Биыл Арқалық қаласы қаламыздың іргетасының құрылуы жолында еңбек сіңірген тарихи тұлғадан айырылды. Ол кісі 90 жасқа жақындаған шағында, үстіміздегі жылы ақпанның 15-і күні өмірден озған қаламыздың бас геологы Николай БЕГАДИЛОВ.
Николай Аштарұлын аға буын өкілдері білгенменен, кейінгі жас толқын біле бермесі анық. Ол 1961 жылы КСРО-ның астанасы Мәскеудегі кен орындарын ашу жөніндегі мәртебелі Мемлекеттік комиссияға қазіргі Арқалық аумағындағы кен орнын ашуды 3 ай бойы табандылықпен дәлелдеп, косиссия құрамына нақты деректерін ұсынып, нәтижесінде дегеніне жетіп, Арқалық қаласын ашуға қол жеткізген адам. Осы комиссия шешімінен кейін ғана Арқалық қаласы ашылған еді. Саналы ғұмырын қаламыздың өркендеуіне арнаған азаматымызды біліп жүру кейінгі ұрпаққа, жалпы бәрімізге парыз.
Н.Аштарұлымен мен 2010 жылдан бастап «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы жүзеге асырған «Ауылым – алтын бесігім» өлкетану жобасы шеңберінде бірнеше жыл қатарынан жұмыс істедім. Мектеп оқушыларымен қаншама өлкетану экспедициясын, бірнеше дүркін экскурсиялар ұйымдастырдық. Сол кезде Николай ағамыз еш уақытта жасын сылтауратып, денсаулығын себеп қылып, уәж айтып, қарсылық білдіріп көрген емес. Керісінше балалармен тауға міну керек болса тауға мініп, тасқа шығу керек болса тасқа өрмелеп, экспедиция құрамындағы ізденіс-зерттеу жұмысымен айналысып жүрген мектеп оқушыларына туған өлкенің қазба байлықтары туралы баяндап, тың ақпараттарымен бөлісетін.
Өлкедегі қымбат бағалы нефритті тастар және оның құрамы, Шеңбердегі «Байтілеу» өзенінің бойындағы тасөткелдегі аң мен құстың таңбалары бар сан алуан таңбалы тастар туралы, Маятастағы алтын қоры, қаламыздағы боксит құрамы, отқа төзімді саз балшық жайлы алғаш рет өлкенің бас геологы Николай Аштарұлының аузынан естігенде, экспедиция мүшелерінің қызығушылығы артып, осындай байлыққа толы туған жеріне деген мақтаныш сезімі бойын кернегенінің куәсі болдық.
Есімі Николай болғандықтан балалар: «Орыс па?», – деп сұрайтын. Николай Аштарұлының ұлты – қазақ, азан шақырып қойған аты – Ғизатолла. 1932 жылы сәуірдің 10-ында Новосибирь облысы, Маслянино ауданы, Маслянино ауылында дүниеге келген. Ресей жерінде дүниеге келген соң, Николай болып кетсе керек. Жалпақ тілмен айтқанда Ресейдің қазағы дейміз. Ашаршылықта Қарағанды облысынан ауып барған. 1938 жылы Шығыс Қазақстан облысына көшіп келген. 1947 жылы 7 сыныпты, 1951 жылы Семейдің геологиялық-барлау техникумын тәмәмдаған. Сөйтіп 19 жасар жас маман Торғай геологиялық барлау экспедициясына келіп, 1961 жылға дейін Амангелді ауданына қарасты осы аймақтағы кен орындарын іздеп тауып, құрамын, сапасын, көлемін зерттеп, Арқалық қаласының ашылуына қол жеткізді.
Николай Аштарұлының бойынан байқаған қасиетім: өмірге деген құштарлығы зор болатын. Жасының келгеніне қарамастан, есігінің алдындағы 10 соттық жердегі бақшаны жыл сайын жайнатып қояды. Ондағы әрбір көгөністің өсуіне ерекше қолайлы жағдайын да жасап қойған. Көгөністердің өсу ерекшелігіне де аса көңіл бөлетін. «Бақша күтіп-баптау – зейнетке шыққаннан кейінгі жаңа хоббиім», – деуші еді марқұм. Ол кісінің бойындағы адами қасиеттердің бір биігі – қанағатшылдығы жоғары еді. Осы уақытқа дейін әкімшілікті жағалап, өз еңбегін міндет етіп, кеудесін қағып, өз беделін пайдаланған жан емес.
Ол кісіге Арқалық қаласының құрметті азаматы атағының өзі осы соңғы үш-төрт жыл көлемінде ғана берілді. Ал 1961 жылдан күні бүгінге дейін тұрып келген үйі – кезінде өзі қызметтес болған, есімі көшеге берілген геолог Волков атындағы №29 үй болатын. Николай Аштарұлының көзі тірісінде, қаланың бас геологы, тарихи тұлға ретінде хәл-жағдайын сұрап, арыз-пікірін тыңдауға, жағдайын білуге келген қала әкімі Ә.Б. Асанов болғанын өле-өлгенше айтып кетті. Қала әкімінің ұсынған пәтерінен марқұм кезінде бас тартқан екен. Қазір өз үйінде қызы Фарида Николаевна тұрып жатыр. Ағамыздың жатқан жері жайлы болсын дейміз. Ал қала үшін сіңірген еңбегін бағалау – бүгінгі ұрпаққа аманат.
Гүлхашима ОРАЗОВА,
Арқалық қаласы әкімдігінің
тілдерді оқыту орталығы
директорының
міндетін атқарушы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.