Бала арманы орындалған ұстаз

Выпуск - №42 (539)   :   31.10.2022
499

Кішкентайынан мұғалім болуды қалап, бүгінде сол бала арманына жеткен ұстаздың бірі –Гульнара ТАЙЖАНОВА. Оған бірден бір себепкер – 40 жыл математикадан сабақ берген анасы Гайникамал Карманова мен ұстазы, орыс тілі пәнінің мұғалімі Бахыт Рахметкалиева.

Гульнара Абдигапаровна 1983-1988 жылдары В.Г. Короленко атындағы Полтава мемлекеттік педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, әдіскер-тәрбиеші мамандығы бойынша тәмамдап, 1988-1990 жылдарда Аманкелді ауданы ВЛКСМ-нің 30 жылдығы атындағы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде еңбек жолын бастады. 1990 жылдан бастап Жангелдин ауданы Сужарған ауылы Қанапия Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып, 2002 жылдан бастап мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ретінде қызмет атқаруда.

Кейіпкеріміз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін барынша тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы, көңілі дарқан адам. Шәкірттері Қазақстанның әр қаласында бірі – заңгер, бірі – журналист, бірі – ұстаз, бірі – есеп қызметкері болып, басқа салаларда да жемісті еңбек етіп келеді. Көп жылдық адал еңбегі үшін аудандық білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының, ҚР Білім және ғылым министрінің (қазіргі ҚР Оқу-ағарту министрлігі) марапаттарына ие болды.

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Ұстаз ретінде жас жеткіншекке білім берумен қатар, ауылыдың, аудандың өркендеуіне де өз үлесін жылдар бойы қосып келеді. Жұмыстан тыс уақытында стол теннисін, шахмат ойнайды, мәдени іс-шараларға ат салысады. Аудан көлемінде мектептің және ауылдын намысын қорғап, спорт сайыстарына қатысып та, бірталай марапаттарға ие болған.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, Гульнара Абдигапаровнаның балалары да анасынын жолын қуып, ұстаздықты таңдады. Ұлының үлкені Жасұлан Асқарұлы 2015 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын тарих мамандығы бойынша тамамдап, қазіргі таңда Қанапия Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Еңбек өтілі алты жыл болса да, көптеген жетістіктерге жетті.

Келіні Жанат Айкелдіқызы да Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 2016 жылы тамамдап, ол да осы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқаруда. Отбасының кенжесі Жанэля Асқарқызы 2021 жылы мектепті Алтын белгіге аяқтап, қазіргі таңда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ақпараттық технологиялар мен робототехника бөлімінде грантта оқиды.

Гульнара Абдигапаровна өз сөзінде ұстазды Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күштің иесіне балайды. Сондай-ақ мамандығын әлемдегі ең қажет істің бірі деп ерекше мақтан тұтады. Себебі қандай мамандық иесіне болса да, тәлім мен тәрбие беретін жан – ұстаз.


«Жангелді аудандық білім
қызметкерлерінің кәсіптік
одағы» филиалы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!