Кез келген кісі туралы сөз бастағанда ең әуелі ол не бітірді, не тындырды деген сауалды өзімізге-өзіміз қоюымыз заңдылық Белгілі бір саланы меңгеріп, сол арқылы ел мақтанына айналып, халық құрметіне бөленіп жүрген азаматтар баршылық.
Сондай адамның бірі, қойнауы малға толған, ауыл шаруашылығы жақсы дамыған Науырзым ауданының Шолақсай ауылында ұзақ жылдар шаруашылық саласында абыройлы еңбек етіп, ауыл экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосқан Карбаева Сатима Құсайынқызы. Ол кісіні 2015 жылдан бері білемін. Танысқанымда «Шолақсай-1» ЖШҚ шаруашылығы басқармасында есепші қызметін атқарады екен. Адамды алғаш көргенде-ақ пікір қалыптасады емес пе. Сол жылы ЖШҚ басшысы Ихтиляпов Мади Өмірзақұлынан отын-су жаздырып алған болатынмын. Сонда бас есепшінің анықтамасын алуға барғанда жолықтым.
Сатима апамыздың кабинетіне кірген бойда: «Кел, отырыңыз», – деді. Сол кездегі күлімсіреп қараған көзқарас әлі де менің жадымда. Жұмыс үстелінің шетінде тұрған фотосуретке көзім түсті. Бірден түсіндім. Отағасы шығар. Ал дәл алдында ерекше бір жазу тұр екен. Ішімнен оқи бастадым: «Адам – өмірге қонақ. Бұл өмірге жылап келіп, жылатып кетесің». Неткен сөздер. Бірақ жазу орыс тілінде жазылған екен. Осы жазу Сатима апамыздың кабинетіне кіргенде еріксіз көзіңе түсетін. Шынында да апамыз сол жазудың мағынасындай бұл өмірге адам болып келіп, жақын туыс, ағайынның – бір елдің қимас жанына айналып, бәрін жылатып, ана өмірге аттанып та кетті. Жадырап күліп жүріп, кенеттен ғайып болды. Сөйтіп, ауыл, аудан, облыс көлеміне танымал есепші Сатима апамыз келмеске жол тартты. Ғибратты ғұмыры есепшілік қызметтің жолында 50 жылға жуық болған екен.
Сатима апамыз жастайынан шаруаға бейім, еңбекқор болып өседі. Обаған ауданындағы Новоалексеевка ауылындағы орта мектепті 1968 жылы аяқтай саласымен, Қостанай ауыл шаурашылығы техникумына оқуға түсіп, оны сол жылы аяқтап, бухалтер қызметіне орналасады. Жігерлі жастың есепші мамандығын таңдауы өзін алдаған емес. Осы салада еңбек етуі абыройлы болды. Сөйтіп, есепші жұмысымен тікелей айналысып, біршама тәжірибе жинақтайды. Жұмыста тиянақтылығы мен сауаттылығы аңғарылып, 1994 жылы аға есепші қызметіне тағайындалады. Бірер жылда білікті маман ретінде танылады. Сатима апамыздың бойындағы ата қанымен, ана сүтімен дарыған асыл қасиет, есейе келе намысшыл, ылғи да алдыңғы саптан көруге құштар аршыл азаматша болып қалыптасуына жол ашады.
Сатима Құсайынқызы қоғамдық жұмыстарды да қатар атқарып отырды. Тұрақты шаурашылық саласы бойынша бас есепші ретінде, отырыстарда қаралған түйткілді мәселелерді ауыл басшысы Ихтиляпов Өмірзақ Бекділдәұлымен келісе отырып, оң шешімінің табылуына ат салысып жүрді. Өмір жолында Сатима Құсайынқызы перзенттік парызына адал болды. Қызметтің қай саласында болмасын, еңбекқорлығымен, талапшылдылығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, үлкенмен де, кішімен де, ханмен де, қарамен де жатсынбай тіл табыса алатын кішіпейілділігімен елдің де, кейінгі толқын әріптестерінің де есінде жақсы атымен қалды. Мұндай құрмет кез келген жанның еншісіне бұйыра бермейтін бақыт екені анық.
