Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері болып отырған кәсіби ұстаздар жетерлік.
Алғашқы еңбек жолын ұстаздық сара жолдан бастаған білікті басшы, тәжірибелі ұстаз Ахметов Әлмұрат Жұматайұлы туралы сөз қозғағым келіп отыр. Ол кісі 1978 жылы желтоқсанның 16-сында Қостанай облысы (бұрынғы Торғай облысы) Жангелдин ауданының Көкалат ауылында дүниеге келген. Әке-шешеден екі ұл, екі қыз туған. Солардың ортасында ең кенжесі, әрі еркесі болып өскен Әлмұрат Жұматайұлы өзінен үлкен аға-апаларының соңынан қалмай, бес жасында алғаш рет мектеп табалдырығын «нулевойдан» аттаған. 1995 жылы Албарбөгет орта мектебінде 11 сыныпты жақсы бағамен аяқтайды. Сол жылы Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтына қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің сырттай бөліміне түсіп, 2000 жылы тәмәмдап шықты.
Елдегі жаппай жұмыссыздықтың салдарынан 1996 жылы отбасымен Әулиекөл ауданының Тимофеев ауылына қоныс аударды. Сол жылы Тимофеев орта мектебіне мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Алғашқы ұстаздық жолын 17 жасынан бастады. Бала кезінен ойы жүйрік, сөзге шешен болып өскен Әлмұрат ағамыз бүгінде елге абыройлы қызмет істеп келеді. 1996 жылдан 2013 жылға дейін Тимофеев орта мектебінде мұғалім және 7 жылдай директордың оқу жұмысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2013-2014 жылдар аралығында Тимофеев ауылының әкімі қызметін атқарып, 2014-2018 жылдар аралығында Қостанай ауданындағда Нұржан Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясында мектеп директоры, 2018 жылдан бастап Жданов орта мектебінің директоры қызметін абыроймен атқарып келеді. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, 2018 жылдан бері Қостанай аудандық мәслихаттың депутаты және Қостанай аудандық «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің төрағасы.
Әлмұрат Жұматайұлы бала күнінен сурет салуға, өлең шығаруға жаны құмар. Бүгінде Жданов орта мектебінің бір бұрышынан шағын сурет галереясы ашылып, Наурыз мейрамында тұсауы кесілді. Ұстаздық жол мен қылқалам өнерін бірге жанына серік еткен білікті, жан-жақты басшының бұл өнерін мектеп ұжымы қолдап, мақтан етеміз. Әлмұрат Жұматайұлы шығармашылығымен қоса бойындағы қасиеттерімен дараланады. Оқушыларды жүйелі сұрақ қоя білуге үйрету және басты кейіпкеріміз жайлы мол мағлұмат бере отырып, ол кісіні көпшілікке таныстыру, мақсатында 5 «А» сыныбының ұйымдасуымен мектебімізде кішігірім танымдық кеш өткізілді. Кеш барысында оқушылар тарапынан тың сұрақтар қойылды. Олар Әлмұрат Жұматайұлы туралы біраз мағлұмат алып, ол кісінің өнеріне тәнті болды.
Қазіргі таңда Әлмұрат Жұматайұлы мектебімізде ашылған сурет үйірмесінде шәкірттер тәрбиелеп, қылқаламның, сырлы бояудың қыр-сырын үйретіп, өнерге баулуда. Жоғарыда айтып өткен сурет галлериясы ағайдың оқушылармен бірігіп жасаған жұмысының нәтижесі деп білеміз. Әлмұрат ағайдың бұдан да басқа қырлары жетерлік. Басшылығы бір төбе, жақсы ұстаз екені бір төбе, ал жақсы ақын екенін айтпасқа тағы да болмайды.
«Жақсы істің басына – жақсы келер қасына» демекші, мектебімізге Әлмұрат Жұматайұлы келген сәттен бастап біраз өзгерістер болды. Мысалы, интернет желісі, кейбір кабинеттер техникалық жабдықталып, жаңадан компьютерлер, ноутбуктар келді. Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден ерекшелендіреді. Оның қайсар, қазақи ақжарқын мінезі мен қызметіне деген адалдығы жас мамандар үшін үлгі боларлықтай.
Әлмұрат Жұматайұлының қызмет жолында жеткен жетістіктері де аз емес. Солардың бірқатары: Әулиекөл ауданының үздік қазақ тілі пән мұғалімі (2006 жыл), Қостанай ауданы әкімдігі Кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы (2002 жыл), Облыстық білім басқармасынан, Аудандық білім бөлімінен бірнеше грамоталар, аудан әкімінен, ҚР Білім басқармасынан Алғыс хат, ҚР Білім және ғылым министрлігінен Алғыс хат, сондай-ақ ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Алғыс хатымен марапатталған. Әлмұрат Жұматайұлы «Өткенге қарайлап емес, болашаққа қарап өмір сүр» деген өмірлік ұстанымда. Бұл күндері ол кісі нағыз ұстаз ғана емес, өз отбасының мәуелі бәйтерегі, үш баланың ардақты әкесі.
Айман ҒАБДУАХИТОВА,
Жданов ЖББМ ағылшын
тілі пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.