«Отанды сүю – иманнан», – деген Пайғамбарымыздың өсиеті бар. Қазақ аталарымыз: ер жігіттің үш намысы бар дейді: әуелі – иманы, екіншісі – отбасы, үшіншісі – Отан. Міне осы үшеу де Василий Шалабаев атамыздың жүрегінде мәңгіге орын алған.
Василий Шалабаев
Василий Амельянович Шалабаев 1934 жылы 22 қаңтар айында Тюмен облысы Ялуторовского ауданы, Криволукское селосында қарапайым көшпенді шару отбасында дүниеге келген.Әкесінің аты Әлімжан, бірақ құжатарда қателік кетуіне байланысты «Амельян» деп жазылды, сөйтіп Василий Шалбаев Амельянович болып кеткен. Жалпы Шалабаевтар отбасы Урицкий (қазіргі Сарыкөл) ауданынан, өткен ғасырдың 60-жылдары мол тарихы бар туған еліне оралуына байланыты сұрақ тұрғанда Шалабаев ойламастан туға еліне оралды.
Василий Шалабаев мектепті Ресейде оқыды. 3-сыныпты Тюмен облысында, 4-5 сыныптарды Қорған облысында, ал орта мектепті Омск облысында бітірді. 1959 жылы К.Д. Ушинский атныдағы Петропавл институтының «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша жоғарғы білім алды. Студенттік жылдарда өзің сауатты, білімдар жауапкершілігі мол тұлға ретінде көрсетті. Василий Амельянович Шалабаевтың екі есімі бар: Василий – құжаттар бойынша, ал азан шақырылып берген есімі – Масғұт.
Ұлы ұстаз жан-жақты қабілетті, аса жоғары білімдар болатын, қайда барып жұмыс жасаса да өзінің артынан жақсы ісі, есімі халықтың жүргегінде мәңгіге сақталатындай болды. С.Г. Мачнева Қазақстан Республикасының педагогика ғылмарының Академиясының беделді мүшесі өзінің естелігінде былай деп баяндайды. В.Шалабаевтың өмірлік ұстанымы «Я – учитель, мне другое сеять», – дейтін. Ол «Ұстазар бейбітшілік пен түсінушілік үшін» республикадағы жалғыз облыстық дүниежүзілік ұстаздар қауымдастығын басқарды. Оның басқармасымен жетім-жесір балаларға, мұғалім-зейнеткерге қайырымдылық қызметтік көмек жасады.
Василий Амельянович Шалабаевтың өмірлік жолы Омск облысында Любинского ауданында Тюмен мектебінен институты бітіргеннен басталды. 1960 жылы әкесінің арманымен Қостанай облысына көшіп келді. Веселоподольский мектебінде мұғалім, Комсомольский мектебінде директор, Урицкий ауданында райком КПК үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, Көкшетау қаласының Ломоносовский мектеп-интернатында оқу бөлімінің меңгерушісі болды. 1972 жылдан Ленинградский сегіз жылық мектептің директоры, бұл мектеп үлгілі мектеп атағын алған болатын. 1974-1980 жылдары Докучаев жалпы білім беретін ОМ директоры болды. 1981-1996 жылдыары басқарушы қызметтерден кетіп қарапайым білім нәрін себетін ұстаз болды. Ол туралы көп айтуға болады.
Ол Лев Толстой, Константин Ушинский, Ыбырай Алтынсарин, Антон Макаренколардың бойында табылған гумандық педагогика негіздеріне ие болды. Василий Амельянович үшін ең маңыздысы арман мұраты оның оқушылары өз елін сүйетін, нағыз азамат-патриоттары болып өссін. Өзінің «Мұғалім» деген өлеңінде былай дейді:
«Научит не хлебом жить единым
Чтоб за все болела голова.
И к мальчонке,завтра гражданину,
Золотые я ищу слова...»
В.Шалабаевтың анықтамасы бойынша, ұлттық патриотизм мыналардан тұрады.Өз халқына сүйіспеншілікпен шыққан тегін сұрау тұрып жатқан өлкесі ана тілі тұрмыс-тіршілігі мінез-құлқы тарихи дәстүрі психологиялық ерекшеліктерін сақтап дамытуға оны өз ұрпақтарына өткізіп беруге бейімділік.Осыдан барып патриотизмге тәрбиелеуді отбасынан басталуы керек деген екен.
Тәрбие үдерісінде жазушы, ержүрек адам, адамгершілігі мол тұлға, ұлағатты ұстаз, ақын қайраткер Василий Амельяновичтің шығармаларын пайдалану –патриоттық тәрбие берудің қайнар көзі. «Жасынан жасыған ұрпақ жаумен жалғаса алмайды.Ұрпағын жақсы болып өссін десең, жастайынан шолжың етпе, жасытпа. Жүгенсіз өскенді тезірек жобаға сал, ақылға келтір, баланды жөргегінен жөндеп өсір! Әйтпесе кеш қаласың», – деген екен. Василий Амельянович – ешкімге ор қазбаған азаматтық пен адамгершілік шебер ұштастырған ұлы рухтың каһарманы.
Қазақ халқы «Ақын елдің еркесі, батыр елдің серкесі», – деп ақын мен батырды ерекше қастерлеген. Осы екі қаситет бойында табылған ол өз шығармаларын орыс қазақ тілінде жазып ақындық тұлғасын танытты. Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, елжандылықты дамыту қазіргі кезде көкей кесті мәселенің бірі болып отыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде айтылғандай еліміздің тұтастығын, оны ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндеті, жастарды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді.