Ол кісінің өмір бойғы ұстанымы – бақталастық, көреалмаушылықтан туындайтын шексіз әділетсіздікке төзбей, көзіңше күле қарап, айнала беріп сыртыңнан ғайбат әңгіме айтушылармен күресу, қарамағындағы қызметтестері мен жастарды өтірік айту мен өсек-аяңнан, адамға қиянат жасаудан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу болып келді. Сондықтан да бүгінгі күні жетпіс деген жастың жемісін көре алмаса да Сатима апамыздың өнегелі өмір жолы ұрпақтарына үлкен өнеге болары анық.
Уақыттың тегершігі тоқтаусыз айналуда. Осындай адамгерлікке негізделген қаншама ізгілікті қасиеттердің иесі «Шолақсай-1» жекешелендірілген шаурашылық қожалығына жұмысқа келген талай адамды есепшілік қызметтің биігіне самғатып, қиын кезеңде қол ұшын беріп, ақылшы болған жан еді. Еңбек етуден еш жалықпайтын. Жастарға ақылын айтып, тура жол сілтеуге дайын тұратын ауылдағы ардақты адамдардың бірі болды. Жасына қарамастан, соңынан ерген әріптестерін тұғырынан таймайтын есепші етіп тәрбиелеп жүргеніне риза болатын едік. Талай жылғы еңбегі де еленбей қалған жоқ. Сол үшін де Сатима апамызға деген ел құрметі ерекше болатын. Ауыл тұрғындары үшін талантты есепшінің еңбегін бағалауы өте ерекше еді. Мұндай сый-құрметке Сатима апамыз әбден лайық жан. Халық қалаулыларының қатарына кірмесе де, Шолақсай ауылының құрметі азаматшасы атағына баяғыда-ақ ие болған жан-тын.
Көзі тірі болғанда әлі де талай жастарға үлгі болып, өнегесін айтып отырары анық еді. Ол кісіні өмірі бір тарих, көпшілікке үлгі болуға лайық тұлға деп есептеймін. Таныс болған жылдар ішінде Сатима апамыздың бойынан үш ерекшелікті байқадым. Біріншіден – қарапайымдылығы, екіншіден – қайраткерлігі, үшіншіден – өз ісінің кәсіби шеберлігі. Осындай бір адамның бойындағы қасиеттер айналасына шуақ шашып, көпке нәр себеді екен. Біреулер содан қуат алады, кейбіреулер келешегіне нұсқау табады. Өмір ағыны да осындай өнегемен өрілсе керек. Халқымызда: «Бақыт дегеніміз – еңбек пен баланың қызығын көру», – деген тәлімді сөз бар. Сатима апамыздың адами тұлғалық бейнесі, қызығы мен шыжығы қатар жүретін өмір жолында оған серік бола білген отбасымен бағамдасақ, толығып, ашыла түсетіндей.
Сатима апамыз бен Сейілжан ағадан бір тұяқ бар. Ұлдары Қайратқа жақсы тәрбие беріп, қартайған шағында немере сүйді. Баласы Қайрат – агрономия саласының жоғары білікті маманы. Апамыз ұлын үйлендіріп, әулеттің туын биік ұстап отырған жандардың бірі-тін. Бұл күнде қызғалдақтай құлпырып, өсіп келе жатқан балдай тәтті Аймира, Айлана, Айдар атты немерелері бар. Сыйласа жүргенде Сатима апайдың жан сарайы таза, кімге болса да достық, ізеттілік сезіммен қарайтын, келбеті ғана емес, жаны да сұлу жан екендігін байқадым. Кезінде өзінің кабинетінен көрген сөздерім еске оралады да тұрады. Иә, «адам – өмірге қонақ». Жаратушының бір адамға берген бақыт-сыйы осындай болсын дей отырып, қадірлі апамыздың жатқан жері жайлы болсын демекпін.
Жұмабике НҰРСЕИТОВА,
Шолақсай ОМ директоры,
Науырзым ауданы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.