Әріптесіміздің бағын ашқан мамандық

Выпуск - №32-33 (529-530)   :   25.08.2022
857

Қазақта «Қуанышты бөліссең, көбейеді» деген нақыл сөз бар. Биылғы оқу жылы Қостанай педагогикалық колледжінің ұжымы үшін жағымды жаңалықтармен басталғалы тұр. Солардың ішіндегі ең елеулісі дерлік оқиға – ол аталмыш оқу орнының 60 жылдық мерейтойы. Осынау айтулы мереке қарсаңында, облыстық тамыз конференциясында, колледжіміздің талантты педагогтерінің бірі де бірегейі Қымбат Сағындыққызы ЖҮНІСОВА «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Колледж мерейінің арта түсуіне Қымбат Сағындыққызы сынды көшбасшы оқытушы, тәжірибелі тәлімгердің қосқан үлесі қомақты екенін ұжым мүшелері ғана емес, одан тысқары жерлерде де жақсы біледі. Әріптесіміздің кәсіби қызметіндегі бағын ашқан мамандық – бастауыш білім беру десек, жаңылыспаспыз. Неге десеңіз, оның ұстаздық жолында бастауыш білімге қатысты тұстары тұрақты түрде ұшырасып отырады. Айталық, тұлымшағы желбірген жас қыз сонау 1887 жылы сексен жылдан астам тарихы бар, еліміздегі арнайы орта білім беретін іргелі оқу орындарының бірі – Ы.Алтынсарин атындағы Рудный педагогикалық училищесіне (бүгінде – колледж) түсіп, оны 1991 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдап шықты. 1993 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша аяқтап шықты.

Еңбек жолын Алтынсары ауданының Қарғалы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастап, 2004-2007 жылдар аралығында аталмыш мектептің директоры қызметін атқарды. 2021 жылы Челябі мемлекеттік мәдениет институтының «Білім және педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша аспирантурасын тәмамдады. Қостанай педагогикалық колледжіндегі қызметін де «Бастауышта білім беру» мамандығында оқытушылықтан бастады. Тәлімгер ретінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ұстаздықтың қыр-сырына баулыды, білім мен тәрбиені ұштастыру жолдарын үйретті. Колледж басшысы Қымбат Сағындыққызының ұйымдастырушылық қабілетін, кәсіби шеберлігін ескеріп, кафедра меңгерушісі, бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындады, ал 2014-2020 жылдар аралығында директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Кейіпкеріміз 2020 жылдың қыркүйек айының 1-інен бастап директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметіне ауысып, оны да абыроймен атқаруда.

Сөзімізді Қымбат Жүнісованың ұйымдастырушылық, тәлімгерлік қырының кейбір тұстарымен жалғастырсақ. Қымбат Сағындыққызы «WorldSkills Kostanay-2020» аймақтық чемпионатының қатысушыларын дайындауға атсалысып, Владислав Бурлачук жүлделі екінші орынға ие болды. 2021 жылы музыка кафедрасы әріптестерімен бірлесіп, Қостанай облысының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 4-6 жас аралығындағы тәрбиеленушілері арасында «Музыкалық тәрбие» құзыреттілігі бойынша «BabySkills Қостанай-2021» өңірлік чемпионатын ұйымдастырып, өткізді. Бұл чемпионаттың облыста алғаш рет өткізілгенін атап өткен жөн.

Қымбат Сағындыққызы – колледждің жас педагогтерінің тәлімгері. Оның басшылығымен «Облыс колледждерінің үздік пәндік-циклдық комиссиясы» облыстық байқауына қатысу үшін оқытушылар командасы дайындалды. Аталмыш байқауда колледжіміздің шет тілдері кафедрасы 2019 жылы Бас жүлдені жеңіп алды, сондай-ақ «Үздік арнайы пәндер оқытушысы» байқауында А.Ж. Дукенова 2-орынды иеленді. 2021 жылы облыстық «Педагогикалық тандем» байқауында тәлімгер Алмагүл Кенжегарина және жас оқытушы Нұралы Арыстан 3-орынға ие болды. Ал кейіпкеріміздің өзі «Жыл әдіскері» облыстық сайысының жеңімпазы және «Үздік ғылыми мақала» сайысында облыстың барлық деңгейдегі педагогтері арасында жеңімпаз атанды.

