Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл. Бүгінгі әңгіме өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі бөлігін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралған ел ағасы туралы болмақ.
Соғыс – зұлымдық, жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы екендігін білеміз. Бұл соғыс 1979 жылы желтоқсанның 25-інде басталып, 1989 жылы ақпанның 15-інде аяқталған Ауған соғысы 9 жыл 10 айға созылып, мыңдаған адамның өмірін өзгертіп, қаншама қайғы-қасірет әкелгені сөзсіз. Осы жылы Кеңес әскерінің ақырғы легі Ауған елінен біржолата әкетілді. Өткеніміз өз елесінде қалу жолында әр жылы ақпан айының 15-і күні – Ауған соғысына қатысқандарды еске алу күні болып есептеледі. Бүгінгі күні арамызда осынау алапат ойранға қатысып келген жерлесіміз, әріптесіміз, мектебіміздің басшысы – Ғалымжан Әубәкірұлы бар.
Ағамыздың айтуынша 18 жасында совет армиясы қатарына шақырылып, мото-атқыштар ротасында,жаяу әскер қатарында болған. Әулиекөл ауданынан ағамызбен бірге өрімдей 6 жігіт ауған жеріне аттанады. Олар: Нұрғалиев Ербол Әміржанұлы, Калинин Владимер Георгевич, Скопец Павел Владимерович, Шуақбаев Мереке, Әбдіхалықов Ахмет Ахатұлы еді. Олардың үшеуі Нұрғалиев Ербол Әміржанұлы, Калинин Владимер Георгевич, Скопец Павел Владимирович ауған жерінде шейіт болып, елге оралған жоқ. Шуақбаев Мереке әскерден кейін қайтыс болды. Әбдіхалықов Ахмет Ахатұлы әскерден кейін ауыр жарақаттың салдарынан қайтты. Ағамыз соғыс кезінде Нангархар провинциясы Джалалабад қаласы мен Кунар провинциясы Ассадабад қалаларындағы соғыс майданында болған. Ол кісі өз әңгімесінде: «Алғаш ауған жеріне барған кезімізде бізде саяси сабақтар жүргізілді. Онда бізге тұрғылықты халықтың салт-дәстүрлерін, жергілікті жердің картасы, тұрғылықты ұлт өкілдері туралы мәліметтер берді. Ауған халқы қиындыққа өте төзімді келетінін осында келгенде білдік», – дейді.
– Бірінші коллонамен келе жатқан жүк көлігінен капитан Макин мені танкке мінгізді. Мен мінген жүк көлігі көз алдымда минаға жарылып екі машина, БМП көлігінің рөлінде отырған Төмендік жігіт Сергей күл болып жанып кетті. Қалғаны ауыр жарақат алып, госпиталға жеткізілді. Сол көріністен кейін мен өзімді соғыс шебіне түскенімді шындап сезіндім. Пәкістан шекарасында тұрған кезімде аяғым тасқа сүрініп, құлап түстім. Осы сәтте маған қарай оқ қарша борады. Менің құлағанымды көрген жолдастарым мені өлдіге санаған екен. Құдай сақтап, аман қалдым…
Өкініштісі, жолдасым Нұрлан Омаров елге кетіп бара жатқанда, Саланг тауында қаза тапты. Қарақалпақстаннан келген Қалқораз деген қазақ жігіті үйіне кетерге бір жеті қалғанда минаға түсіп, екі аяғынан айрылды. Ол кісінің ерлігі туралы өз елінде документальды фильм түсірілді. Кейіннен 66 бригадада Қостанайлық жауынгер Меңдіқара тумасы Тобылбаев Маратпен бірге соғыстық. Ол сұрапыл соғыста танк экипажының командирі болды. Талай ерлік көрсетіп, «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Ол кісі қаңтар айында қайтыс болып, жаназасына бардым. Бұл қаза маған ауыр тиді, – дейді Ғалымжан ағамыз әңгімесінде.
Сонау Ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Соның бірі қазіргі таңда жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге өз үлесін қосып жүрген азамат-Шаймұқанов Сакен Сапиұлы. Қазір ІІ топ мүгедегі. Аталған тарих беттерін парақтап, бүгінгі күнге жетіп отырған ағаларымыз Ерішев Ғалымжан Әубәкірұлы. Елуді еңсерген, ұл-қыз тәрбиелеп отырған ұлағатты әке, мектеп басшысы, Әулиекөл ауданының ауған соғысы ардагерлер клубының төрағасы. Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.
«Бір өкініштісі ауған соғысының жауынгерлерінің көпшілігі өмірде өз орнын таба алмады, қайғылы жағдайлар өте көп орын алды», – деп сөзін аяқтады ағамыз.
Бүгінгі күні ерліктің даңқын асқақтатып, өздерінің азаматтық түр-тұлғасын танытып жүрген ардагер ағаларымыз қашан да, қай кезде де мадақ пен марапатқа лайық жандар. Атақты жауынгер жазушы Б.Момышұлы: «Айбындылық аспаннан түспейді», – деп қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Сондықтан Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу біздің азаматтық парызымыз деп түсінеміз.
Серік БІРЖАНОВ,
№2 Аманқарағай ЖББМ
алғашқы әскери және технологиялық
дайындық пәнінің мұғалімі,
Әулиекөл ауданы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.