Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде «КСР халық ағарту саласының үздігі», «Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Беген Қаженұлы Көпештің 85 жасқа толуына орай «Ағартушы аманатына адал азамат» атты кездесу өтті.
.jpeg)
Тақырыптң осылайша таңдалуы кездейсоқ емес. Беген ағамыз кезінде Ыбырай Алтынсарин кірпішін қалаған алғашқы білім ордасының (қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат) түлегі. Кейін тағдырдың жазуымен дәл сол мектепте жылдар бойы қызмет етіп, директорлық шеніне дейін көтерілген ардагер ұстаз. Ұзақ жылдар ұстаз болып қызмет атқарып, іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілетімен азаматтық тұлғасын қалыптастыра білген Беген Қаженұлының саналы ұрпақ тәрбиелеуде сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Оқу-тәрбиелік жұмыстың қыры мен сырын жетесіне дейін біліп, біліктілігінің арқасында біраз белестерді бағындырды.
.jpeg)
Кездесу кешіне Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев арнайы қатысып, облыс әкімінің құттықтауын жеткізді. Құрметті қонақтардың қатарында «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрағасы Батырбек Ахметов, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының басшысы Марионелла Слесарь, Ы.Алтынсарин мектеп-интернатында ұзақ жылдар қызмет атқарған, басшы болған білікті ұстаз «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Сәбира Қайырова, облыстық локальдық кәсіподақ ұйымының атынан Шолпан Сейтқожина Беген Қаженұлына жылы лебіздерін білдіріп, өнегелі өмірі мен қызметі жайында сыр шертті.

Кездесу барысында есімі көпшілікке жақсы мәлім ақын Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет ағамыз тағылымға толы сөз сөйлеп, мерейлі жастың иесіне ізгі тілегін білдірді. Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия мұғалімдері Гүлмира Тасанова және Беген Қаженұлының тәлімін алған шәкірттері де кешке арнайы қатысып, ағартушының аманатына адалдық танытқан ұстазға тілектерін жеткізді.
Шнар ДУСМАГАМБЕТОВА,
Ы.Алтынсариннің мемориалдық
музейінің экскурсия жүргізушісі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.