Өзінің педагогикалық тәжірибесінің, колледждің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және басқару тәжірибесінің нәтижелерін Қ.С. Жүнісова Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясының (ЖАК) «Современная высшая школа: инновационный аспект» және «Вестник Оренбургского государственного университета» журналдарында, «Открытая школа», «Колледж: профессиональное обучение», «Вестник Өрлеу», «Қазақстанның бастауыш мектебі», «Өзін-өзі тану KZ», «Современное образование» республикалық ғылыми-әдістемелік журналдарында, «Білімді ел – Образованная страна» және «Учительская плюс» газеттерінде жариялады. Соңғы 3 жылда ол облыстық, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жинақтары мен педагогикалық оқуларда 20-дан астам еңбегін жариялады. Сондай-ақ Қостанай облыстық Білім басқармасы ТжКБ әдістемелік кабинетінің облыстық әдістемелік кеңесімен бекітілген «Қашықтан білім беру технологиялары режімінде оқу-әдістемелік қызметті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» әдістемелік жинағының тең авторы.

Қымбат Сағындыққызы бірнеше жыл бойы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын өткізетін «Дарынды балаларға – талантты мұғалім» республикалық байқауына студенттер, жас педагогтер мен магистранттар командасын даярлағанын да айта кетсек ләзім. Қызметтегі осы бағытының жоғары нәтижесі Қымбат Сағындыққызын осы конкурстың өңірлік деңгейдегі қазылар алқасының құрамына қосуға мүмкіндік берді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруді интеграциялау республикалық пилоттық жобасын іске асырудың үйлестірушісі бола отырып, «Бөбек» ҰҒПББСО тренерлерін шақыра отырып, колледж және облыс оқытушыларына арналған облыстық біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.

Пилоттық жобада жұмыс істеген уақытта Қ.Жүнісованың басшылығымен осы мәселе бойынша облыс және жақын шетел педагогтерінің тәжірибе алмасуы үшін педагогикалық оқулар – диалогтық алаңдар дайындалып, өткізілді. Облыс колледждерінің оқытушыларына арналған әдістемелік семинарлар, шеберлік сыныптары және көрнекі сабақтар, стендтік баяндамалар конкурсы да қолға алынды. Осы жоба бойынша Қымбат Сағындыққызы облыстық тамыз конференциясында және «Бөбек» ҰҒПББСО ұйымдастырған республикалық педагогикалық оқуларда өз тәжірибесін жинақтады.

Білім саласындағы бақылау департаменті әріптесімізді мемлекеттік аттестаттау рәсімі кезіндегі комиссияның мүшесі ретінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның құрамына тартады. ТжКБ мекемелерін аккредиттеу жөніндегі түрлі агенттіктер Қымбат Сағындыққызын ел өңірлерінің (Ақтөбе, Ақтау, Екібастұз, Алматы, Павлодар) колледждеріне сыртқы аудит жүргізу үшін сарапшы ретінде тартты. Осы қызметінің нәтижесінде Республика колледждеріне аудит жүргізу, сондай-ақ ТжКБ аккредиттеу стандарттарын бағалау және сараптау үшін білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық Агенттікпен ынтымақтастық туралы шарт жасалды.

2020 жылы Қ.Жүнісова ТжКБ педагогтерінің ұлттық біліктілік тестілеуіне арналған тест тапсырмаларын әзірлеу және өзектендіру үшін Ұлттық тестілеу орталығына шақырылды. Мұның барлығы – бай тәжірибенің, өтілетін пәндер мен ТжКББ қызметі жүйесінің терең білімінің, сондай-ақ әріптесіміздің ұйымдастырушылық іскерлігінің, аналитикалық және коммуникативтік қабілетінің нәтижесі.

Қымбат Сағындыққызы биыл көктемде Білім және ғылым министрі (бүгінде ҚР Оқу-ағарту министрі) Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен өткен бастауыш сынып мұғалімдерінің бірінші съезіне 4 сөйлеушінің бірі болып қатысты. Баяндамада бастауыш білім беру бағдарламасының мәселелеріне, сондай-ақ бастауыш сыныптарға арналған мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламаларының әлсіз тұстарына талдау жасады.

Адал еңбегі, жас ұрпақты тәрбиелеу және оқыту үдерісіне, сондай-ақ білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін кейіпкеріміз білім басқармасының, облыс әкімінің грамоталарымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бүгінде – ҚР Оқу-ағарту министрлігі) Құрмет грамотасымен марапатталды.

Білім беру саласында отыз жылға жуық абыроймен, табысты еңбек етіп келе жатқан әріптесімізді жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау ісінде биіктерден көріне беруіне тілектестік білдіреміз. Осы тұста әріптестері мен шәкірттерінің Қымбат Сағындыққызына арналған лебіздеріне кезек берсек.

Сандыбала БАЕКЕНОВА, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы:

– На протяжении многих лет работы в колледже Кымбат Сагындыковна показала себя грамотным педагогом и администратором, активно применяет свои профессиональные знания в работе с обучающимися и педагогами. Инициативность и выраженные лидерские качества позволили Кымбат Сагындыковне вырасти от заведующего кафедрой до заместителя директора по научно-методической работе, по учебно-производственной работе. Желание усовершенствовать свои навыки выражалось в стремлении работать на результат. Ее отличает высокий интеллект. Она профессионал в своем деле.

