құрметтеуге тәрбие­леу.
Мемлекеттің болашағы, үміті мен сенімі – жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау, заман талабына лайықты мұғалімнің қызмет етуі қоғам дамуын алға бастайды. Ендеше, еңсені биіктетіп, еліміздің болашағы үшін ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, ұлы Абай айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой иірімі ұрандарыңызға айналып, адамзат құндылығы – білім екенін көрсету жолында еш аянбаңыздар.

Ұлжан ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ,
Семенов ОМ
технология пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар

2 дня назад в 13:48

Мәдениет

Путь, заданный великим учителем

3 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

3 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

3 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

3 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.