Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Білім саласына еңбегі сіңген

Выпуск - №9 (456)   :   05.03.2021
331

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы» дегендей, ұстаздық мамандықтың қашан да қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Оқушыларға бар мейірімі мен шуағын төгіп, оқу мен тәрбиені бірдей алып жүрген ұстаздар аз емес.


Алтыншаш Жанарбаева

Сондай ұстаздың бірі – Қарынсалды жалпы білім беретін негізгі орта мектебінің директоры Жанарбаева Алтыншаш Әбдіжамалқызы. Бұл кісіні – осы мектепке көп еңбегі сіңген басшы деуге болады. Қызмет жолында Алтыншаш апай Қарасу ауылында, Арқалық қаласындағы №6 мектепте білікті де білімді ұстаз бола білді. Ол кезде бұл мектепте марқұм Орал Дәулетқызы мектеп басшысы болатын. Содан соң Қостанайдың Озерный мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.
Ал 2005 жылы Қарынсалдының мектеп басшысы болып тағайындалды. Дәл осы білім ордасының мектеп басшысы болғанына биыл аттай 16 жыл толмақшы. Әрине, басшылық қызмет оңайлықпен келген жоқ. Қаншама қиындығы мен қызығы қатар кезіккен күндерді басынан өткерді. Қазір бәрі артта қалды. Мектепке жетіспеген мұғалімдерді өзі іздеп тауып, ауылда жатақхана болмағандықтан өз үйіне жатқызды. Қызылордадан 2 мұғалім, Шымкенттен 1, Абай ауылынан 2 жас мамандарды солай шақыртумен алып келді. Жас маман болып әрі практикаға келген Қызылордалық Ж.Нүрсейтова математика пәнінің мұғалімі болып бекітілді. Қазір 2 баланың анасы. Шымкенттен келген биолог Г.Ембергенова 3 баланың анасы.
Біздің мектеп негізгі орта мектеп болған соң, бала саны жылда өзгеріп отырады. Яғни бір уақытта бала саны азайып, бірде қалпына келіп отырады. Мектептің мектеп болып қалыптасып қалуына бірден-бір себепкер адам – осы Алтыншаш апай деп ауыз толтырып айта аламыз. Бұл кісінің мектеп үшін жасаған еңбегі орасан. «Қайтсем мектебімді алып қаламын», – деп жанын салып, еңбек етіп келеді. Ара-тұра мектеп мұғалімдері де бала санын толтыруға өз үлестерін қосты. Алтыншаш Әбдіжамалқызын алдағы келе жатқан 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз! Денсаулығы мықты болып, шәкірттері биіктен көрінсін деп тілейміз. Осы мектептен зейнеткерлікке шығып, бейнетінің зейнетін көруіне тілектеспіз.

Қарынсалды ЖББ
НОМ ұжымы,
Амангелді ауданы

 

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.