Ұстаз есімі әр адамның жүрегіне ерекше нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. Бұл ұғым әр адам үшін қасиетті де қадірлі.
Серік Ғибранұлы
«Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөзбен ұштасып жатады. Ұстаздық, мұғалімдік, бұл – ең қиын әрі қызықты мамандық. Әркімнің өз дара жолы бар екені белгілі. Бүгін ұстаз жайлы ой толғауыма себепкер болып отырған Сосновка негізгі орта мектебінде аттай 40 жыл үзбей еңбек етіп келе жатқан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі құрметті ұстаз, ұлағатты әке, бүгінде зейнеткерлік жасқа жеткен Серік Гибранұлы.
Ардақты ұстаз 1958 жылы ақпанның 23-інде Сосновка ауылында Гибран отбасында дүниеге келіп, 1965 жылы сол ауылдағы орта мектепке 1-сыныпқа қабылданады. Орта мектепті ойдағыдай аяқтап, Қостанай қаласындағы сельхоз техникумға оқуға түседі. 1976 жылы Отан алдындағы борышын атқару үшін әскерге алынып, 1978 жылы абыроймен өтеп, оқуын жалғастырады. 1980 жылы мамандығы бойынша Федоровка мектебінде мұғалім болып қызмет істейді.
Сол жылы Ғалия есімді аруға үйленіп, анасының өмірден өтуіне байланысты туған ауылы Сосновкаға келіп, жұмысын жалғастырады. Ондағы ойы қарт әкесі мен шиеттей жас қалған бауырларына қамқор болу еді. Жолдасы Ғалия апамыз екеуі сол бауырларын жетілдіріп, бір-бір үй болуына барынша ат салысты. Әр адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілігі болатыны сияқты, Серік Гибранұлының еңбек жолы сан қырлы болды. Шәкірт тәрбиелей жүріп, ұстаздық жолын шығармашылықпен ұштастыра білді.
Көптеген спорт шеберлерін, жүлделі орынға ие болған жас спортшыларды дайындап, биік шыңдарға көтерді. Сосновка негізі орта мектебінен түлеп ұшқан шәкірттері шахматтан облыстық, республикалық 1, 2-орындарды бағындырды. Атап айтсам: Н.Серікова – ҚР чемпионы, 9 рет жүлделі орынға ие болған спорт шебері; Е.Қабдрахман – облыс чемпионы, екі дүркін ҚР чемпионы, 13 рет жүлделі орынға ие болған спорт шебері; А.Сәрсенбаева – республикалық дойбы ойындарда жүлделі орынға ие болған; М.Багитжановтай шәкірттері бүгінде білім ордаларында жұмыс істеп жүр. Мектебіміздің атын облыс, республикаға танытып жүрген шәкірттеріміз де баршылық. Олардың қатарында Б.Исмагулов (9-сынып), К.Клышбаева (7-сынып), А.Ибраева (7-сынып), Г.Исмагулова (6-сынып) бар. Бұл оқушылар мектебіміздің оқу озаттары, мақтаныштары.
Серік ағай дойбыдан ұлттық дәрежедегі төреші. Тәуелсіздік мерекесіне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан елеулі еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Жан жары Ғалиямен екі қыз, бір ұлды тәрбиелеп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, немерелерінің тәтті қылықтарын қызықтап отырған бақытты ата-әже. Күні кеше туған күнімен қоса келген зейнет жасымен құттықтай отырып, ағамыздың деніне саулық, жанұясына бақыт тілейміз.
Зауреш ЕСЕНҒАБЫЛ,
Сосновка НОМ қазақ
тілі пәнінің мұғалімі,
Әулиекөл ауданы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.