«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, біздің Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Балнұр Нұрбекованың педагогтер әулеті жайлы айтып өткім келеді.
.jpg)
Әулетте сегіз ұстаз бар, барлық ұстаздарының жалпы еңбек өтілін есепке алғанда – 165 жылды құрайды. Династия Қазымбек Нұрбекұлынан басталады. Екінші буында ұлы мен келіні, қызы, үшінші буында 4 немересі ата жолын жалғауда. Қазымбек Нұрбекұлы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған. Алғаш еңбек жолын Жангелдин ауданы Шұбалаң жетіжылдық мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. Одан кейін де бірталай абыройлы лауазымдарды атқарған. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып 37 жыл еңбек еткен.
Ұлы Жомарт Қазымбекұлы Арқалық педагогикалық институтының физика-математика факультетін физика мамандығы бойынша аяқтап, еңбек жолын Арқалық қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте аға пионер тәлімгері болып бастады. Кейін Жангелдин ауданы Тәуіш ауылындағы Қаратүбек орта мектебінде оқу-тәрбие ісінің ұйымдастырушысы, физика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Қазір құрметті демалыстағы ұстаздың жалпы еңбек өтілі – 38 жылды құрайды.
Келіні Сәуле Ғабдыжауатқызы да Арқалық педагогикалық институтының физика-математика факультетін математика мамандығы бойынша тәмамдаған. 1980 жылдан Жангелдин ауданы Тәуіш ауылындағы Қаратүбек орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған. Қазір құрметті демалыстағы ұстаздың жалпы еңбек өтілі – 37 жылды құрайды.
Қызы Әсемгүл Қазымбекқызы болса, Арқалық гуманитарлық колледжін «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», Арқалық педагогикалық институтын «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Арқалық қаласындағы №7 аралас мектептен бастап, кейін бірқатар білім ордаларында абыройлы еңбек етіп, қазір педагогика ғылымдарының магистрі, №66 мектепте бастауыш сынып мұғалімі және тренер болып жұмыс істейді. Еңбек өтілі – 24 жыл.
Немересі Айнұр Жомартқызы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын аталмыш оқу орынынан бастап, методист, аудармашы, «Руханият» тілдерді оқыту орталығында, кейін Қостанай қаласындағы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы, әдіскері болып жұмыс атқарған. Қазір гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қостанай қаласы білім бөлімінің №4 жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілінен сабақ береді. Еңбек өтілі – 14 жыл.
Ал немересі Бибінұр Жомартқызы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетін қазақ тілі мен әдебиеті маманы ретінде тәмамдаған. Қазіргі таңда басқа салада қызмет істейді. Тағы бір немересі Азамат Жомартұлы Қостанай педагогикалық институтының физика-математика факультетін информатика мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған. Қазір аталған мектепте директордың ақпараттық жүйелер орынбасары. Еңбек өтілі – 12 жыл.
Келіні Ботагөз Қасымқызы да Қостанай педагогикалық институтының физика-математика факультетін физика мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі болып бастаған. Қазір аталған мектепте физика пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі – 12 жыл. Ұстаздардың ізін жалғаған немересі Балнұр Жомартқызы да еңбек жолын А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде биология және химия кафедрасының оқытушысы болып бастап, қазір Қостанай қаласындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде жаратылыстану пәнінен сабақ береді. Еңбек өтілі – 3 жыл.
Жасұлан БЕКЕНТАЕВ,
Абай атындағы мектеп
директорының
оқу-тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.