Білім беру грантын алған жас түлектің қуанышы – ұстаздары мен достарының, ата-анасының да қуанышы емес пе. Оқушымыз Жантуар Тілегеновтың жоғары оқу орнына сəті түскені екі мектебінің де мерейін өсірді.

Не себепті екі мектеп дейтінімді қазір түсінетін боласыздар. Он жыл бойы Жантуар туған ауылы Маякта орналасқан мектепте білім алды. Бала кезінен бір-біріне бауырдай болып кеткен сыныптастар. Сыныпты ылғи алға апаратын, өздері өте жақсы көретін білікті де, мейірімді де, белсенді де Қарлығаш апайы. Жүрегіне жылы, көп бақытты минуттар сыйлаған футбол секциясы, Владимир Михайлович есімді сүйікті жаттықтырушысы. Осылайша Жантуардың балалық шағы ол кездегі Маяк орта мектебінің қабырғасында өте қуанышты өтті. Дегенмен оныншы сыныпқа қалған жалғыз оқушы болды. Бір жағынан, жалғыз оқу жас баланың көңіліне жаға қоймаса да, екіншіден сабаққа деген ықылас пен ұстаздардың назары өзіне арналатыны дайындыққа жақсы деп, ата-анасының көңілі тоқ болды.
Ең қиыны – Жантуардың он бірінші сыныпқа көшкен кезінде басталды. Маяк мектебі тоғыз жылдық болып қалды. Сөйтіп арман қуған жас жігіт Сарыкөл ауылында орналасқан, мемлекеттік тілде білім беретін Сарыкөл орта мектебіне оқуға аттанды. Сәтін салып, сыныптастары да, ұстаздары да, сабақтары да – бəрі бірінші күнінен көңілінен шықты. «Ол мектептің ұстаздарына ризамын! Олар да менің Маяк мектебіндегі ағай-апайларым сияқты. Сабақтары қызық өтеді. Мейірімі мен қамқорлығы тағы бар. Өмір жолымда көбіне жақсы адамдардың кездесетіні жаныма медеу», – дейді Жантуар.
Мектептің түлегі, енді бес минутсыз студент өз сөзін жалғап: «Сарыкөлдегі ұстаздарым жыл бойы мені сабақты жақсы оқуға, жоғары білім алу жолында тырмысуға ұмтылдырды. Ал, бірінші бағыт берген, көп пəндерді қызығумен оқығаныма себепкер болған, өмір мен ғылымға позитивтік көзқарасымды қалыптастырған аяулы кісілер – Маяк мектебінің мұғалімдері», – деп өзінің он жыл бойы білім берген ұстаздарына адал пейілімен алғысын жеткізді. Бірнеше күннен соң Жантуарымыз Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Физика» мамандығы бойынша білім алуды бастайды. Талабына нұр жаусын дейміз. Оның қуанышы бəрімізге ортақ!
Баян МОЛДАБАЕВА,
Маяк НОМ мұғалімі,
Сарыкөл ауданы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!