Абырой биігінен көрінген жан

Выпуск - №№34(481)   :   02.09.2021
145

«Адамның жаны – Алладан болса, болмысы – отбасынан, рухы – мұғалім-ұстаздан», – деп бекер айтылмаса керек. Біздің Киев орта мектебінде біраз жыл бойы еңбек еткен жаны жайсаң ұстазымыз жайлы сөз қозғағым келіп отыр.

Майраш Жұмабекқызы шәкірттерінің ортасында

Ол кісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Карабалина Майраш Жұмабекқызы. Бұл күндері құрметті демалыста. Рудный қаласында тұрады. Майраш Жұмабекқызы керемет жан, аяулы ана, ардақты әже, құрметті ұстаз. Ішкі жан дүниесі ғажайып әлем секілді. Қашан көрсең де, дауысын бір көтеріп сөйлемейді, бойындағы қарапайымдылығымен үндестікте. Өзінің бойында бар игі қабілеттері мен білімін оқушыларға жеткізе білетін ұстаз. Оның сабағында оқушылар әр тапсырмаға үлкен қызығушылықпен кірісіп отыратыны тағы бар. Оқу арасындағы сергіту сәттері де қазақ ойындарына, салт-дәстүрге байланысты болатын.

Бойындағы қаншама ізгі қасиеттерді тізбектей отырып, Майраш Жұмабекқызын мұғалімдікті таңдап, атынан еріп келе жатқан ізбасарларына үлгі етуге әбден лайық ұстаз ретінде бағалаймын әрі құрметтеймін. Сабағында оқушылар қазақ тілінде сөйлейді, мәтіндерді оқиды, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, салт-дәстүрді ауызша айтатын, түсіндіретін. Майраш апайдың оныншы кабинеті өзіне ұқсайтын: таза, жайдарлы, ашық. Кабинетінің қабырғасындағы стенттері пәнге сәйкес құрылып тұратын. Сабағына кіргенде өзімді жақсы сезініп, демалып, оқушылармен бірге жауап бергің келіп кететін. Майраш апайдың қоғамы сондай жақсы әсер сыйлайтын. Бір сөйлеммен айту қиын болар, дегенмен ол кісіні өзінің оқытып отырған пәніне жан дүниесімен кіріп, жақсы түсіндіре білетін керемет ұстаз деуге әбден болады.

Апайдың оқушылары да бірталай жетістіктерге жетіп, ұстазының әрі білім ордасының мерейін өсірді. Мысалы, Николай Шапошников аудандық бірталай сайыстарда бақ сынап, жүлделерге ие болған. Басқа да шәкірттеріне тоқталар болсақ, Салтанат Жанайдарова қазір Қарабалық ауданына қарасты Тоғызақ аулындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет істейді. Талай олимпиадаларда, конкурстарда женімпаз болды. Салтанат Қинайқызы – жақсы маман ғана емес, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін жан, салмақты әрі мәдениетті. Оқушылары сабағында барынша ат салысып, білімдерін белсенді жауаптарымен, пікірталас арқылы көрсете біледі.

Ақниет Латенов – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, қазір Рудный қаласында еңбек етіп жүр. Ақниет Төлегенұлының жас шәкірттері талай облыстық сайыстарда бас жүлделерге ие болды. Қосымша секцияларды өткізу деңгейіне келер болсақ, шеберлігін ерекше атап өтсек ләзім. Мектебіміздің түлектері: Ренат Караев, Жасұлан Бугенбаев, Василий Буторин, Айбек Сейтказинов, Кирил Кащенко, Артем Вощенко, Денис Вощенко, Денис Жученко сол секцияларға қатысып, түрлі жарыстарда бақ сынап келеді. Облыстық сайыстарда бас жүлделерге ие болған Ақниет Төлегенұлы балаларға түрлі қимыл-жаттығуларды орындауға, доппен тәсілдерді жоғары деңгейде орындауға үйретеді.

Жансая Жалмағамбетова – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Жансая Жеңісқызы сабақтарын жаңа оқу бағдарламасына сай керемет жоспарлай білетін дарынды маман. Екатерина Рогусалова – біздің мектепте әлеуметтік ұстаз және мектеп директорының оқу бөлімінің орынбасары болып жұмыс істейді. Екатерина Викторовна – ашық, арманы биік, білімді, тәрбиелі, сенімі күшті, жаңа технологияларды жақсы меңгерген ұстаз. Әрдайым көмек қолын соза білетін жан. Осылайша Майраш апайдың оқушылары біздің Киев орта мектебін тәмәмдап, осы мектепте жұмыс істеп, оның дамуына өз үлесін қосып, ұстаздық жолын жалғастыруда.

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», – деп ұлы Абай айтқандай, Майраш апайдың осы шәкірттері – ұстаздық жолды таңдап, оқушыларына тағылымды білім мен тәлім бере білетін өз ісінің шеберлері. Шәкірттері биік белесті бағындырып, алға мақсат қойып, жаңаны тануға үлкен құштарлықпен кірісуде. Майраш Жұмабекқызына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей отырып, әр күні шаттыққа толсын, немерелерінің қызығы мен рахатын көрсін деп тілейміз. Апайымыз сияқты абыройлы қызмет етіп, зейнет жасына жетіп, құрметті демалысқа шығып, еңбегімнің жемісін көргім келеді.


Сауле ЖАНАЙДАРОВА,
Киев ОМ директорының
тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары,
Ұзынкөл ауданы

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.