Жалындаған жастық шақ адам өмірінің ерік-жігері бойда тасыған толағай табыстарға жетелейтін зор мүмкіндіктер кезі. Оны әркім өз бейімділігіне лайықтап іске асырады. Жас болса да еңбекқорлығымен көзге түскен колледжіміздің түлегі, өзгелерге үлгі жас маман – Гүлмира ҚАМИ.

Ол оқушы кезінде-ақ мұғалім болуды арман еткен. Оған себеп: барлық сабақты үздік оқып қана қоймай, сыныптастарына да күрделі тақырыптарды түсіндіруде алдына жан салмайтын ерекше қасиетін байқаған сүйікті сынып жетекшісі Гүлжазира Ғинятқызының: «Сенен жақсы мұғалім шығады», – деген сөздеріне айрықша мән беруінен басталды. Кейін оқу аяқтаған соң, ойланбастан колледжге мұғалімдікке тапсырды. 2018 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжін «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша үздік тәмәмдап шықты.
Гүлмира колледж қабырғасында да өзінің білімге құштарлығымен ерекшеленді. Барлық сабақтан өте жақсы оқыды. Бойындағы жоғары адами қасиеттері оны қатарластарынан озық қылды. Әсіресе қарапайымдылығы, әр істе жауапкершілігі мен еңбексүйгіштігі – ол тәрбиеленіп өскен отбасы мықты тәрбие мен жүйелі тәртіптің ошағы болғанын аңғартады. Асқар таудай әкесі Мәлік Қамиұлы саналы ғұмырын ішкі істер қызметіне арнап, бүгінде зейнеттік демалыста болса, аяулы анасы Жадырагүл апай тәжірибелі есепші болып қызмет етеді. Олар балаларына: «Кім болсаңдар да, ең бастысы, адамдық қасиетті жоғары қойыңдар. Ешқашан өтірік айтпай, тек ақиқатпен дос болыңдар», – деп үнемі айтып отырады. Бұл құнды кеңестерді өмірлік ұранына айналдырған Гүлмира бүгінде қаламыздағы Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.
Оның бұл мектепте қызмет еткеніне де көп уакыт өте қойған жоқ. Алайда ауыз толтырып айтарлықтай үлкен кәсіби жетістіктерге жетіп, шыңдалу жолында дараланып келеді. Соның бірнешеуін атап өтер болсам, республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» сайысының облыстық кезеңіндегі жеңісі, кейін «Үздік жас маман» сайысының төсбелгі иегері болуы. Сонымен қатар жыл қорытындысы бойынша мектепте «Үздік жас маман-2020» атануы оның осал еместігін байқатады.
Ол үнемі дер кезінде ақыл-кеңестерін айтудан жалықпайтын әріптестерін құрметтейді. Сонымен қатар мектеп басшылығына да ерекше риза. Себебі мұнда жас мамандардың өзін көрсетіп, өрлеу, шарықтау шыңына жетуіне бар жағдай жасалған. Тек жас маманның бойында ынта-жігер, талпыныс болса, алынбайтын қамал жоқ екеніне көз жеткізе білді. Мектеп ұжымы ұйыған бір отбасының мүшелеріндей бір-біріне шынайы жанашырлық танытып, ынтымағы жарасып, жұмыс істеп келеді. Гүлмира да сол қамқорлық пен қолдауды үнемі сезінеді.
Абай атамыз: «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» демекші, Гүлмира өзін өмірде жолы болған жан деп есептейді. Себебі оның жақсы тұлға болып қалыптасу жолында өзін тек сүйіспеншілікпен аялап өсірген ардақты ата-анасы, қабілет-қарымын дамыта білген білімді ұстаздары, тіпті бірге армандап қиял бағын аралаған адал достары да көп.
Ол білімді де білікті маман ғана емес кішіпейіл, адамгершілігі мол ақжарқын жан. Мамандығын мақтанышына айналдырған Гүлмираның алдағы жарқын болашаққа қойған мақсаты – саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде үнемі үздік болу. Ол үшін ұшқыр қиял, ұтқыр ой, тынымсыз ізденіс пен жаңашылдық жаршысы болу керек екенін жақсы түсінеді. Гүлмирадай жас маманның белді бекем буған құлшынысы мен сенімді нық басқан қадамдарын бағамдап, болашақта нағыз ұлағатты ұстаз болатынына сенімім мол.
Индира ЖАЙЛАУБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Рудный әлеуметтік-гуманитарлық
колледжінің арнайы пән
оқытушысы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.