Қоғамның ең асыл құндылығы – білім болса, сол білімнің шамшырағы – ұстаз. Ал ұстаздықты басқарушылықпен ұштастырып, ұрпақ тәрбиесіне өмірін арнаған жандардың орны қашанда ерекше. Сондай тұлғалардың бірі – Рина МУРАТБЕКҚЫЗЫ.
Ол Алтынсарин ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінің директоры әрі математика пәнінің мұғалімі. Білікті педагог қана емес, заманауи ойлай білетін жаңашыл басшы. Рина Муратбекқызының жетекшілігіндегі білім ордасында тәртіп пен талап қатаң сақталып, шәкірт пен мұғалімге деген сыйластық, риясыз сенім, ынтымақтастық – басты құндылық ретінде қалыптасқан. Ал мектептің қабырғасында қолға алынған әрбір бастама білім сапасын арттыруға, оқушының жан-жақты дамуына бағытталған.
Дәлдік пен логиканы талап ететін күрделі пән математиканы шәкірттерге сүйіспеншілікпен, өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру – Рина Муратбекқызының кәсіби шеберлігінің айқын көрінісі. Ұстаздың әрбір сабағы оқушыларды ойлауға жетелеп, ізденуге үйретеді, қиындықтан қорықпай, мақсатқа жетуге тәрбиелейді. Осылайша сапалы білім арқылы жастардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға үлес қосып келеді. Еңбегінің нәтижесінде көптеген шәкірттері білім сайыстарында, түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр.
11-сынып оқушысы Дамир Бекенбай ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиададан алтын медальмен марапатталып, SDU университетінің грантына ие болды. Ал республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша облыс көлемінде қола медальмен марапатталды. Тағы бір шәкірті Нұрислам Қайыржан «Алтын түлек» республикалық олимпиадасында 3-орын, Дамир Бекенбай үздік нәтиже көрсетіп, 1-орын дипломымен және Дубайға саяхат жолдамасымен марапатталды.
Рина Муратбекқызы өзінің тәжірибесімен бөлісуден еш тайынған емес. Мәселен, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалындағы біліктілікті арттыру курстарына екі жыл қатарынан дәріскер ретінде курсқа қатысушыларға білім беріп келеді. Облыстық математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық тобының мүшесі, «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінде сарапшылық кеңестің мүшесі болды.
Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалы және «Ұлағат» оқу-әдістемелік орталығы бірлесе ұйымдастырған «Математикадан олимпиадалық және күрделі геометриялық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбындағы семинарда өз тәжірибесімен бөлісіп, сертификатталғанын да айта кеткен жөн. «Заманауи цифрлық технологиялар: мүмкіндіктер және шынайылық» тақырыбында облыстық семинарда спикер болып, сертификат алды.
Пән мұғалімі ретіндегі жетістіктері бір төбе. Республикалық «ПедСтарт» олимпиадасында жүлделі 2-орын, облыстық «Математикалық регата» олимпиадасының 3-орын дипломдарымен марапатталды. Ұстаздық жолдағы нәтижелі еңбегі оны білікті мұғалім ретінде ғана емес, білім ордасын алға жетелеп, ұжымды бір мақсатқа жұмылдыра білетін, әріптестерінің әлеуетін аша білетін көшбасшы ретінде де қалыптастырды.
Рина Муратбекқызызы үшін мектеп – жай ғана жұмыс орны емес, бұл – үлкен тәрбие мен тағылым ордасы, ал әр оқушы – болашақ ел тірегі. Осындай биік жауапкершілік пен адал еңбек иесі ретінде ол шәкірттердің жүрегінен, ата-аналардың сенімінен, әріптестерінің құрметінен лайықты орын ала білді. Білім саласындағы табанды еңбегімен, жаңашыл көзқарасымен, ұрпақ болашағына қосқан үлесімен ерекшеленетін нағыз заманауи ұстаз-басшы.
Арайлым АХМЕТЖАНОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Обаған жалпы білім
беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Алтынсарин ауданы
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.