Адам өміріндегі ең қастерлі жан – ана. Ана – өмірдің бастауы, мейірімнің қайнар көзі, отбасының шырағы. Ал ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз ана – бала жүрегіне білім мен ізгіліктің дәнін себеді. Менің анам Мұқанова Сәуле Төлеуқызы – сондай жандардың бірі.
Саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнап, өмірінің соңғы күндеріне дейін бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарған анамның өмір жолы – біз үшін адалдықтың, еңбекқорлықтың, сабырлылықтың және шексіз мейірімнің үлгісі бола білді. Аяулы анам Сәуле Төлеуқызы – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының «Математика» мамандығы бойынша түлегі. Ол үшін ұстаздық – мамандық қана емес, саналы ғұмырын арнаған өмірлік мұрат, жүрек қалауымен таңдаған қасиетті жол болды. Білім мен тәрбиені қатар ұстаған анам шәкірттеріне сапалы білім беріп, бойларына адамгершілік құндылықтарды сіңіруге бар күш-жігерін салды. Оның ұстаздық жолы – өмірінің мәніне, халқына қызмет етудің жарқын үлгісіне айналды.
Алғашқы еңбек жолын Амангелді орта мектебінен бастаған анам өмірінің соңғы күндеріне дейін, тіпті сырқаттанып жүрсе де, Жангелдин ауданындағы Тәуіш бастауыш мектебінде ұстаздық қызметін адал атқарды. Сонымен қатар Қарғалы, Тоқанай, Тентексай бастауыш мектептерінде де еңбек етті. Ұлы ойшыл Ахмет Байтұрсынұлы: «Мектептің жаны – мұғалім», – деген екен. Осы бір қанатты сөздің мәні мен мағынасын анама қарап ұғындым. Себебі ол мектепті өз үйіндей, ал оқушыларын өз балаларындай көрді. Ұстаздық оның мамандығы ғана емес, өмірлік ұстанымы, жүрек қалауы болды.
Ұстаз үшін ең үлкен марапат – шәкірттерінің жетістігі. Анамның жүздеген шәкірті бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Олардың арасында дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер, заңгерлер, өнер адамдары, әскери қызметкерлер, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер бар. Кездескен сайын: «Біздің алғашқы ұстазымыз сіздің анаңыз еді», – деп құрметпен еске алады. Осындай сөздерді естіген сайын анамның еңбегінің еш кетпегеніне көз жеткіземін. Мен анамды мақтан тұтамын. Оның өмірі маған адал еңбек етудің, қарапайым болудың, адалдықтың мәнін үйретті. Бұл күнде жеткен жетістіктерімнің қай-қайсысы да анамның берген тәрбиесі мен ақыл-кеңесінің жемісі деп білемін.
Арамызда болмаса да, анамның жарқын бейнесі жүректе мәңгілік сақталады. Оның мейірімді жүзі, сабырлы үні, ақылға толы сөздері ешқашан ұмытылмайды. Әр жетістігімнен оның берген тәрбиесімен қоса өмірлік өнегесін сезінемін. Анамның ғибратты ғұмыры мен үшін ғана емес, оны таныған барша жанға үлгі болып қала береді. Ұстаздың еңбегі шәкіртінің бойындағы білім мен тәрбиеден көрініс тауып, жылдар өткен сайын жалғасын табады. Анам да бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнап, талай шәкірттің жүрегіне білім мен ізгіліктің шырағын жаққан жан еді. Оның ұстаздық жолын бүгінде балалары да жалғастырып келеді. Қостанай облысының мектептерінде әртүрлі пәндер бойынша кейінгі ұрпаққа білім мен тәрбие беруде.
Ұстаз атына лайық ғұмыр кешкен анамның еңбегі ешқашан ұмытылмайтынына сенімдімін. Оның жарқын бейнесі, мейірімді жүрегі, шәкірттеріне деген шексіз қамқорлығы мен ұлағатты ұстаздық жолы біз үшін ғана емес, оны таныған әріптестері мен шәкірттері үшін де мәңгі өнеге болып қалады. Артында қалған игі істері, аялы тәрбиесі, өнегелі сөздері мен тәрбиелеген шәкірттері – өмірінің жалғасы әрі ең құнды мұрасы. Анам жаққан білім шырағы шәкірттерінің жүрегінде, ұрпағының бойында әлі де жарқырап жана бермек.
Қаламқас ДУЛЫБАЕВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын А.Байтұрсынұлы атындағы
жалпы білім беретін
мектептің математика пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.