Білікті басшы, ұлағатты ұстаз

Выпуск - №9 (456)   :   09.03.2021
205

Мектеп ісінің алға басуы, алдымен, басшысына байланысты екені белгілі. Ұжымды айрандай ұйытып, ынтымаққа бастай білген Қылышбаева Арайлым Күмісбайқызының жетістіктері бір төбе екенін көбі біле бермейді.

Арайлым Күмісбайқызы жоғары білімді, жоғары санатты, бірінші деңгейлі 20 жыл еңбек өтілі бар, биология пәнінің мұғалімі және Құмкешу жалпы білім беретін  мектебінің директоры. 2007-2008 оқу жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне, 2016-2017 оқу жылдары мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі, 2017-2018 оқу жылында директорлық қызметке тағайындалды. Басшылық қызметпен қоса ұстаздық қызметін бірге алып жүрген Арайлым, бұл уақыт аралығында көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
«Үздік тәрбие жұмысының жүйесі» атты мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған байқауға қатысып, жүлделі 2-орынды иеленді. «Жасуша әлеміне саяхат» тақырыбында оқу әдістемелік кешенді бағдарламасын және мұғалімдерге арналған «Оқу үрдісіндегі нәтижеге бағытталған сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының оқушы шығармашылығын дамытудағы алатын орны» тақырыбында авторлық жұмысын қоғады. Республикалық «Өрлеу» порталына «Кенелер», «Терінің құрылысы» тақырыбындағы сабақтары жаряланды. «Дәрілік өсімдік» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысын жазып, нәтижесінде оқушысы Саяжан Қапсалықова «Жас дарын» төсбелгісімен марапатталды.
Бірнеше жазған авторлық жұмыстардың нәтижесінде Арайлым Күмісбайқызы «Үздік автор» төсбелгісімен марапатталды. Ал 2016 жылы Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы, 2018 жылы білім беру саласындағы табысты еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігімен құзыреттілігі үшін Құрмет грамотасына ие болды. Педагогикалық қызметтегі шығармашылық ізденісі, үлгілі еңбегі үшін Амангелді аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен мараптталғанын да айта кеткен ләзім. Арайлымның бойында туа біткен әншілік өнері де бар. «Ауылым – әнім» атты халық шығармашылық көркемөнерпаздар ұжымының аудандық байқауына жеке орындаушылық шеберлігі үшін, арнайы дипломмен марапатталды.
Аудандық «Жыл мұғалімі-2004» байқауында жаңашылдығымен, шығармашылық ізденісімен көзге түсіп, арнайы дипломмен марапатталды. «Атамекен» бағдарламасы бойынша «Мен жетекшімін» байқауында «Ең өнерлі жетекші» аталымы бойынша дипломмен марапатталды. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының сайлауалды науқанына белсене қатысқаны үшін мақтау грамотасымен марапатталды, «Көшбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару» шағын жинақты мектеп басшыларының біліктілігін арттыру, білім беру бағдарламасы бойынша курсты аяқтап, арнайы сертификат және куәлікпен марапатталды. «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқу курсын аяқтап, арнайы сертификатпен марапатталды. «Жаңа ғасыр ұстаздары» атты республикалық энциклопедияға, сонымен қатар «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» республикалық энциклопедиясында еңбегі жарық көрді.
Абай атамыз: «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл», – деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін атап көрсеткен. Шәкірт ұстазға қарап өсетінін де білеміз. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өсіп, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, өмірден өз орнын таба алады. Арайлым Күмісбайқызының шәкірттері де қазіргі таңда өз мамандықтары бойынша жемісті еңбек етуде. Атап айтатын болсам, Райымбек Бейсекеев Нұр-Сұлтан қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істесе, Ақбота Жақсылықова Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық академияда оқиды, ал Айнұр Жақсылықова Қостанай қаласы, Науырзым ауданында дәрігер болып қызмет жасаса, Саяжан Қапсалықова Арқалық қаласындағы А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияда жемісті қызмет істеуде.
Арайлым Күмісбайқызы қашан да ашық-жарқын мінезді адами болмысымен, өзін де, өзгені де сыйлата білетін қарапайым қалпымен көпке үлгі. «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады» демекші, ұжым мақтанышына айналған білікті басшымыз білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жыл талмай еңбек етіп келе жатыр. Алдағы уақытта да тұғырынан түспей, біраз белесті бағындыра беретініне сенеміз.


Сәндігүл СҰЛТАНОВА,
Құмкешу ЖББМ мұғалімі,
Амангелді ауданы

 

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.