Тәуелсіздік мерекесіне орай Астана қаласы Қазмедиа орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын қоғамға насихаттау мақсатында конференция өтті.
Аталған конференция барысында республикамыздағы әр саланың мамандары марапатталды. Қостанай облысы бойынша да көптеген сала мамандары құрметтелді. Біздің Амангелді жалпы білім беретін мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары, химия және биология пәндерінің мұғалімі Абдикова Камшат Шөптібайқызы, «Қаламқас» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Оразбаева Света Ізбастықызы, Жангелдин ауданындағы Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абдикова Гульжанат Шоптибаевна білім саласында жеткен зор жетістіктері үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын білім беру саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау мақсатындағы «Қазақстанның жыл мұғалімі-2024» республикалық байқауында жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломдармен марапатталып, «Қазақстанның жыл мұғалімі-2024» атағын иеленді. Бұл марапат ұстаздардың педагогикалық қызметке қосқан өлшеусіз үлесі мен еліміздің білім жүйесін дамытуға сіңірген еңбегінің айқын дәлелі болып табылады.
Осындай абыройлы марапатқа ие болған Гульжанат Шоптибаевнаны, Света Ізбастықызын, Камшат Шөптібайқызын біздің Амангелді жалпы білім беретін мектебінің ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Шәкірттеріңіз білімнің шыңдарын бағындырып, адал еңбек абыройға жеткізген қуанышты күн жалғасын таба берсін дегіміз келеді.
Амангелді жалпы білім беретін мектебінің ұжымы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.