Ғасырға жуық ғибрат ғұмыр

Выпуск - №15(663)   :   18.04.2025
746

1

Мемлекеттік тілдегі кітапхананның ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында Рудный қаласының Құрметті азаматы, кенші, еңбек ардагері, жерлес ақын Қасымқайыр Қазыбайұлы Дүйсенбаевтың 95 жылдық мерейтойына орай кездесу кеш өтті.

«Әдеби қолтаңба» өлкетану жобасы аясында және Жұмысшы мамандықтарының жылына орай қарапайым еңбек адамын ұлықтап, оның өмір жолын жастарға үлгі ету мақсатында өткен игі іс-шараға Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанна Джамбурчина, Рудный қаласының Құрметті азаматы, журналист Арман Хасенов, кітапхана жанынан құрылған «Кездесу» клубының мүшелері, қаланың мектеп оқушылары мен студенттері, ұстаздар қатысты.
Кеш қонақтары сөз алып, жүрек жарды лебіздерін білдірді. Артынша жастарға Қасымқайыр Қазыбайұлының өмірбаяны таныстырылып, қаламгердің ақындық жолы жайында біраз қызықты деректер айтылды. Атамыз Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатына жұмысқа орналасып, осы өндіріс орнында 40 жыл бойы табанды еңбек еткен. Жұмысқа үлкен жауапкершілікпен кіріскен ол, уақыт өте келе білікті әрі білімді мамандардың қатарынан көріне білді. Өмір жолындағы тарихи кезеңдердің жадында жатталып, жүрегінде сақталған сәттерін жыр жолдарына айналдыра білді. Жер қойнауынан қазыналы байлық шықса, ағамыздың жүрегінен асыл сөздер төгіліп, шынайы сезімдері өлеңмен өрілді.
Б.Майлин атындағы және А.Байтұрсынов атындағы мектептердің оқушылары атамыздың өлең жолдарын мәнерлеп оқыса, «Кездесу» клубының мүшелері, қарымды қаламгерлер – Жаңбыршы Тілеуқабылов, Жақсылық Какенов, Ғабдолла Ахметжанов ағаларымыз ыстық лебіздерін білдіріп, Сүндет Молдашев ағамыз арнайы жазған жыр шумақтарын оқыды. «Жадыра» вокалдық ансамблі Қасымқайыр Дүйсенбаевтың сөзіне жазылған «Рудный» әнін, Шәмшия Қайыркенова «Ағаларым» әнін орындаса, «Алтын домбыра» студиясының өнерпаздары «Ер тұран», «Балбырауын» күйлерін күмбірлете шертті, ал «Шұғыла» би тобы мың бұрала билеп берді.
Кітапхана қорындағы кітаптардан кітап көрмесі қойылып, келген оқырмандарымызға шолу жасалды. Іс-шара соңында Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанна Ерманқызы Алғыс хат пен шағын сый-сыяпат табыстады.

Гүлбараш УАЛИЕВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхана меңгерушісі,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.