Ақбала АБЖАНОВА, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» кафедрасының меңгерушісі:
– Адамгершiлiгi мол, өз iciне жауапкершiлiкпен карайтын бiлiмдi ұстаз Қымбат Сағындыққызы – әрқашан көмек қолын созуға әзір адал жан. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жүрек тұсына тағылған төсбелгіңізбен құттықтаймын. Алар асуларыңыз, шығар белестеріңіз көп болсын!

Динара КОКЕНОВА, «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі:
– Кымбат Сагындыковна как педагог-профессионал не только эффективно выполняет обязанности заместителя директора по учебно-производственной работе, но и как педагог-наставник, который работал в качестве рядового педагога, заведующей кафедрой, заведующей отделением. Такой богатый опыт позволяет Кымбат Сагындыковне, при работе с педагогами, принимать нужные решения, помогать советом, приходить на помощь. Являясь членом администрации, она так же активно принимает участие в работе и мероприятиях кафедры педагогики и психологии, тем самым подавая пример для молодых педагогов. Она пример успешного, энергичного, творческого и самое главное – любящего свою работу человека.

Татьяна СТЕПАНОВА, «Жаратылыстану-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі:
– Кымбат Сагындыковна – педагог творческий, интересный, инициативный, яркий, она – прекрасный организатор и руководитель. Сотрудничество педагогов кафедры естественно-гуманитарных дисциплин с Кымбат Сагындыковной, в роли заместителя директора по учебно-методической работе, в прошлом и сегодня, по учебно-производственной работе всегда творческое, эффективное, конструктивное. Обладая высоким уровнем административной мобильности, Кымбат Сагындыковна умело использует внутренние возможности колледжа для развития как педагогического коллектива, так и студентов, а также владеет методами мотивации педагогов для их саморазвития в профессиональной деятельности. Поздравляем Кымбат Сагындыковну с получением награды, которая является прямым подтверждением ее высоких личностных качеств, это признание большого вклада в развитие образования системы ТиПО.

Елена ЖУТОВА, «Шет тілдер» кафедрасының меңгерушісі:
– Она опытный педагог, обладающий глубокими знаниями, профессиональным мышлением и творческим потенциалом. Человек увлеченный, заинтересованный в своей работе, стремящийся добиваться высокой результативности. Тесно работая с ней как с заместителем директора по учебно-методической работе и в настоящее время как с заместителем директора по учебно-производственной работе, хочется отметить ее профессиональные знания и умения, готовность всегда помочь советом и оказать поддержку коллегам, поделиться своим опытом. От всей души хочется поздравить Кымбат Сагандыковну с заслуженным получением нагрудного знака «Білім беру ісінің құрметті қызметкері».

Данара ТУЛЕПОВА, «Математика және информатика» кафедрасының меңгерушісі:
– Педагог, который всей душой предан профессии. Огромный опыт, высокий профессионализм в ней сочетаются с неиссякаемой энергией, организаторским талантом. Кымбат Сагандыковна, при всей своей занятости, ведь у заместителя директора по учебно-производственной работе очень много контактов с социальными партнерами, методистами, студентами, всегда выслушает, найдет решение, поможет советом. Она – педагог, который находится в неустанном труде, которого любят и уважают студенты и коллеги. Тот человек, с которого стоит брать пример!

Гүлжанар МУХАМЕДИЯРОВА, арнайы пәндер оқытушысы және шәкірті:
– Кымбат Сагындыковна уважает достоинство и личность каждого студента. Учитель, который готов внимательно выслушать, грамотно и тактично разрешить сомнения, дать умный и добрый совет, вселить уверенность. Всегда вижу, как она любит своё дело, которому отдаёт себя сполна.

Дина ШАРКАРОВА, Нечаев НОМ бастауыш сынып мұғалімі, педагог-модератор, әлеуметтік педагог, шәкірті:
– Я в 2007 году поступила в Костанайский педагогический колледж по специальности «Начальное общее образование», куратором группы У-213 была Жунусова Кымбат Сагандыковна. Помимо неоспоримых профессиональных качеств, хотелось бы отметить особый подход к каждому студенту, умение подать даже самый непростой материал в увлекательной и доступной форме. Все пары проходили в увлекательной дружеской обстановке, что, несомненно, делает занятия интересными. Учебный материал усваивается легко и быстро. Кымбат Сагандыковна – высококвалифицированный специалист, талантливый педагог и настоящий профессионал в своей области.


Қостанай педагогикалық
колледжінің кафедра меңгерушілері

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.