«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, педагогика саласында жылдар бойы қызмет етіп, саналы шәкірт тәрбиелеген ұстаздың бірегейі – Мағжан Дүйсембайұлы Дүйсембаев. Көзі тірі болса биыл 90 жасқа толар еді.

Ағайды еске алуға бағытталған іс-шаралар өткізу негізінде мектеп әкімшілігі апталық жоспар құрып, математика және физика пәндері бойынша сайыстар, олимпиада және тестілік жүйе орталығы ұйымдастырылды. Әрине, оқушыларға Мағжан ағай жайлы шағын бейнеролик көрсетіліп, қызмет жолы, өмірбаянына қатысты деректермен ақпараттандырдық.
Мағжан Дүйсембайұлы 1931 жылы қазан айының 15-і күні Қостанай облысының Ленин ауданына қарасты Отынағаш аулында дүниеге келді. Жетінші сыныпты аяқтағаннан кейін Меңдіқара педагогикалық колледжіне оқуға түседі. Аталмыш оқу орнын 1949 жылы тәмәмдап, Ленин ауданындағы мектепте бастауыш сыныптардың мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
Оқуын әрмен қарай жалғастыру мақсатында 1950 жылы педагогикалық институттың физико-математикалық факультетіне оқуға түсіп, оны үздік аяқтап 1952 жылы Ершов ауылында математика пәні бойынша ұстаздық қызмет етеді. Артынша 1958 жылы Бірлік орта мектебінде мектеп директор қызметін атқарады. Жылдар бойғы еңбегі еленіп, 1969 жылы Мағжан Дүйсембайұлы «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталды, ал 1978 жылы оған «Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі» атағы берілді. Сонымен қатар «Ұзынкөл ауданының Құрметті азаматы» атағына да ие болғанын айта кеткен ләзім. Кейіннен абыройлы ұстаз 1979 жылы Киев орта мектебінде директорлық қызметке тағайындалып, осы мектепте он екі жыл бойы істеп, 1991 жылы құрметті демалысқа шықты.
Мағжан ағай мектеп директор болған тұста оқушылардың білім деңгейлерінің жоғары болғандығы да атап өтуге тұрар жағдай. Ұжым да өзара сыйластығын әркез биік қойып, бір-біріне құрметпен қарайтын. Бүгінде өзім де ұстаздық жолда жүргендіктен, ағайдың бізге берген сабақтарын, кәсібилігін ылғи есіме аламын.
Ағайдың сабақ бергенінің өзін бір өнерге теңеуге болатын шығар. Бізге сызу сабағын оқытатын. Сыныпта жиырма төрт оқушы болсақ та, тып-тыныш отыратын едік. Бізге дауыс көтерместен-ақ, іс-әрекеті арқылы сыйлата білетін. Сабақ тақырыбын түсіндірген кезде оны тереңдетіп, мағынасын ашуға тырысатын. Соның нәтижесінде сабаққа деген ықыласымыз бен зейініміз жоғары болды. Оқушылардың бәріне тең дәрежеде қарап, бағаны да адал қоятын. Қазір өзім ұстаз болғандықтан бұндай қасиеттің барлық педагогтердің бойынан табыла бермейтінін терең түсінемін.
Бұл күндері Мағжан Дүйсембайұлының шәкірттері таңдаған мамандықтары бойынша әр салада еңбек етеді. Олардың әрқайсысының санасында нағыз ұстаздың бейнесі ретінде Мағжан ағайдың есімі мәңгі сақталары хақ.
Сауле ЖАНАЙДАРОВА,
Киев ОМ директорының
тәрбие жұмысының орынбасары,
Ұзынкөл ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.