Амангелді ауданының білім беру саласында «Жұпар» бөбекжайының меңгерушісі, жоғары білікті басшы-ұйымдастырушы, өзіндік қолтаңбасы бар Орымбаева Айгерім Ерікқызының есімі құрметпен аталады.
Мектепке дейінгі білім беру саласында 15 жылдан астам уақыт бойы талмай еңбек етіп келе жатқан ол – жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына өлшеусіз үлес қосуда. Бұл мамандықты мектеп қабырғасын бітірісімен-ақ жүрек қалауымен таңдап, 2007 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығына оқуға түседі. Сөйтіп төрт жылдан соң, 2011 жылы білім ордасын үздік тәмамдап, еңбек жолын қатардағы тәрбиешіден бастап, кәсіби өсудің барлық баспалдақтарынан абыроймен өтті. Оның шыңдалу мектебінде 6 жыл тәрбиеші, 2 жыл әдіскер қызметінің тәжірибесі жатыр, ал соңғы 7 жылдан бері меңгерушілік жауапкершілікті асқан іскерлікпен арқалап келеді.
Өз қызметінде педагогтердің кәсіби шеберлігін ұдайы арттыруға және заманауи білім беру үдерісіне озық технологияларды батыл енгізуге ерекше басымдық беретін ол, ұжымдағы әрбір маманның шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашуға барын салады. Айгерім Ерікқызының жетекшілігімен бөбекжайда бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына арналған «Жасыл балабақша», «Театр әлемі», «Лего» секілді танымдық жобалармен қатар шығармашылық жұмыстар жүйелі ұйымдастырылуда. Қажырлы еңбектің нәтижесінде «Жұпар» бөбекжайы аудандық деңгейде «Ең үздік балабақша», «Ең үздік бөбекжай алаңы» номинацияларын жеңіп алып, мерейі үстем болды.
Кейіпкеріміздің өз бойындағы ізденімпаздығы мен еңбекқорлығының айқын дәлелі ретінде облыстық «Балабақша меңгерушілерінің бастамалары» байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болуын, сондай-ақ «Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруда жобалық әдісті қолдану» атты авторлық бағдарламасын құрып, іс-тәжірибесін аудан көлемінде кеңінен таратқанын мақтанышпен айтуға болады. Айгерім Ерікқызы бала тәрбиесіндегі алтын көпір – отбасы мен балабақшаның тығыз байланысын нығайтуға үлкен көңіл бөледі. Осы мақсатта мекемеде «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі» және «Жас аналар мектебі» белсенді жұмыс істеп, ата-аналардың тәрбие үдерісіне жан-жақты қатысуына зор мүмкіндіктер жасалған.
Айгерім Ерікқызы үшін басты құндылық – әрбір баланың бақытты балалық шағы. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ісін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ол Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Көпжылдық мол тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында ұжым ішінде үлкен құрметке ие. Ісіне адал жан осы даңғыл жолдан таймай, келешекте де жас ұрпақтың жарқын болашағы жолында аяулы алақаны мен білікті білімін аянып қалмақ емес. Ол үшін ұлт ертеңін тәрбиелеу – жай ғана қызмет емес, жүрек қалауымен таңдалған қастерлі миссия. Ендеше, еңбегі еленген ерен тұлғаның шәкірттері биік шыңдардан көрініп, бөбекжай беделі әрқашан биіктей берсін демекпіз.
Каршыга ДОСТАНБАЕВА,
«Жұпар» бөбекжайының тәрбиешісі,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.