Білім мен ізденісті ұштастырған ұстаз

Выпуск - №38(734)   :   02.10.2026
57

Білім мен ізденісті ұштастырған ұстаз (1)

Ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның бойына ізгілік пен адамгершілік дәнін себетін тұлға – ұстаз. Осындай абыройлы жолды таңдаған жанның бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Динара Сұлтанқызы ВАЛЕЕВА.

Динара Сұлтанқызы тәжірибесіне үнемі сын көзбен қарап, білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын іздейтін, жаңашылдыққа ұмтылатын кәсіби маман. Әр сабақтың нәтижесін саралап, оқушылардың қажеттілігін ескеріп, заманауи әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне тиімді енгізіп келеді. Ұстаз үшін «Нені оқытамын?» деген сұрақпен қатар «Қалай тиімді оқытамын?», «Оқушының қызығушылығын қалай арттырамын?» деген сауалдардың да маңызы зор.

Білім мен ізденісті ұштастырған ұстаз (2)


Педагог еңбегінің нәтижесі оның шәкірттерінің жетістіктерінен айқын көрінеді. 2022 жылы Рустем Айдарханов облыстық қазақ тілі пәні олимпиадасында І орын иеленіп, республикалық кезеңге қатысты. Сонымен қатар 2023 жылы Жаннура Жангабулова, ал 2024 жылы Махаббат Кенжибаева ғылыми-практикалық конференцияларда жүлделі ІІ орындарға ие болды. Надежда Старовойтова және Александра Мормулева қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі орынды иеленді. Ал 2025 жылы «Мемлекеттік тілге жеті қадам» форумында Надежда Старовойтова «Тың идеялар иесі» номинациясында жеңімпаз болды. Сол жылы мектеп командасы облыстық «Үздік мектептік ғылыми ұйым» байқауында ІІ орын иеленді.
Динара Сұлтанқызы өз тәжірибесін үнемі саралап, жинақтап, әріптестерімен бөлісіп келеді. Оның оқушылардың ойлау қабілетін, айтылым дағдысын және медиасауаттылығын дамытуға арналған әдістемелік мақалалары республикалық және облыстық басылымдарда жарық көрді. Атап айтар болсақ, «Қосымша білім және тәрбие» республикалық оқу-әдістемелік журналында «Оқушылардың ойлау қызметін топтық жұмыс арқылы белсендіру» атты мақаласы, облыстық «Учительская плюс» газетінде «Оқушылардың айтылым дағдысын дамыту» мақаласы, сонымен қатар «Өрлеу-Қостанай дауысы» газетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың медиасауаттылығын дамыту» мақаласы жарық көрді. Бұл – ұстаздың тәжірибесін зерделеп, оны заманауи білім беру талаптарымен ұштастыра білетін ізденімпаз маман екенін аңғартады.
Нағыз педагог – ізденісін тоқтатпайтын, заман ағымына сай үнемі жаңарып отыратын тұлға. Бүгінгі ұстаз дәстүрлі әдіс-тәсілдермен қатар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білуі қажет. Ұстаз – ұлы есім. Себебі оның жүрегінен шыққан білім мен тәрбие шәкірт жүрегінде жалғасын тауып, келешек ұрпаққа жол тартады.

Анна ФИРСОВА,
Абай атындағы жалпы
білім беретін мектеп
жас маман, қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Федоров ауданы

Реклама

«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.

Нам есть, о чём рассказать и самое главное – есть, где это опубликовать. «Учительскую плюс» читает не только Тогузакская школа, но и школы района, области, и поэтому наш опыт, успехи становятся известны коллегам, руководству образования. И, конечно же, нам интересно, что творится в других школах: методические новинки, необычные мероприятия. Я выписываю газету и публикуюсь в ней очень давно, потому что это важно, нужно не только для меня, но и для всего нашего коллектива. Да и вообще, нам нравится ваша газета, нравится то, что вы публикуете всё то, что актуально для учителей.