Тағылымдық кездесу

Выпуск - №12(358)   :   27.03.2019
356

Жуырда С.Мәуленов атындағы гимназияда «Өлеңім менің – Ай, Күнім» деген атаумен белгілі қазақ ақыны, Қазақстан Жазушылар Одағының белді мүшесі, жазушы, драматург, көсемші-журналист, жерлесіміз Ақылбек Шаяхметпен кездесу өтті. Шараның басты мақсаты – Ақылбек Шаяхметтің өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, жас ұрпақтың поэзияға, жерлес ақындарымызға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 

Тағылымдық басқосу барысында оқушылар Ақылбек Қожаұлының өмірі мен шығармашылығы, марапаттары мен қызметі жайында сөз қозғап, ақынның жауһар жырларын мәнерлеп оқыды. Айта кетер жайт, аталмыш шара жас оқырмандардың байқауы ретінде ұйымдастырылып, оған Ақылбек ағайдың өзі төрелік етті.

Байқау нәтижесінде қатысушылар үш аталмым бойынша марапатталды. Өлең оқуда актерлік шеберлік танытып, «Шебер актер» аталмында 5 «Б» сынып оқушысы Камилла Медеева («Жүрек әні»), 9 «А» сынып оқушысы Бақдәулет Өтеген («Қазақ қызы») және 7 «Б» сынып оқушысы Камилла Дускеева («Ақынға») марапатталды. Ақынның қанатты жырларын жүрекке жеткізіп, «Мәнерлеп оқудың жарқын жұлдызы» аталымына 7 «Б» сынып оқушысы Анеля Алшоразова («Атамекен»), 8 «Ә» сынып оқушысы Алина Абилкайырова («Өмір кейде әуе жолы секілді»), 8 «Ә» сынып оқушысы Аружан Жақсылықова («Ана тілім») ие болды. Және соңғы «Мәнерлеп оқудың хас шебері» аталымына 9 «А» сынып оқушысы Нұрай Нұрлан («Зағип») мен 5 «Б» сынып оқушысы Дамира Ғазиз («Ата болу бақыт екен») лайық деп танылды. Сонымен қатар, ақынның өмірі мен шығармашылығын зерделей білген 5 «Б» сынып оқушылары Аруна Абаева мен Диляра Базылкан да марапаттан құр қалмады.

Кеш барысында Ақылбек Қожаұлы жастарға сиясы әлі қанбаған өлеңдерін оқып, құнды рухани тәрбие нәрімен сусындатты. Артынша шығармашылық кеш сұрақ-жауап түрінде өрбіп, оқушылар көкейде жүрген сауалдарына нақты жауап алды. Қаламгердің пікірінше, өмірдегі басты құндылық – кемеңгер Абай атап өткен «толық адам» болып қалыптасып, нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат иесі атану.


Айнұр МҰРАТҚЫЗЫ,
С.Мәуленов ат. гимназия
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.