Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – адам баласының есею жолындағы ең маңызды белестердің бірі болса, осынау жауапты салада табан аудармай еңбек етіп келе жатқан педагогтерді – қоғамның нағыз жанашырлары деп бағаласақ болады.
«Баланың алғашқы ұстазы – оның өмірге деген көзқарасын қалыптастыратын негізгі тұлға» деген сөз тегін айтылмаса керек. Көп жылдық тәжірибесі бар маман тек тәрбиеші ғана емес, ол бүлдіршіннің жүрегіне жол таба білетін мейірімді жан, бағыт беретін кемеңгер ұстаз. Оның күнделікті қажырлы еңбегі кішкентай бүлдіршіндердің алғашқы білім нәрімен сусындап, өмірге деген шексіз құштарлығының оянуына өзіндік септігін тигізеді. Дәл осындай ұстаздардың тәлімі арқылы бүлдіршіндер адамгершілікке, достық пен өзара сыйластыққа үйренеді.
Тәрбиешінің әр жылы сөзі мен ғибратты ісі – баланың болашағына берік негіз қалайды. Бұл жолдағы көп жылғы еңбектің шынайы нәтижесі – өзі тәрбиелеген шәкірттердің жетістігі, ата-аналардың шексіз алғысы мен әріптестердің сыйластығы мен шынайы құрметі. Осы мақаламда мектепке дейінгі тәрбие саласын өмірлік мұратына айналдыра білген Науырзым ауданы, Шилі ауылында 33 жылға жуық жемісті қызмет етіп келе жатқан Хасенова Бахыт Кабдуллиновна туралы мақтанышпен айтқым келеді.
Бахыт Кабдуллиновна – кішкентай бүлдіршіндердің алғашқы ұстазы болып, олардың таным көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосып келе жатқан аяулы жан. Оның әрбір сабағы мейірім мен қамқорлыққа толы. Әр баланың ішкі әлемін асқан шеберлікпен танып, бойындағы жасырын қабілетін дөп басып көре алатын жантанушылық қасиетіне де ерекше тоқталып өтсек болады. Қазіргі ақпарттық заманда жаңашыл технологиялармен қатар сандық технологиялардың бала психологиясына әсері мол екенін терең түсінетін ұстаз, өз жұмысында рухани-адамгершілік құндылықтарға басымдық береді.
«Сандық технологияларға деген әуестік баланың ішкі әлеміндегі үйлесімділіктің бұзылуына әкелмеуі үшін, көбірек физикалық белсенділік пен рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиеге көшуді, отбасына, қрпаққа, елге деген сезімдерді қалыптастыру басты бағытым деп білемін», – деген ол, ұлттық идея мен ана тілін оқытуды басты міндет санайды. Бахыт Кабдуллиновна кұн сайын жаңа сөздер мен мағыналы сөйлемдерді бүлдіршіндерге үйрету арқылы олардың сөйлеу мәдениетін дамытып, иманды да еңбекқор, өз-өзіне сенімді әрі ата-анасын ардақтайтын ұрпақ тәрбиелеуді көздейді.
Осындай ардақты педагогтердің арқасында мектепке дейінгі тәрбие саласы өркен жайып, жас ұрпақтың болашағы жарқын бола түспек. Ұстаздың еңбегі – ұрпаққа қалдырған сарқылмас мұра, ал бала жүрегіне жол таба білген жанның беделі қашанда биік, есімі қастерлі болмақ.
Гульжан ИЛЬЯСОВА,
«Қызғалдақ» б/б тәрбиешісі,
Науырзым ауданы, Шилі ауылы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.