Білікті басшы әрі ұлағатты ұстаз

Выпуск - №42 (539)   :   31.10.2022
482

Әр баланың жүрегіне ерекше нұр сеуіп, өмірдің қыр-сырын ұғындырып, көңіл төрінен орын алатын тұлға – ұстаз. Міне, осындай ұлағатты мамандықтың иесі шәкірттеріне ғана емес, барлық Қостанай ауданынының мұғалімдер қауымына мейірімін шашып, ортамызда жүр.

Бұл дүниеде ешнәрсе кездейсоқ болмайтыны белгілі: бәрінің мағынасы бар және әрбір адамның өмірге келгендегі мақсаты мен оған берілген және орындауы керек миссиясы бар. Осылайша 2016 жылдан бастап Қостанай ауданының білім бөлімі мен бүкіл білім беру жүйесін басқарып келе жатқан Маржан Салмағамбетова жайлы сөз қозғамақпыз. Маржан Дүйсембайқызы – ұрпақ тәрбиесінде шәкірттерді, ұстаздарды білім нәрімен сусындатуға, адамгершілік рухта бағыт-бағдар көрсетуге, үздік тәлім бере білген, білікті маман иесі. Қазақстан Республикасының «Білім саласындағы құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.

Еңбек жолын 1982 жылы бастаған, бүгінде 40 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз Меңдіқара және Таран аудандарында 21 жыл басшылық қызмет атқарған. 2016 жылдың қараша айынан бастап Қостанай ауданының білім бөлімінің басшысы қызметінде. Маржан Дүйсембайқызының басшылық ету уақытында ауданның білім беру жүйесінің даму динамикасы өзгере бастады. Педагогтер мен білім алушылар республикалық және облыстық кәсіби шеберлік байқаулырының жүлдегері атанды. Ізгі істер мен жаңа, заманауи талаптарға сәйкес іс-шаралар ауданның білім саласында орын ала бастады.

Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде қызмет атқарған, әріптестер, оқушылар, ата-аналар игілігіне бөленген. Осы тұста Қостанай ауданының білім саласында басшылық қызметтің негізгі жетістіктерін атап өтпей кетуге болмас. Қостанай облыстық білім басқармасының басшылары мен Қостанай ауданының әкімдері: К.Ж. Ахметов, В.Н. Радченко, Ж.К. Таукеновтың қатысуымен ұйымдастырылған ұстаздар мен оқушыларға арналған кездесулер, «Ақ жол» түлектер кеші, балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі және басқа да іс-шараларды өткізумен қатар жетістіктер де аз емес.

Сонау 2016 жылдан бастап атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Сол 2016 жылғы желтоқсан айында 90 орындық «Жанерке» жеке балабақшасы ашылса, 2020 жылғы желтоқсан айында жеке инвестициялар есебінен 120 орындық «BK-Kinder», 90 орындық «Әдемі» балабақшаларының балдырғандарға есігін айқара ашты. Көпшілікке жақсы таныс «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдан бастап Абай НМ, Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный ОМ, Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясы, Затобол мектеп-гимназиясы, №2 ОМ, Қ.Кәрімов атындағы ОМ, Надеждин ОМ, Мичурин ОМ, Тобыл қаласының №1 ЖББМ мектеп мұражайлары ашылды.

Білім ордаларының ішінен үздіктерді анықтау мақсатында өткен сайысардан 2018 жылы облыстағы «Үздік олимпиадалық ауыл мектебі» болып Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясы танылды. Аталған мектеп оқушылары олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысты. Ал «Білім сапасы бойынша үздік мектептер»: Айсары ОМ (директоры К.К. Рагат), Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный ОМ (директоры К.Х. Хажмұханов), Затобол мектеп-гимназиясы (директоры К.Т. Алдамбергенова).

Осы 2018 жылы Қостанай ауданында алғаш рет «Болашақ» жазғы сауықтыру лагері де жұмыс істей бастады. Жылдар бойғы атқарылған жұмыстар лайықты бағаланып, 2019 жылы және 2021 жылы Қостанай облысының білім бөлімдерінің облыстық рейтингінде Қостанай ауданының білім бөлімі «Үздік білім бөлімі» ретінде танылды. Ал Қостанай облысының қосымша білім беру ұйымдарының облыстық рейтингінде К.С. Исмагулованың басшылығындағы Қостанай аудандық Балалар шығармашылық үйі 2020 жылы үздік деп танылды. Дәл осы жылы республикалық онлайн-конкурсының нәтижесінде К.Т. Алдамбергенованың басшылығындағы Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы «Қазақстан Республикасының үздік аудандық мектебі», «Республиканың үздік мектебі» болып танылды. Ал Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный ОМ, Жамбыл ОМ, Шеминов ОМ, Заречный мектеп-лицейінде әскери-патриоттық клуб ашылды.

Білім ордаларының жағдайы да үнемі назарда. 2017-2020 жылдар аралығында №2 ОМ, Надеждин ОМ, Совхозный ОМ, Майкөл ОМ, Қ.Кәрімов атындағы ОМ, Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный ОМ, Тобыл қаласының №1 ОМ, Тобыл қаласының мектеп-гимназиясында, ал 2021 жылы Алтынсарин ЖББМ ғимаратында, «Алтын бесік» балабақшасының ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Қостанай облысының «Орта білім берудің үздік ұйымы» гранты шеңберінде А.М. Даданованың басшылығындағы Мичурин ЖББМ жаңғыртылды. Жалпы 2021-2022 жылдар аралығында Александров ЖББМ, Мәскеу ЖББМ, Константинов НОМ, Озерный НОМ, Владимиров ЖББМ, Молоканов НОМ, Жуков НОМ ағымдағы жөндеуден өтті.

Биылғы жылдың да жетістіктері аз емес. Облыстық спорттық жарыстарда, Ұлттық лигаларда жүлделі орындар, туристік көпсайыс бойынша облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі орындар қанжығамызда. Осылайша білікті басшы Маржан Дүйсембайқызына, шығармашылық мүмкіндігін іске асыра білетін қабілетімен, Қостанай ауданы білім саласының абыройы мен даңқын дамытқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Біздің ұжымды басқарған жылдар, сіздің қоғамдық еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезеңі болды. Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіздің жемісі білім саласының нығаюына өзіндік үлес қосты. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз қашанда арта берсін дейміз.


Қостанай ауданы білім
бөлімінің ұжымы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.