Қазіргі мұғалімнің болмысы шыншыл, жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана білуі керек. Сондай-ақ жақсы ұстаз өз қатесін мойындай біледі. Ол оқушының қасында ұзақ жүретін адам. Ал оның болмысы, сырт-келбеті балаларға әсер етеді.

Қазіргі заман мұғалімі санасы енді ғана қалыптасып келе жатқан баламен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын болуы керек, оның тәрбиесі мен білімі көп жағдайда мұғалімнің ұтқырлығына, бәсекеге қабілеттілігіне және табыстылығына тікелей байланысты. Бұл күндері мұғалім болу қиын, сол себепті өмірін ұстаздық жолға арнағысы келетіндер аз. Жастардың лайықты азамат болып өсуі үшін сабырмен оларға тәлім мен тәрбие беру жолында бар күш-қуатыңды, ақыл-ойыңды, өнеріңді жұмсау қажет.
Ұстаздықты таңдау барысында адам өмірі үшін жауапкершілік пен мойынға артылған ауыр жүкті сезінбей болмас. Кез келген ұлағатты ұстаз еңбек жолын жас маман ретінде бастайтыны белгілі. Сол себепті жас ұстаз өзі таңдаған жолдың жауапкершілігін толық түсініп, сезінуі керек. Сондай жас ұстаздар біздің білім ордасында да бар. Олар: математика пәнінің мұғалімі Молдағазы Арман Дулатұлы, химия пәнінің мұғалімі Бакиткиреева Нурай Ардаковна және информатика пәнінің мұғалімі Игибаев Асылжан Ельгибаевич.
Математика пәнінің мұғалімі Арман Дулатұлы – өз мамандығын және балаларды да жақсы көретін мұғалім. Жас маман болса да, сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, оқу материалын қолжетімді түрде үйретудің мазмұны мен әдістерін сәтті таңдауға мүмкіндік береді. Ол оқушыларға пәні бойынша ережелерді, теоремаларды есте сақтауға және оларды қалай қолдану керектігін тиімді тәсілмен үйретуге тырысады. Ұрпаққа біліммен оса тәрбие де тең дәрежеде берілу керектігіне баса назар аударады. Қарапайым өз сабағын беріп кеткен адам емес, болашақтың ұрпағын біліммен сусындатқан ұстаз болғысы келеді.
Информатика пәнінің мұғалімі Асылжан Ельгибаевич – жігерлі, компьютерді меңгерген, білім саласындағы барлық өзгерістерді тез қабылдайтын және мемлекеттік білім беру стандартының барлық талаптарына жауап бере алатын жас мамандардың бірі. Асылжан Ельгибаевич информатика сабағын оқытуда интерактивті әдістерді қолданып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады, өздігінен оқу ынтасын дамытып, ұжыммен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады, дамытады, ал ең бастысы оқуға деген белсенділіктерін көтереді. Әр сабақта тәртіпті қамтамасыз ету, сабақта әр минутты ұтымды пайдалану, оқушылардың тату және ұйымшыл ұжымын құруға тырысады. Барлық компьютерлік бағдарламаларды жақсы меңгерген маман иесі.
Химия пәнінің мұғалімі Нурай Ардаковна – мамандығын да, балаларды да жақсы көретін, өзінің кәсіби қызметінің тек жақсы жақтарын ғана байқайтын шығармашыл педагог. Ол балалармен қарым-қатынассыз, олармен тәжірибесімен бөлісу мүмкіндігінсіз, бар білгенін үйретусіз бір күнді елестете алмайды. Нурай Ардаковна химия пәнінің алғашқы оқытылуы кезінен бастап-ақ оқушылардың пәнге қызығушылығын оятты. Сабақ барыснда қолданылатын жаңа технологиялар арқылы оқушылар пәнге үлкен қызығушылықпен қарап, молекулалар массасын, элементтер атауларын қатесіз жаттап алады. Қазіргі ұстаздың және жалпы қазіргі мектептің басты міндеттері – әрбір оқушының қабілетін ашу, жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті әлемде өмір сүруге дайын әдепті де ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
Аталған міндеттерді шешу жағдайында мұғалім тұлғасының қасиеттері бастамашылдыққа, шығармашылықпен ойлауға және стандартты емес шешімдерді таба білуге, өмір бойы білім алуға деген құлшынысына айналады. Жас мұғалім үшін өзін-өзі түсіне білу, өз резервтерін білу және шебер пайдалана білу, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі ілгерілету перспективаларын дұрыс анықтау, кәсіби жағдайларда өзі туралы бар білімін пайдалана білу маңызды.
Гүлжан ТАИПОВА,
Көктал ЖББМ әдістемелік
бірлестік жетекші,
Әулиекөл ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.