Ұлағатты ұстаз. Ана. Жар.

Выпуск - №9(506)   :   10.03.2022
384

Бұл кейіпкер шыдамдылық пен табандылықты өмірлік ұстанымы ретінде қабылдаған жайсаң жан. «Білім – ырыстың тізгіні» деген қағиданы жанына серік ету арқылы терең білімі, жаңашылдығының арқасында ұжымында абыройы асқақтаған тұлға.

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі», – деп Ыбырай Алтынсарин атамыз бекер айтпаса керек. Осы орайда жаңашыл ұстаз Умитай Мырзабекова үнемі алға жылжып, дамып, өсіп отыруды көздейтін, саналы ғұмырында ізденісін тоқтатпайтын, өзгелер қолдау үшін әркез шынайы бола білетін, ұжымға деген қарым-қатынасымен, біліктілігімен, табандылығымен ерекшеленіп келеді.

Умитай Мырзабекова 1980 жылы жалпы білім беретін орта мектепті алтын белгімен бітірген. 1981-1985 жылдары Ташкент мемлекеттік педагогикалық институттың математика факультетін тәмәмдап, сол жылдан бері математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Осы бағыттағы еңбек жолын 2014 жылдан Рудный қаласындағы №15 мектепте жалғастырды. Баланы құрметтеу, сыйлау, ерекше сезіммен жақсы көру және оның жан дүниесін түсіне білу Умитай Тайырқызына тән қасиет. Әрине, бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен жүрегінің кеңпейілділігінен келіп шығады. Ең бастысы, ол адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі.

Менің кейіпкерім алдына қандай іс түссе де, оны жеңу жолдарын іздестіре білетін, қиындықты мойымай жеңіп шығатын адал маман. Бұған дәлел «Алгебра пәнінен электрондық оқулық» 7-сыныпқа арналған авторлық жұмыс, «Білім беру жүйесіндегі инновацияларды қолдану және жүзеге асырудың әдістемелері» атты II Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін 1-дәрежелі диплом, «Менің педагогикалық тәжірибемдегі Ы.Алтынсарин идеялары» эссе конкурсының жүлдегері, сондай-ақ облыстық Алғыс хаттың, Daryn.online, I, II Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының жүлдегері.

Сонымен қатар кейіпкерім «Тәуелсіз Қазақстанның үздік ұстазы» атты Республикалық конкурстың жеңімпазы, I дәрежелі диплом, «Ы.Алтынсарин» мерекелік алтын медалімен марапатталған. Иә, тізе берсем шексіздікке ұласар. Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – ұлы міндет. Бала тәрбиесіндегі ата-анадан кейінгі жауапты адам – мұғалім. Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу ұстазға байланысты. Осы тұста мектебімізде жаңашыл ұстаздардың мол екені көңілге қуаныш ұялатады. Сөз соңында әріптесімді 8 Наурыз мерекесі қарсаңында ұжым атынан құттықтап, отбасына амандық, денсаулық, толағай табыс тілейміз!


Роза ЖАРҚЫМБЕКОВА,
№15 ЖББМ бастауыш
сыныптар мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!