Тазалыққа әркімнің жаны құмар-ақ. Оны үлкен мағыналы сөз деп түсінетініміз рас. Тереңірек үңілер болсақ, тазалық – жан-жақты адам өмірін, болашағын, ақыретін, имандылығы мен адамгершілік секілді кісі ғұмырына тән көптеген қасиеттерді қамтитын ұғым.
Тазалық бар жерде берекенің де болатынын бәріміз жақсы білеміз. Даладан кез келген ғимаратқа, белгілі-бір мекемеге кіре сала, ең әуелі сол жердің тазалығана көзіміздің түсетіні де шындық. Дегенмен сол тазалықты сақтаушы жандардың еңбегін ескермей жатамыз. Ал мектептегі ең ауыр жұмыстардың бірін жасайтын осы еденнің тазалығын сақтап отыратын жандар екенін білгенімізбен, еңбегінің маңыздығына көбінесе мән берілмей жататыны рас.
Шолақсай ЖББ мектебінде сондай алты жан қызмет етеді. Таңғы сағат тоғыздан басталған жұмыс кеш батқанға дейін жалғасады. Осы кісілер мектепті тазалап, ұстаз бен оқушының таза жерде жүріп-тұруына күнделікті көмегін тигізуде. Бүгінгі мақаламда аптап ыстықта да, қақақаған суықта да тазалық үшін барын салатын жандардың еңбегіне тоқталуды жөн санадым. Өте мәдениетті, үнемі ұжыммен жақсы байланыста. Денсаулықтары сыр беріп жүрсе де, дәрі-дәрмектерін қалталарына салып алып, жұмыстарын жалғастырып жүре береді. Соған қарап, неткен төзімділік деп таңғаласың.
Саулима Муржакупова апай мектепке 2015 жылы орналасыпты. «Маған жұмысым ұнайды. Жұмысты тиянақты жасағанды ұнатамын. Әр жуылған оқу бөлмесі – менің жұмысымның нәтижесі екенін естен шығармаймын. Күнделікті жуылған еденнің жарқырап тұрғанын қалаймын. Әрине, жұмыс болғасын шаршайтын кездер де болады. Бірақ жұмыстың аты жұмыс», – деп ағынан жарылады. Ал Жүмакүл Байбусынова 2016 жылы орналасқан. Өз ісіне ұқыпты, жұмысын таза, жинақы атқарады. «Өзімнің адал еңбегімнің нәтижесін көріп, зейнетке осы жұмыстан шықсам, арманым жоқ. Мектепте қызым жұмыс істейді. Балаларым оқиды. Біз қызетіміздегі міндеттерімізді толық орындауға тырысамыз. Мектептің ішкі бөлмелерінің едендері, дәлізін күнделікті жуып отырамыз. Бұл – біздің күнделікті жұмысымыз», – деп сөзін қысқа қайырды Жүмакүл апай.
Жас мамандар Гулбаһрам Қойшанқызы мен Самал Сапаевна да: «Мамандықтың жаманы жоқ, тек өзіңе берілген істі дұрыс әрі адал атқарып, аяғына дейін жеткізе білсең жөн. Қалаған мамандықтың иесі болу үшін, ең бастысы, еңбексүйгіштік қажет деп ойлаймыз», – дейді олар. Ал көпбалалы ана Айнұр Жанабаевнаның да бұл қызметке орналасқанына он бес жылдай уақыт болыпты. Осы мектепте балалары оқып, білім алуда. Айнұрда тазалықты ұнататын, әр ісін ықыласпен жасайтын мейірімді жан. Қашан көрсең де жүзі жылы, күлімсіреп жүреді. Көпшіліктің ойына Айнұр да қосылып, өз пікірін ортаға салды.
– Мен ауылда тұрғандықтан жұмысты талғамаймын. Жұмысыма көңілім толады. Мектеп – менің екінші үйім. Өз үйімді қалай тазаласам, мектепті де солай таза ұстауға тырысамын. Жасыратыны жоқ, қазіргі қоғамда еден жуатын жандармен араласқысы келмей, биіктен қарайтындар болады. Қолына шүберек ұстаған адам көрсе, мұрынын шүйіріп қарайтыны да бар. Бірақ, мен өз ұжымымда, мектепте білім алып жатқан оқушылар тарапынан ондай оғаш қылық байқамаппын. Әрине, бұл қуантпай қоймайды. Балаларым менің жұмысымнан намыстанбайды, керісінше жасап жатқан ісімді құрметтейді. Тіпті қажет болса, қолұшын созуға да әзір. Адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады дейді. Мен бүгінгі қызметіме еш өкінбеймін. Барлық адам асқақ арман мен биік мақсатқа ие ғой. Менің арманым – адал еңбектің арқасында балаларымды оқытып, құтты орнына қондыру, – дейді көпбалалы ана Айнұр.
Ал мектепте көп жылдардан бері қызмет істеп келе жатқан Жансәуле апамыз: «Менің ойымша, бастысы ниет болуы қажет. Мен өз кәсібімді жақсы көремін. Біз көрсететін қызмет өте сапалы болуы шарт деп ойлаймын. Себебі еліміздің болашағы жас бүлдіршіндер білім алатын ардақты ұстаздарымыз қызмет жасайтын орында еңбек етеміз. Бізді мектеп ұжымы құрметтейді. Жалақының аздығы болмаса, кәсіподақ жыл сайын «Еңбек күні» мерекесінде сыйлықтар беріп, көңілімізді бір көтеріп тастайды», – деп сөзін түйіндеді.
Адал терімен қоғамда жұмыс істейтін жандардың еңбегі қашанда маңызды. Бейнеттен бел жазбай жүрген осындай еңбек адамдарына айтар алғысым шексіз. Отбасын асыраймын деп күн көріс қамы үшін қақаған суықта қолдарын салқын суға батырып, аптап ыстықта да жұмыс істейтін бұл кісілердің еңбегіне құрметпен қарауымыз қажет. «Ең қиын мамандық – адам болып қалу», – деп ұлы ғалым Хосе Хулиан Марти айтқандай, жүрегі кең, адамгершілігі жоғары, жақсы адам болып қалу – бәрінен де маңызды, биік тұратын дүние екені шындық. Меніңше, менің ұжымымда жұмыс істейтін алты жан да осы мәртебелі атаққа әбден лайық.
Жұмабике НҰРСЕИТОВА,
Шолақсай ЖББМ директоры,
Науырзым ауданы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.