«Өнер әрдайым жүрегімде...»

Выпуск - №26 (422)   :   26.06.2020
240

Шәкіртің шыңға шықса, өзің сол биікке жеткендей қуанатының рас. Сондай жанның бірі колледждің ғана емес, қаламыздың да мәдени өмірінде өз өнерімен белсенді болған дарынды түлегіміз – Фариза КУЛИМБЕТОВА.

Уақыттың тегершігі тоқтаусыз айналып жатыр. Ол оқу бітіргелі де біраз жыл өтіп, арамыз алшақтағаны рас. Колледжде оқыған жылдарда бойындағы өнерімен сахнаның сәнін келтірген дарынды қызға сұхбат барысында қойған алғашқы сұрағым да осы өнер жайында болды. «Өнер саласында жүрген шығарсың?», – деп едім. Ол: «Өнер әрдайым жүрегімде», – деп жауап берді. Көңілім орнына түскендей болып, әлі де өнерді жанына серік еткеніне жүрегім жылыды. Дарын десе жарық дүние есігін ашқан сәттен Жаратушының бойына дарытқан шынайы қабілеті бар.

2009 жылы Лисаковск қаласынан білім қуып, педагогикалық колледжге оқуға түскенде қуана қоймағаны рас. Себебі дәрігер болуды бала кезден армандаған. Алайда сәтін салып мұғалімдік мамандыққа жол ашылды. Оқу жылының алғашқы күндерінен бастап-ақ талабының таудай екенін байқатты. Өнерді жүрекке дөп жеткізе білетін жігерлі жас курстастарының арасында осы ерекше қабілетімен де дараланды. Сабақта да алғырлық танытатын.

Колледж – нағыз білім мен тәрбиенің ошағы. Тақырыптық мерекелік іс-шараларда Фариза тамылжыта ән шырқап, көрерменді өзіне еліте алатын. Сондай-ақ қара сөздің қадірін білетін де қабілеті бойында бар екендігін жасыра алмаспын. Ақиық ақындардың отты өлеңдерін мәнерлеп оқуы да мақтауға тұрарлық. Әншілікпен жүргізушілікті де қатар алып жүрген Фаризаны қаланың мәдениет бөлімі ауқымды концерттерге арнайы шақыра бастады. Тамаша өнер көрсетіп қана қоймай, жаны сұлу жаңа достар тапты. Ең қызығы ата-анасынан дарыған әншілік қасиеті бола тұра, әнші болуды мақсат тұтпады. Алғашқы еңбек жолын Рудный қаласындағы түзету мектеп интернатынан бастаған. Алайда арманы – құрғақ қиял болып қалмады. Шынайы армандап, оған жету жолында мақсат қоя білген адам қалаған биігіне жетеді.

Бүгінде Фариза Қостанайдағы №3 ауруханада психолог болып жұмыс істейді. Науқастардың тәнін емес, жанын емдейді. Әншіліктен де қол үзбей келеді. Жұмыс орнында мерекелік кештерде әуелете әнін шырқап, талайды тамсандырып та жүр. Кәсібің өзіңе ұнаса ғана жаның тыныштыққа, рахатқа бөленеді емес пе. Фариза да қызметін ерекше құштарлықпен атқарады. Бұл жолда бар білгенін үйрете білген ұстазына – әріптесі Абаева Гүлшарат Әуезханқызына алғысы шексіз.

Фаризаның тал бойында тұнып тұрған, өзгелерге үлгі болар қасиеттері жетерлік. Ол спортты да жанына серік еткен. Қолы қалт ете қалса әдеби кітаптарды оқуды әдетке айналдырса, оған қоса қолөнер шеберлігі тағы бар. Бастауыш сынып мұғалімі ретінде ақылы қосымша сабақтарды да жүргізеді. Иә, біздің Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінен ұшқан әрбір түлек осылай өнер мен кәсіпті таразының басындай тең ұстай біліп, елге қалтқысыз қызмет ете білсе, мақтанышпен еске алып, айналамыздағы жандарға кеудемізді кере отырып: «Бұл бала біздің шәкіртіміз!», – деп айтып отырарымыз анық.


Индира ЖАЙЛАУБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
РӘГК-нің арнайы пәндер
оқытушысы, п.ғ.м.

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.