Өмірдің мәні де, сәні де жаны нәзік, жаратылысы ерек қарапайым әйел. Оның нәзіктілігімен қоса қиындыққа қасқая тұра білетін ерік-жігерінің мықтылығы да бар. Осындай игі қасиетімен де ерлермен тең түсіп жүр.
Бір қолымен бесік тербете отырып, қоғамның дамуына өзіндік үлес қосып жүрген жан-жақты әйелдер өте көп. Олар – өз кәсібіне төселіп, оның қырлары мен сырларына әбден қаныққан адамдар. Сол себепті өмірлік кәсібін өздері үшін де, өзгелер үшін де пайдалы қажеттілік санап, содан ләззат алып, көпшілікке де шапағатты шуағын шашып келеді.
Қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде 135 қызметкер жұмыс істесе, соның 112-сі әйелдер қауымын құрайды. Әрбір әйел өзінше бір-бір әлем десек, мереке қарсаңында өзіндік еңбек жолы, өзгелерге ұқсамайтын болмысы, өзгелер өнеге тұтар қасиеттері бар нәзік жандардың бірқатарына жеке-жеке тоқталғанды жөн көрдім.
Ардагер ұстаз

Куц Тамара Трофимовна – жоғары санатты жаратылыстану пәндерінің оқытушысы, Қазақ КСР Ағарту ісінің үздігі. Ардагер ұстаз бар саналы ғұмырын студенттерге сапалы білім бере отырып, жан-тәнімен тәрбиелеуге арнап келеді. Тәжірбиелі ұстаз ретінде көрген-білгенін әріптестеріне де үйретуден еш жалыққан емес. Оның жыл сайын асқан сүйіспеншілікпен өсіріп, баптаған жасыл желекті гүлдері колледжіміздің сәнін келтіріп тұр.
Мамандығына адал жан

Роза Абишева
Ұлағатты ұстаз Абишева Роза Жұбатқанқызы колледжде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда зор үлес қосып келеді. 30 жылдан астам ұстаздықтың ұлы жолында дараланған өте қарапайым, мамандығына шексіз берілген жан ұжымы мен шәкірттерінің ортасында үлкен кұрметке ие. Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі жайт. Мейірімді ұстаздың нұрлы шапағаты шәкірттеріне дарыған болар, оның білімінен нәр алған жастардың біразы өмірден өз орнын тауып, өңіріміздің әр түкпірінде адал еңбек етуде.
Біздің сүйікті дәрігер

Людмила Асташкина
Колледж ұжымының сүйікті дәрігеріне айналған Асташкина Людмила Алексеевна өз мамандығының хас шебері. Жұмысы барысында өзінің білікті маман екендігін сан мәрте дәлелдеп келеді. Қызметіне адалдығымен қатар оның адамгершілігі мен қарапайымдылығына сырттай қарап, еріксіз тәнті боласың. Людмила Алексеевна – ауырып ем іздеп барғанның тәніне ем беріп қана қоймай, жанына да демеу болатын жүрегі кең, қолы алтын дәрігер.
Тазалықтың сақшысы

Гүлнәр Маусымбаева
Ұзақ жылдар бойы колледж тазалығына үлкен жауапкершілікпен қарап, өз міндетін абыроймен атқарып жүрген аяулы жандардың бірі Маусымбаева Гүлнар Аралтауовна. Оның тынымсыз еңбекқорлығы мен ширақтығы жанды жадыратады. Ұжымда сыйлы қызметкер болса, отбасында сүйікті жар, қамқоршы ана, ақылшы әже, қымбатты да аяулы жан. Бойындағы қайсарлық пен өзгелерге қол ұшын созу сынды асыл қасиеттер Гүлнар апайымыздың мінезінің кеңдігін одан әрі аша түседі.
Бармағынан бал тамған аспаз

Галина Бикбова
Аспаздық Бикбова Галина Павловнаның өмірлік мамандығына айналғанына да біршама жылдар өткен. Оның даярлаған бәліштері мен тағамдары тіл үйіреді. Ол аспаздықтың қыр-сырына әбден қаныққан шебер. Оның қолынан шыққан барлық тамақтар асханаға келушілерге қатты ұнайды. Бұл ақжарқын Галина Павловнаның өз ісіне адалдығы мен кәсібилік дәрежесін көрсетеді.
Индира ЖАЙЛАУБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Рудный әлеуметтік-гуманитарлық
колледжінің арнайы пәндердің
оқытушысы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!