Қазақта: «Көршің үшін намазыңды бұз», – деген жақсы сөз бар. Жаратушы адам баласы арғы өмірге өткенде көршіңмен тату болдың ба деп сұрақ қояды дейді-мыс. Бүгінгі әңгімем 10 жыл бойы бір қабақ шытыспай араласып келе жатқан көрші әжей хақында.

Біз Алтынсарин ауданы Первомай ауылына осыдан 10 жыл бұрын жұмыс бабымен қоныс аударған едік. Алғашында ауылда ешкімді тани қоймадық, тек екі-үш ағайын-туыстарымызбен араласып жүрдік. Сол жылы сол ауылдан үй алып, жұмысқа орналасып, жағдайымызды жасай бастадық. «Су ішкен құдығыңа түкірме» демекші, Первомай ауылының суын ішіп, ауасын жұтып отырғаннан кейін бұл жер бізге туған жеріміздей болып кетті. Содан кейін бізге қарсылас тұратын қара шаңырақ біздің екінші үйімізге айналды. Бүгінгі таңда араласып-құраласып, бір тілім нанымызды бөлісіп, тұрып жатқан жайымыз бар. Бұл үйде тоқсанды алқымдап, ғасырлардың куәсі болған Хасенова Роза Қапарқызы тұрады.
Роза әжеміз 1930 жылы ақпанның 1-інде Темірқазық ауылында дүниеге келген. Ғасырлырға куә болып келе жатқан әжеміз жазды күндері есік алдында отырып, келген-кеткен адамдарды жібермеуші еді. Ондағы ойы: өзінің ішкі жан сырымен бөліскісі келетінін өзім осы оқиғаның куәсі болғанда бір-ақ білдім. Үнемі бізге бес минут тізелеріңді бүгіндерші, қашпаңдаршы деп өтініп отыратын әжейдің жүзінен бір мұңды байқап, қасына отыра кеттім. Әуелі күліп, атымды ұмытып, ананы-мынаны айтып, сөзін бастады. Әжейдің бетіне тіке қарап едім, оның мұңды көздері алысты нұсқап, көзіне мөлдір жас әкелгенін байқадым. Аяғына дейін күтіп, әңгімесін тыңдауға шындап кірістім. Отбасында өзі және 1936 жылы туған Қалмақан атты інісі болған екен.
Қатал тағдыр 1937 жылы әкесі Қапарды «халық жауы» деп түрмеге қамаған. Әкесінің қиын да қатал тағдыры бала Розаны бей-жай қалдыра алмады. Ол кезде Роза әжей небәрі 7 жаста еді. Әкенің қамқорлығына қарық бола алмай, сұрапыл соғыстың қайнаған шағында 11 жасар қаршадай қыз масақ жинап, көкөніс өсіріп, соқамен жер жыртып, ауыр тағдырмен бетпе-бет келген екен. Әжейдің көздеріне мұң болып қатқан, қатал тағдырдың осы бір қиянаты екенін байқап, менің жан дүнием астан-кестен болды.
Алланың жазуы, тағдырдың басқа салғаныны көніп, осы жасқа да жетіп отыр. Осындай қиын кезеңнен аман сау өтіп, 1948 жылы 18 жасында Хасенов Ментай атамызбен шаңырақ құрады. Отбасын құрғаннан кейін 8 перзент, яғни 4 ұл, 4 қызды дүниеге әкелген екен. Әжеміздің жүрегінде сақтап, бөліскісі келіп жүргені осы оқиғалар екен. Содан бері әжейдің өмірі жадымызда жатталып, санамызда сақталып келеді. Тоқсанды алқымдаған асыл әжей ақпан айының 1-жұлдызында 91 жасқа толды. Қазіргі таңда әжейдің 8 баласынан 11 немересі, 15 шөбересі бар. Өз аяғымен жүріп-тұра алмайтын қарт ананы келіні Сәуле өз анасындай бағып-қағып қарап отыр.
«Қоладан құйған қорғасын, қарттарым аман сау жүрші» деп көрші әжей жайлы әңгімемді осы жерден аяқтағанды жөн санадым. Қарты бардың қазынасы бар деген осы болар. Әжейдің жасын Алла тағалам келешек ұрпағына нәсіп етсін!
Гүлбану ҚАБЫЛБЕКОВА,
О.Шипин атындағы ОМ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Алтынсарин ауданы,
Первомай ауылы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.