Меңдіқаралық тыл ардагері – 93 жаста

Выпуск - №17(565)   :   05.05.2023
591

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майдандағы сарбаздар соңғы демі қалғанша жан аямай күрессе, тылдағы еңбек те толас тауып көрген жоқ. Жеңіс күні – соғыс кезінде тылда бел жазбай еңбек еткен тыл ардагерлерінің де мерекесі екені айқын.

«Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деп ұрандап, ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуына байланысты, олардың орнын елде қалған қариялар, әйелдер мен балалар басты. Осылайша сарбаздарды азық-түлікпен, шикізатпен елде қалған әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз еткені тарихтан белгілі. Осы орайда Меңдіқара ауданының балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің басшысы Мұрат Турағұловтың бастамасымен, «Жас қаламгер» үйірмесінің жас тілшісі Азат Серікбай «Еңбеккерлер ел есінде» атты іс-шара аясында еңбекке ерте араласып, тылдағы тірліктің бел ортасында жүрген сондай жандардың бірі – бүгінде Боровской ауылында тұратын көненің көзі, асылдың сынығы, тыл еңбеккері, 93 жастағы әжеміз Жүнісова Торқа Нұрғалиқызының қал-жағдайын біліп, сұхбат алуды жөн көрген-тұғын.

1930 жылы қазан айының 10-ы күні Меңдіқара ауданына қарасты Қаражар ауылында дүниеге келген Торқа Нұрғалиқызы еңбекке ерте араласты.

– Ес біліп қалған кезде соғыс басталды. Ауладағы жалғыз сиырды сауып, майы мен қаймағын майдан даласына жөнелттік. Майданда жүрген солдаттарды азық-түлікпен, керек-жарақпен қамтамасыз ету үшін еңбекке ерте араластық. Қаражар деп аталатын ауылымыздағы соғысқа жарамды, еркек кіндіктінің барлығы майданға аттанды. Анаммен бірге өгіз айдап, жер жырттық, егін егіп,оны буып, бидай-тарыны майданға жөнелтуге атсалыстық. Бар жиған-тергеніміз соғыстағы жауынгерлерге тиесілі еді. Соқамен жер жыртып, сабан айдайтынбыз. Қара жұмыстан қашпадық. Азаттықты ғана аңсадық... Жеңіс үшін тер төгіп, жеңіс үшін жігерлендік. Ерлеріміз Отанды қорғаса, біз елде отырып оларға тілекші болдық. Бүгінгі бейбіт күнге мың да бір шүкіршілік ету керек. Лайым тыныштық болсын! – дейді ардагер.

Басына түскен ауыртпалықты көтеріп, қиыншылықтарды жеңе білген, ғасырға жуық өмір сүріп келе жатқан аяулы әжеміз бүгінде өзінің ұрпағына өмірдің түзу жолын сілтеп, оларды Отанына, туған халқына адал еңбек етуге тәрбиелеуде. «Ер есімі – ел есінде» демекші, Торқа әжеміздің тылдағы еңбегі бүгінгі таңда еленіп, «Еңбек ардагері», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен және де «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 60, 65, 70, 75 жыл» мерекелік медальдарымен, «Батыр ана», «Алтын алқа» медальдарымен, Алғыс хаттарымен марапатталған әжеміз қазіргі таңда немере-шөберелерінің ортасында жарқырап отырған ақылшы да дана кейуана.

Жастайынан газет-журнал, кітапты көп оқығаннан бертін келе көзінің көруі нашарлапты. Әйтпесе денсаулығымен дәрігерге шағымданып көрген емес. Ешкімнен ештеңе күтпейді. Алладан ұрпақтарының амандығы мен елдің тыныштығын тілейді. Тылдан кейін қоғамға еңбек еткен ардагер марапат пен абыройдан кенде емес.

– Мәселе марапатта емес, адамның адамға деген құрметінде. Қиыншылықтар келеді, кетеді. Ал, халқымыз уақытша қиындықтарды ынтымақ-бірліктің арқасында еңсерері анық. Бұрын да солай болған, бүгін де солай, болашақта да солай бола береді. Біздер, қариялар, осыны көпке, ұрпағымызға ұғындыруымыз қажет, – дейді тоқсаннан асқан тыл ардагері бізге батасын беріп.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлерінің есімі, тарихтың парағына, алтын әріптермен мәңгіге жазылып қалары анық. Жыл өткен сайын ардагерлеріміздің қатары сиреп, азайып бара жатыр. Көзі тірісінде құрмет көрсетіп, сыйлай білу – кейінгі ұрпақ – біздің парыз. Ұрпақтарының бейбіт күнде өмір сүруін аңсаған ата-бабаларымыздың жасаған ерлік істері мен еңбектері мәңгі ел есінде қала береді. Қасиетті жерімізге соғыс қаупі төнбей, еліміз мәңгі жасасын!


Айдос ҚОСТАНАЙ,
Меңдіқара ауданының
балалар және жасөспірімдер
шығармашылық үйінің
қосымша білім беру
педагогі

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.