Өмірдегі ең үлкен жетістіктің бірі – дұрыс мамандық таңдау. Әр бала кішкентайынан жүрегінде бір арманды әлдилеп, «ертең осы саланың тізгінін ұстаймын» деп ұмтылады. Өйткені бұл таңдау – болашақ тағдырға, өмір жолына бағыт беретін аса маңызды қадам.
Кейбіреулер үшін мамандық – жай ғана кәсіби шешім болса, енді біреулер үшін ол жүрек қалауымен таңдалған асыл арманның жүзеге асуы. Жұлдызай Испергенова үшін ұстаздық – дәл осындай арманның жемісі. Бүгінде ол Тобыл ауданындағы №1 оқыту орталығында педагог-тағылымдамашы болып еңбек етеді. Мамандығына деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігі әр ісінен, әр сөзінен көрініп тұрады.
Жұлдызай Бахитбекқызы 2002 жылы шілденің 4-і күні Науырзым ауданына қарасты табиғаты көркем, адамдары мейірімді Өлеңді ауылында дүниеге келген. Туған жері – оның рухани тамыры, бала арманы бүр жарған киелі мекені. Бой жетіп, санасы толыға түскен сайын жүрегінде «ұстаз болсам» деген арманын әлдилей бастайды. Балалық шағында адамдарға көмектесіп, балалармен сырласуға ерекше құштар болған ол, уақыт өте бұл қасиеттерін мамандыққа ұштастырды. Осы таңдауына әжесінің ықпалы зор болғанын айтады Жұлдызай: «Әжемнің жиі қайталап отыратын: «Ұстаз – жай ғана маман емес, ол – ұрпақтың келешегін қалыптастырушы. Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы», – деген сөздері қашанда жадымда», – дейді ол. Ұстаз болу – жай ғана қызмет емес, бала жүрегіне сенім ұялататын, үміт отын жағатын қасиетті міндет. Жұлдызайдың бұл жолды таңдауда үш негізгі себебі бар.
– Педагог болу – мен үшін, ең алдымен, балалармен жұмыс істеуге деген ерекше махаббат. Екіншіден, олардың жан дүниесін түсініп, сырлас бола білу. Үшіншіден, отбасым, әсіресе маған әжемнің артқан үміті. Әр бала – шамшырақ, ал оны дұрыс жаға білу – ұстазға жүктелген міндет. Себебі бала санасының іргетасы ұстаздың ықпалымен қаланады, – дейді кейіпкеріміз.
Қазіргі таңда педагог-тағылымдамашы ретінде еңбек етіп жүрген ол – ісіне шын берілген жас маман. Еңбегі еленіп, талай марапаттарға да ие болды. Атап айтқанда, «Көкжиек» республикалық білім порталы ұйымдастырған байқауда «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» номинациясында І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар жеке ұстаздық сайт ашып, онда әдістемелік құралдар мен көрнекі материалдарды жариялап, әріптестеріне пайдалы ресурс ұсынуда.
«Ustaz tilegi» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған байқауда «Үздік мақала» номинациясы бойынша тағы да І дәрежелі дипломға ие болды. Жарияланған еңбектерінде инклюзивті білім беру, оқушылардың мектепке бейімделуі, А.Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасы, сын тұрғысынан ойлау және әдебиет арқылы шығармашылықты дамыту сынды өзекті тақырыптарды кеңінен қозғаған. Одан бөлек республикалық олимпиадада І дәрежелі дипломға ие болып, мектепішілік «Үздік оқырман» байқауында ІІ дәрежелі орын алды. Ал «Менің Отаным – Қазақстан» атты көркемсөз оқу байқауында ІІ орын иеленіп, өнері мен білімін қатар танытты.
Ал ұжымында Жұлдызай Бахитбекқызы жоғары жауапкершілігімен, жаңашылдығымен және кәсіби шеберлігімен ерекше құрметке ие. Ол әр баламен жеке жұмыс істеп, олардың бойындағы қабілетті ұштай біледі. Шәкірттерін түрлі іс-шараларға қатыстырып, шығармашылық әлеуетін арттыруға барын салады.
– Жұлдызай әрдайым шығармашылық ізденісте. Әрбір оқушының ерекшелігін ескеріп, оларға жеке көзқараспен қарайды. Кәсібіндегі жаңашылдықтарды меңгеруге талпынып, әріптестеріне үлгі бола білді. Жауапкершілігі, еңбекқорлығы, ұқыптылығы – бәрі де біз үшін үлкен өнеге, – дейді әріптесі, бастауыш сынып мұғалімі Сабина Оспанова.
Тобыл-Торғай жұртшылығы Жұлдызайды тек педагог ретінде емес, журналист ретінде де жақсы таниды. Қостанайдағы «Алау» телеарнасында ол «Өмір ағымы» атты танымдық және «Көкейкесті» атты саяси-әлеуметтік авторлық бағдарламалардың жүргізушісі ретінде де көзге түскен. Қаламдас әріптестері оның бұл саладағы жауапкершілігін жоғары бағалайды.
– Жұлдызай – жауапкершілігімен көзге түскен маман. Адамдармен тез тіл табысады, мінезі ашық, көңілі кең. Біздің теларнада екі бағыттағы бағдарламаны жүргізеді: біреуі саяси болса, екіншісі көңілді бағдарлама. Өзіне берілген тапсырмаға ешқашан ат-үсті қараған емес, – дейді «Алау» телеарнасының журналисі Дәуіт Байғаныс.
Кезінде мұғалім болуды армандаған кішкентай қыздың арманы бүгінде шындыққа айналды. Оның тыңғылықты еңбегі, қажырлы ізденісі мен табандылығы әлі талай белесті бағындыруға жетелері анық.
Гүлім БАТЫР,
Әділет НҰРАБАЕВ,
ҚӨУ журналистика мамандығының
3-курс студенттері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.