Тарихи тұлғаға ескерткіш қойылды

Выпуск - №38(535)   :   30.09.2022
755

«Білімнің шырағы, сұлулықтың шынары» атанған жерлесіміз Нәзипа Құлжанова есімін біреу білсе, біреу біле бермейтіні өкінішті-ақ. Мектепке дейінгі білім берудің негізін қалаушылардың бірі ретінде бала тәрбиесінде назар аударылатын басты қағидаларды анықтаған алғашқылардың бірі.

Н.Құлжанова өз еңбектерінде мектепке дейінгі тәрбиенің басты бағыттарын «Тән саулығы», «Баланың сырт сезімдерінің дамуы», «Заттың түр-түсін ажыратуы», «Бала тілінің шеберлігі», «Баланы еңбекке дағдыландыру», «Баланың әдемілік сезімін ояту», «Бала ойындары мен ойыншығы», «Баланы көпшіл болуға баулу» деп жіктей келіп, осы мәселелердің әрқайсысының мән-мағынасын ашып талдайды.

Н.С. Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы бір ірі көрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабі. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап, әдістемелік құрал ретінде ұсынылған. Нәзипа Сегізбайқызы дәрігерлік арнайы білімі жоқ болса да көптеген әдебиеттерді ақтара келе, бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестерді рет-ретімен оқушысына, қалың көпшілікке ұсынып, қазақ тарихында есімін қалдырған еліміздің көрнекті ұстазы.

Сондай ақ, Нәзипаның басты еңбегінің бірі, Ұлы Абайды бай шонжарлардың ақыны емес халықтың ақыны ретінде халқымен қайта қауыштырған, елімізде Абайға арнап тұңғыш кеш өткізген Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованы біз мақтан етуіміз керек. Құлжановтардың өз заманында еліміздің ағарту ісіне сіңірген еңбегін осы уақытқа дейін Республика бойынша көтеріп, дәлелдеп жүрген кісілердің бірі де бірегейі Мұратқали Камалұлы еді. Өкінішке қарай ол кісі де бұл заманнан өтіп кетті. Ұлы бабаларға тағзым ету әрбір ұрпақтың басты парызы сол парыздың бірі бүгін ақталғандай. Оған дәлел Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттер үйі алдына, сәулеті мен салтанаты жарасқан Нәзипа Құлжанова бюсті орнатылды. Бюст Мұратқали Камалұлының көзі тірісінде армандап кеткен Нәзипа Құлжановаға арнап ескерткіш орнату арманы бүгін орындалды.

Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист, ағартушы этнограф бюсті Нәзипа Сегізбайқызының 135 жылдық мерейтойына арналды. Бюст мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылды. Жобаға тапсырыс беруші Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі. Ал жобаны орындаған Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жанынан құрылған «Жасампаз – жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі. Шараға Н.Құлжанова немере сіңлісі Болтай Мұратқалиқызы және немере інісі Камалов Жарқын Мұратқалиұлы, Арқалық қаласы әкімдігі қызметкерлері, баспасз қызметкерлері мен қаланың мәдениет өкілдері және қала құрметті азаматтары мен ақсақалдар, ел ағалары құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Шара барысында қала әкімінің орынбасары Түбекбай Ғабсалықұлы Аубакиров қатысып, тарихи нысанның ашылуымен қала халқын құттықтады. Іс-шара барысында Нәзипа Құлжанованың немере сіңлісі Камалова Болтай Мұратқалиқызына естелік сөз берілді. Салтанатты шарада ескерткіш ашылып, гүл шоқтары қойылды, тарихи тұлғаға тағзым жасалды.Колледж қабырғасында құрылған «Нәзипа ізбасарлары» үйірме мүшелері сөз алып, Құлжанова еңбектерімен таныстырды. Шараға қатысқан барлық қонақтарға Н.Құлжанова мүсінделген кәдесыйлар таратылды. Тарихи тағлымды шара бабалар рухына тағзым ретінде есте сақталары сөзсіз.


Гүлхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.