Марапат бигінен табылған жан

Выпуск - №1-2 (498-499)   :   14.01.2022
433

Әр адамның өмірінде оның кәсіби қасиеттерін не болмаса мінезі мен дүниетанымын қалыптастыруға айтарлықтай әсер ететін адамдар болады. Біздің ұжымда шеберлігімен көпке үлгі бола білген тиянақты педагог Алтыншаш Есетова жұмыс істейді.

Оның бойында нағыз педагогке тән барлық қасиеттері бар: дарындылық, жан жылуы, әйел сұлулығы, ақыл, сезімталдық, шыдамдылық және таусылмайтын шабыт. Осы орайда Л.Н. Толстойдың: «...жақсы мұғалімге тек екі қасиет қана жеткілікті: терең білім және мейірімді жүрек», – деген сөздері есімізге түседі. Себебі осы қасиеттер жастардың тәжірибелі тәлімгері, еңбекқор адам, сенімді дос және шебер әріптес Алтыншаш Қарабайқызының бойында табылады. Оны мектепте талантты мұғалім, облыста, ауданда сауатты, керемет маман ретінде құрметтейді.
Жылдар бойы саналы шәкірт тәрбиелеп, оқушыларын биікке жетелеп келе жатқан Алтыншаш Қарабайқызының өзіне де мейірімді жүрегі, қажымас қайраты мен  әдістемелік шеберлігі үшін үздік бағаларды қоятын уақыт келді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Алтыншаш Қарабайқызы жоғары марапатқа ие болды, өткен жылдың қараша айының 19-ында Нұр-Сұлтан қаласында оған «Қазақстанның Құрметті азаматы» төсбелгісі мен куәлігі табыс етілді.

Мұндай марапат жемісті қызметтің, кәсіби міндеттерді мінсіз орындаудың, қоғамдық өмірге белсене араласып, азаматтық борышты абыроймен орындаудың және Қазақстанның әл-ауқаты мен гүлденуіне өз саласында лайықты үлес қосудың жемісі. Бұл Алтыншаш Қарабайқызының бірінші марапаты емес, оның қоржынында «Қазақстанның Құрметті мұғалімі» ордені, «Қазақстанның үздік мұғалімі» медалі, «Көшбасшы педагог» медальдері бар. Сонымен қатар ол Меңдіқара ауданының Аналар кеңесінің төрайымы. Марапат биігінен табылған әріптесімізді құттықтай отырып, шәкірттерінің құрметі мен махаббатына бөленіп, шығармашылық ізденістері, ғылыми жаңалықтары арта берсін дейміз.


Боровской облыстық санаторлық
мектеп-интернатының ұжымы,
Меңдіқара ауданы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.