Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Арманы асқақ Аяулым

Выпуск - №2(599)   :   18.01.2024
514

Әр адамның болашағы өзі оқыған мектебінде айқындалады. Білім алушылардың ішінде заманның көшінен қалмайтын, ой-өрістері кең, дарынды, шығармашылық қабілеттері бар оқушылар көп. Сондай оқушыларымыздың бірі – 10-сынып оқушысы Аяулым Сұлтанғали.

Аяулымның өмірге деген кең көзқарасын, өзін-өзі тәрбиелеуге үлкен ұмтылысы мен белсенді коммуникативті қасиетін байқауға болады. Ол жаңа білімге қызығушылық танытады, соның арқасында ол өзін шығармашылық, жобалық және зерттеу қызметінде сәтті жүзеге асырады. Аяулым мектебімізде бірінші сыныптан бері білім алады. Мінезі ашық, жайдары, өте қамқор. Өзіне берген тапсырмаларды уақытында орындайтын жауапкершілігі өте зор оқушы. Қоғамдық жұмыстарға да, мектепішілік іс-шараларға да зейін қойып қарайды. Достары мен сыныптастары арасында беделі мен белсенділігімен ерекше көзге түседі.

Оны жан-жақты, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» деп айтуымыз бекер емес. Себебі, ол бастауыш сыныптан өнерге бет бұрып, ән айтумен айналысты. Ол мектептен тыс уақытында Қостанай қаласындағы «Айсұлтан» өнер мектебінің вокал сыныбына барып, музыкалық білімін шыңдауда. Музыкалық қабілеті үшін де талай аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, Алғыс хаттар мен дипломдарға ие болып келеді. Өнер жолындағы жетістіктеріне тоқталар болсам, жыл сайынғы «Best Star 's XXIII» халықаралық ашық фестиваль-байқауында I дәрежелі дипломмен мараптталса, «Жарқын дауыс» атты балалар арасында өткен вокалдық байқауында 3-орынға, көп жанрлы «CREATIVE AWARDS» байқауында эстрадалық вокалдан 1-орынға ие болды.

Аяулым өнермен қатар әскери-париоттық іс-шараларға 6-сыныпта балаларға арналған ЮИД жарысына іріктелініп алынған болатын. Әскери-патриоттық жарыстарға қатыса отырып, көптеген жетістіктерге жетті: әскери-патриоттық клубтар мен бірлестіктердің республикалық слеті «Сенің жұлдызды сәтің» шығармашылық «Вокал» байқауында 1-орын; әскери-патриоттық клубтар мен бірлестіктердің республикалық слеті тарихи танымдық кешіне белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хат»; «Тәуелсіз елдің ұрандары» сап және ән байқауын өткізу бойынша 1-орын; «Жас ұлан» облыстық әскери-спорттық ойынында «Жобаны қорғау» байқауында 3-орын; «Үздік жастар әскери-патриоттық бірлестік» байқауында «Вокалдық шеберлік» номинациясы бойынша 3-орын; сондай-ақ «Әскери-патриоттық ән» номинациясының жеңімпазы, «Жас әскер» әскери-патриоттық клубтардың облыстық слетінде «Азаматтық қорғаныс» жарысында 1-орын.

Сонымен қатар, Аяулым тек аудан ішінде өтетін байқауларда, пәндік олимпиадаларда бақ сынап қоймай, өзінің қарым-қабілетін республикалық деңгейде өтетін сайыстарда да дәлелдеп келеді. Мәселен, Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиадада және ғылыми жобаларда өз бағын сынап, көптеген жүлделі орындарға иеленді. Мектеп өмірін қызықты әрі белсенді өткізіп жүрген Аяулым «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы. Мектебімізде өтетін іс-шаралардың басы-қасында болып, ұйымдастыруда белсенділік танытып келеді. Аяулым адал еңбегі және Қостанай ауданының жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатқа ие болған шәкіртеміздің бірі екенін ерекше мақтанышпен атап өтуімізге болады.

«Тәрбие – тал бесіктен» дегендей, Аяулымның бойындағы асыл қасиеттерді дамытуда әкесі Бектауов Нұрбек Сұлтангалиұлы мен анасы Елюбаева Алтын Байділдәқызының тәрбиесі ұшан-теңіз. Аяулымның зерек те білімді, парасатты жас болып қалыптасуына әсер етіп жатқандығында сөз жоқ. Ұстамды, сабырлы, тәрбиелі, бір сөзді болып өсіп келе жатқан Аяулым – білімқұмар, ізденімпаз шәкірт, отбасының үкілеген үміті мен шамшырағы, мектебіміздің мақтанышы. Жауапкершілігі мол, тиянақты шәкірт, алдына мақсат қойып, соған жету жолында бар күш-жігерін жұмсауда. Заман талабына сай жан-жақты жетіліп келе жатқан Аяулым Нұрбекқызының жеткен жетістіктері аз емес, алда талай толайым табыстарға қол жеткізері анық. Біз соған тілектеспіз!


Қаламқас ДУЛЫБАЕВА,
Мемлекеттік тілде
оқытатын Заречный
ЖББМ математика
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.