«Жігіттер» квартеті шырқаған осы ән жолдары көпшіліктің есінде шығар. Қазақ елінде де ауызын айға білеген небір әнші, сазгерлер көп болған. Солардың бірі де бірегейі қазақтың ұлы мақтанышы – Шәмші Қалдаяқов.

«Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын тесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар», – деп Абай жырлағандай, әлдебір жақсы ән шырқалса, кез келген адам: «Мына әнді шырқап жатқан кім немесе кімнің әні екен», – деп елеңдеуі сөзсіз. Бұл дегеніміз – саз өнерінің құдіреті, тылсым табиғаты. Жақсы ән тыңдасаң жүрек басылады, ауырған жерің жазылғандай болады. Табиғатпен біте қайнасып көшпелі өмір салтын кешкен қазақ халқына да саз өнері, соның ішінде ән жанры таңсық емес еді. Мақаламызға арқау болып отырған дарынды сазгер Шәмші Қалдаяқовтың көзі тірі болғанда биыл 90 жасқа толған мерейтойын дүркіретіп тойлар еді. «Жазмыштан озмыш жоқ» дейді қазақ. Алайда артында қалған Шәмші өнерін сүйетін ұрпағы сазгердің мерейтойын атап өтуде.
Шәмші Қалдаяқов – көрнекті сазгер, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, халық әртісі. Ол 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келген. Бала кезінен бойындағы дарынын той-томалақтарда, аламан-бәйгелерде көрсете білген. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан тау суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармалары ұлттық нақышпен құнарланып, халықтың өмір салтымен біте қайнасып жатыр. Ал бұл дегеніміз – оның қазақ халқының дәстүр-салтына қанық болып өскендігіне дәлел.
Жазушы Мұхтар Әуезов Шәмші жайлы сөйлеген сөзінде оның саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір «жыл келгендей жаңалық» сезіндіретін, үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім. Бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмшінің «Ән аға» атануының сыры осында.
Сазгердің туындылары 60-70 жылдардағы жастардың аузында жүрді. Әндері бір тақырыппен шектеліп қалмады, әр түрлі жанрда, түрлі ырғақта болды. Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге деген сағыныш, адам бойындағы ұлы сезім – махаббатқа арналған әуендері терең лирикаға толы. Халық арасында отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан «Менің Қазақстаным» туындысы айрықша мәшһүр болғаны белгілі. Тарихқа көз жүгіртсек, 1986 жылы Желтоқсан көтерілісінде алаңға шыққан ұл-қыздар Алматы көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандата шырқап шықты. Сөйтіп 2005 жылдан бастап «Менің Қазақстаным» туындысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.
Шәмшінің әкесі он саусағынан өнер тамған ұста, зергер болған кісі. Анасы той-томалақтарда әуелете ән айтатын, күміс көмей әнші болған деседі. Сондықтан бұл қасиет бала бойына анасынан, нағашыларынан дарыса керек. Шәмшінің азан шақырып қойған есімі – Жәмшид. Ұлы шығыс патшаларының есімін әкесі патшадай болсын деп ырымдап қойған екен. Бірақ өмірде патша болмаса да, халық Шәмшіні «Қазақ вальсінің королі» деп атап кеткен. Оның музыка өнерінде орны ерекше 300-ге жуық әні бар. Шәмші әндері қазақ халқымен бірге мәңгі жасай береді. Жасампаз әндерді дүниеге әкелген Шәмші ағамыздың рухына мәңгі басымызды иеміз. Ұлы туындылары еліңнің мәңгі жүрегінде.
Абай Құнанбайұлының: «Өлді деуге болама айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған, – деген жыр жолдары ән аға, жан аға – Шәмші ағамызға арналғандай...
Мақпал БАЙЗАҚОВА,
Жамбыл ОМ музыка
пәнінің мұғалімі,
Ауданын табу
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!