Дара дарын иесі – Жанболат

Выпуск - №7 (454)   :   19.02.2021
341

Ы.Алтынсарин атындағы гимназия қабырғасында жанына жыр қаламын серік етіп, жырларына жүрек үнін арқау еткен шәкірттеріміз жетерлік. Қазақтың қара өлеңін көркем сөзбен өрнектеп жүрген сондай шәкіртіміздің бірі – Жанболат Шайкамол.

Жанболаттың бір бойында өнердің әр түрі тоғысқан. Жан-жақты, дарынды, қабілетті 7-сынып оқушысының күні бүгінде жеткен жетістіктері көпшілікке үлгі болары анық. Ұлы ақындардың жолын жалғар ақындық қабілетінің арқасында түрлі ақындар сайыстарынан жүлделі орындарды иеленіп келеді. Атап айтсақ, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай авторлық өлеңдерінің қалалық кезеңінен алға суырылып шығып, облысқа жолдама алды. Міне, күні кеше облыстық сайыстан «Жыр алыбы – Жамбыл бабам» атты авторлық өлеңімен жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлады. Осының өзінен-ақ Жанболаттың ақындық қабілетінің қарымдылығын, сөз саптау шеберлігін, өзіне тән сыршыл лиризмінің қалыптасқанын аңғарамыз.

Жанболаттың көбіне қалам тартқан тақырыптары Отанды сүюге, туған жерді құрметтеуге, ата-ананы сыйлауға, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады. Оның шығармашылығынан Мұқағали мен Мағжан ақындардың сарыны байқалып, лириканың лебі еседі. Әсіресе, тамылжыған табиғатты суреттеуде қолданған сөз орамдары адамды еріксіз баурап алады. Жоғарыда атап өткеніміздей, ерекше дарын иесі ақындықпен қатар спорттық, шығармашылық, қоғамдық жұмыстарды да тізгіндеп келеді. Атап айтсақ, «Дарын» дебат клубының ұйымдастыруымен өткізілген түрлі пікірсайыс, клубішілік іс-шараларда ерекше қырымен таныла білді. Қалалық, мектепшілік байқауларда үнемі көзге түсіп, «үздік гимназист», «жігіт сұлтаны», кітапхана іс-шараларына ат салыса жүріп, «жылдың үздік оқырманы» атағына ие болды.

«Адам болам десең Абайды оқы» демекші, дәстүрлі Абай оқуларында да жүлделі орындарға ие болып, сайыс аламанында үнемі оза шауып келеді. Қандай бәйге болмасын биіктен көрінген оқушымыз өнерге де, ғылымға да етене араласып, ән, әзіл-оспақ, спорттық сайыстарда өзін көрсете біледі. Жанболаттың ғылымға құштарлығының өзі жеке әңгіме. Қашықтан өткізілген «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңінде «Экология, валеология» секциясы бойынша бірінші орынмен облысқа жолдама алып, облыстық кезеңнен де жүлделі екінші орынды иеленді.

Қашан да ғылымға қалам тартып, қаруын сайлап отыратын осындай дарынды азаматтарымыз барда еліміздің ертеңіне сеніммен қарай аламыз. Бүгінгі оқушы, ертеңгі маман, болашақ ел қорғаны болар азаматтарымызға жол сілтеп, бағдар берер ұстаздардың да еңбегі ерен. Жанболаттың жарқын болашағына сеніммен қарап, «талабыңа нұр жаусын», таудай талабың бармақтай баққа кенелтсін демекпін.


Анар ГИССИНОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназияның қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Арқалық қаласы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.