Көзі тірісінде көптеген тұлғалардың еңбегі өз дәрежесінде бағаланбай жатады. Бүгін саналы ғұмырын Торғай өлкесінің тарихи-мәдени ескерткіштерін өмірге әкелуге арнаған табиғатынан өте дарынды, іскер тұлға жайлы жазбақпын.
Сарыарқаның солтүстік-батысын алып жатқан қарт Торғайдың тарихындағы батыр, ғалым, ақын, жазушы, қарапайым еңбек адамы да – Әбілбек Ұзақұлының кейіпкерлері. Ол кісі 1936 жылы қазанның 31-інде Амангелді ауданына қарасты Байғабыл ауылында дүниеге келген. Жастайынан өнерге бейім азамат Алматы қолөнер училищесінде білім алып, белгілі өнер қайраткері Хакімжан Наурызбаевтан тәлім алған.
Тарихи тұлға жайлы туындыға қалам тарту барысында көз көрген ағалардың естелік сөзін басшылыққа алып, өткен күнге көз жүгірткен болатынбыз. Иә, баспа бетіндегі «Еңбегінің еленбегенін елемеген мүсінші» атты Рәзия Бикеновамен сұхбат барысында алғашқы еңбек жолының бастауы жайлы өз аузынан сөз қалған екен. Мүсінші естелік сұхбатында:
– Менің кәсіпқой мүсінші болуыма белгілі суреткер Хакімжан Наурызбаев себепші болды. Алматыда Аманкелді Имановтың 90 жылдығына орай батырдың ескерткішін тұрғызу белгіленіп, батыр бейнесін жасауға тапсырыс алған Хакімжан Наурызбаев 1958 жылы Батпаққара өңіріне келіп, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, Аманкелді батыр туралы деректерді жинай бастайды. Әрі алыстан арнайы келген мүсіншіге аудан басшылары Мырзағали Алтынбаев, Еркін Шәйкенов, Намазбай Әмзин, Досан, Қошан Есболовтар, Бисапақ Шаяндин, Әбу Сыздықов сияқты ел мақтаныштарын – Социалистік Еңбек Ерлерінің бейнелерін сомдауын өтініш етеді. Сол кезде құрылғандарына отыз жылдай болған, қатар жатқан егіз ел – Аманкелді Иманов, Әліби Жанкелдин аудандарының халқы қазақтың бар даласын ұлы дүрмекке айналдырған азаттық күресіне қатысушылардың да, көтеріліс көсемдерінің де бейнелерін қастерлеп жадында сақтаған, ереуіл куәлері жеткілікті болатын. Хакімжан аға бір айға тарта уақыт бойы естеліктерді сұрастырып, жинастырып жүрді. Кім біледі, егер мені жүргізуші етіп сол кісіге көмекке бөлмегенде, мүсінші болар ма едім, болмас па едім, – деген болатын.
 ұстазы, қазақтан шыққан тұңғыш мүсінші Хәкімжан Наурызбаевпен.jpg)
Әділбек Ұзақұлы (оң жақта) ұстазы, қазақтан шыққан тұңғыш мүсінші Хәкімжан Наурызбаевпен
Ұлағатты ұстаз шәкіртінің бойындағы талантты тани біліп, бұлақтың көзін ашу арқылы тарихи тұлғаны қалыптастыра білді. Алматыдағы Гоголь атындағы көркемсурет училищесіне түсуге кеңес берген де ұстазы болатын. Әбілбек Ұзақұлы елу жылға тарта шығармашылық еңбегінде Сары Қошқар батыр, Төлек Жәуке батыр, Аманкелді батыр, Құлан Кейкі батыр, Иман батыр (Аманкелдінің атасы) сияқты ел қорғаған батырлар, Қайнекей Жармағамбетов, Ақан Нұрманов, Әнуар Боранбаевтай әдебиет, өнер майталмандарының, ел ағаларының мүсіндерін жасап шығарды. Мүсіндердің ең үлкені – Арқалық қаласы әкімдігі ғимаратының алдындағы Аманкелді Иманов батырдың монументальды ескерткіші. Биіктігі – 6 метр, тұғырының биіктігі де сондай.
Қазақстанның Халық суретшісі, ұлттық монументтік өнердің негізін қалаушылардың бірі Хакімжан Наурызбаевтың шәкірті келешек ұрпаққа 80-ге таяу ірілі-ұсақты ескерткіш, мұра қалдырды. «Өмірдегі, өнердегі ұстазым – әкем еді», – деген Сапарбек Әбілбекұлымен ой отауда тілдесу арқылы әке арманын жалғаған ұрпақты көре алдық. Ағамыз өз сөзінде Арқа жерінің төрінен мүсін өнерінің майталманына мұражай тұрғызу жоспарда бар екендігін айтып өтті. «Бабалар аманаты – ұрпақтар жүгі» демекші, тума талант өнерін дәріптеу – басты парызымыз болмақ.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие
Тарих пен тағылым тоғысқан күн
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».