Қостанай – шын мәнінде киелі өлке. Осы қасиетті топырақтан көптеген дарынды ұлдар түлеп шығып, барша ұлтымыздың мақтанышына айналды. Солардың бірі тұңғыш мүсінші Хәкімжан Есімханұлы НАУРЫЗБАЕВ та аталған құнарлы жерде өсіп, атақ-даңқы бүкіл әлемге жайылды.
Хәкімжан Есімханұлы Наурызбаев – қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі, республикадағы ұлттық монументалды өнерді жасаушылардың бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі.
Көптеген тарихи тұлғалардың мүсіндерін жасауда үлкен жетістіктерге жетті. Ол әр адамның, оның жанының бейнесін тереңірек психологиялық ашуға тырысты. Осы салада қажырлы еңбек еткен, жан-жақты зерттеулер жүргізген мүсіншінің өмір жолы адамгершілік істерге толы.
Сабақта қазақтың тұңғыш мүсіншісі Хәкімжан Наурызбаев біздің Қостанай өлкесінің тумасы екенін танып біледі.Мысалы, Алматыдағы әйгілі «Абай» мүсінінің қасына суретке түсіп, ол мүсін кімнің қолынан шыққанына да мән бермейді. Сондықтан қазақтың тұңғыш мүсіншісі жайында толығырақ мағлұмат алады. Өзіміздің жерлес дарынды тұлға Хәкімжан Наурызбаевты танып білу біздің парызымыз.
Қазақ мүсін өнерінің негізін қалаған Хәкімжан Наурызбаев 1925 жылы 27 тамызда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданының №1 ауылында кедей-шаруа отбасында дүниеге келген. Ол анасынан ерте айырылды. 1934 жылы анасы Рақыш Наурызбаева қайтыс болды. Мүсінші маманның шығармашылық жолы Алматы қаласында басталады. ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап өмірінің ақырына дейін еліміздің мәдениетіне өз үлесін қосып, табиғат дарытқан қасиетті өнері арқылы туған жұртына қалтқысыз еңбек етті.
Хәкімжан Наурызбаев өте қарапайым отбасында өсіп, шығармашылықтағы биік табыстарына тек қана өзінің адал еңбек, маңдай терімен жетіпті. Бұлардың шешесі өмірден ерте өтіп, әкесінің тәлім-тәрбиесін алыпты. Осы асқар таудай әкелері Есімхан ақсақал бұл дарынды ұлынан үлкен үміт күтіпті. Кейін есейе келе даңқты мүсінші тек Наурызбаевтардың ғана емес, барша қазақ халқының атын дүниежүзіне танытты.
Хәкімжан ата шаңырақта ардақты жар, сүйікті әке болды. Ғұмырлық серігі Арсан апамыз екеуі өте бақытты ғұмыр кешті. Бұл аяулы жан да отағасының жан дүниесін түсініп, оның суретшілік және мүсіншілік өнермен алаңсыз шұғылдануына барлық жағдайды жасады. Ол бойында талант ұшқыны бар жастарды бауырына тартты. Кезінде «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, көптеген қазақтың дарынды жігіттерін шығармашалық жағынан шыңдалуына өзінің тәлімгерлік ақыл-кеңесін беріп отырды. Қазақстанның халық суретшісі Алматы облысы Талдықорған ауданының және өзі туып-өскен Қостанай облысындағы Ұзынкөл ауданының құрметті азаматы.
Сонымен ұлтымыздың тұлғаларын тас тілінде сөйлеткен тұңғыш мүсіншісі Хәкімжан Есімханұлы Наурызбаевтың бүкіл жүріп өткен өмір жолы, шығармашылығы, мәңгілік мұра болып қалған кесек туындылары қазір арамызда жүрген барша қылқалам шеберлеріне, мүсіншілерге тағылым.
Х.Наурызбаев үнемі экспедицияға шығып отырған екен, ол тарихты зерттеген, осы арқылы өзінің болашақ туындыларын жасаған. Х.Наурызбаевтың айтқан өсиет, ақыл кеңестері алтын әріппен жазылған «қазақ өнерінің құраны» сияқты деп айтуға болатынын шәкірттері мақтанышпен айтады. Х.Наурызбаев Ы.Алтынсарин мұражайын ашуға көп көмегін тигізгендігін біреу білсе, біреу білмес. Ы.Алтынсариннің бұрын ешқайда жарияланбаған қолхаттарын табыс еткен. Сондай-ақ жерлес ақынымыз Мәриям Хәкімжанованың бюст мүсінін тарту еткен.
Хәкімжан Наурызбаев – туған халқына 300-ден астам мүсін өнерінің туындыларын ескерткіш етіп қалдырды.Кезінде «Абай» ескерткішін Алматы қаласында орнату жөніндегі мәселе суретшілер одағында көркемдік кеңесте қаралды. Бұл ескерткішті орнату ұсынысы Х.Наурызбаевқа түсті. Қазақ мүсін өнерінің қалыптастырушысы, Қазақстанның халық суретшісі, ұстаз, профессор өзінің еңбегімен қазақты дүниежүзіне танытты. Ә.Қастеев Қазақстанда тұңғыш суретші болса, Наурызбаев – тұңғыш мүсінші. Әсіресе тарихи түлғалардың мүсіндерін сомдауда Хәкімжан Наурызбаев көркем бейнелілікке, кейіпкерінің жан дүниесін психологиялық тұрғыдан тереңірек ашуға ұмтылды.
Туған өлкенің дарынды асқақ тумаларын есте сақтап, шығармаларын жадымызда сақтайық. Біз осындай асқан дарын иесімен мақтануымыз керек. Хәкімжан ағаның ескерткіші Қостанай қаласында тұр, кейінгі жас ұрпақ біліп, қастерлеп жүрер. «Адам мәңгі жасамайды. Мәңгі жасайтын – оның ісі».
Баян МУКАЛИЕВА,
Қостанай өңірлік университеті
Мектепке дейінгі және
бастауыш білім беру
кафедрасының аға
оқытушысы, п.ғ.м.
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.