В.Шалабаевтың бойында байсалдылық данышпандық, өз отанын сүю, намыс, ұлттық сезім, өскелең ұрпаққа туған анасын сыйлау, туған жерін құрметтеу, ана тілін қастерлеу болды. Егемен ел жағыдайында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың елін жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін қамтамасыз ету бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге болады. В.Шалабаев келесі шарттарды оқушылардың тәрбиесінде пайдалану қажет дейді:
– Оқушылардың патриоттық сана-сезімін қалыптастыру;
– Патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру;
– Мінез-құлқына патриоттық сипат беру, мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің өзегі болу;
– Сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстардың мазмұнында бастау алу.
Василий Шалабаев, нағыз патриоттар мынаны ғана ойлайды шынайы патриот қазақ ата жұртының мәңгі тәуелсіз өмір сүріп гүлдене беру үшін өзінің саналы өмірін сарп етуге даяр адамдар деп дәріптейді. Василий Амельянович өзінің шежіресін бүлк етпей біліп, шықан тегін ата-жұртын білетін еді. Қостанай облысының ежелгі аудандарының атауларына аса зор мән берді, бір неше атауларды біліп олардың шыққан атауын бүгінгі ұрпаққа қалдырды. Оның арқасында Убаган ауданы – Алынсарин ауданына аударылды. Қостанай-Сарыкөл трассасында «Бозбек», «Танабай», «Таза бұлақ» деген атаулар пайда болуына оның да еңбегі сіңді. Шалабаевтың қатысумен Лермонтов ауылы Ілияс Омаров атына, ал Карагалы ауылы Шоқай ауылы деген атауға қайта аударылып берілді.
Мұражайдың қорында В.Шалабаевтың Казақ ССР жоғарғы кеңесінің кандидат депутаты Көрік Құндызбайұлы Дүйсеевке жазан хаты сақтаулы.Шалабаев Обаған ауданының «Қазақ тілі» ұйымының төрағасының ретінде құжат-сұранысы жазған болатын, ол мемориалдық мұражайдың құру қажеттілігі сұранысын баяндады.Василий Амельянович кішкентай Торғайда төрт мұражай жұмыс жасап келеді, ал біздің туған жерімізде бірде біреу жоқ деп назын білдіретіні туралы Қостанай облысының Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық музейінің қызыметкері Күләш Омарова естелігіде айтады.
2000-2001 жылдары Шалабаев мұражайға жие барып тұратын,естелік орындарды көрсеуге асығатын (болыс Мнайдардың үйі, мекендегі ұлы құдық),мұражай қызметкерлерімен Силантьевка ауылына барып тұратын, Алтынсариннің ескерткішінің алдында әкімнің қатысуымен ұйымдастырылған үлкен митинг өткізіп, ұлы ескерткіш жерлердің босқа аңырап қалуына қарыны ашып қарады, әкімшіліктің сол жерлерге жауапты назар аударуына үгіттеді. 1990 жылы В.Шалабаев «Ыбырай Алтынсаринің ізімен» атты үгітпоездың белсенді мүшесі болды. Оренбург қаласындағы Ыбырай атамыз оқыған жерге, Ыбырай Алтынсаринге мемориалдық тақтанын қойылуына екі жеңін түріп ат салысты. Үгітпоезд Красный Дон, Темір-Қазық, Меңдіқара, Арқалық, Торғай, Троицк, Орск, Оренбург, Ақтөбе, Ырғыз жерлерінде болып ағартушы ұлы педагогымыздың өмірі жайлы айтып өтті.
Ляйлим ИБРАЕВА
Василий Амельянович қазақтардың бірінші құрылтайының қатысушысы болды. Сарыкөл ауданының әкімінің орынбасары А.М. Вандышев өзінің сөзінде Василий Шалабаев – өз елінің патриоты, халқының жүз жылда бір туатын ұлы заңғар ағартушысы, қай заман болмасын мәңгі сенімді интернационалисть болып қалады. Дарынды тұлға, барлық істерде дарынды, бұл аксиоманы ол өзінің ешкінің құрығындай ғана ғұмырда көрсетті. Василий Амельянович біртуар жан-жақты қабілетті, дарынды ұстаз, ішкі мәдениеті аса жоғары, білімдар, ақын, спорт шебері, ақылды жан жолдас, қайырымды әке болды. Жұбайы Райхан Хадарқызы екеуі сегіз баланың ата-анасы, балалары оның ең аса зор байлығы.
«Қазақстандық патриотизм» деген ұғымыды педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Құсайынов: «Қазақ елін сүю деп түсінем», – дей келе: «Отанды сүю» сезімі – халқының келешегі үшін күресуімен ол үшн аянбай еңбек етумен етене қабысып жатқан сезім, Қазақстанның келешегі үшін ақ жүрек адал ниетпен қандай салада болмасын өз шама-шарқы келгенше аянбай еңбек етуді мен Қазақстандық патриотизмнің шынайы көрінісі дер едім», – дейді.
Василий Амельянович қыркүйек айында Урицкий №161 сайлау округінің Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланды, 1996 жылы еңбегі сіңген демалысқа жіберілді. 2002 жылы артынан жақсы із қалдырып дүниеден кетеді. Василий Амельянович ұлағатты ұстаздың символы болуымен қатар қазақ халқының бір туар патриоты да болды. Бұдан келіп шығатын тұжырым – В.Шалабаев көрсеткен рухани ерекшеліктерді сақтау – ұлттық патриотизмнің шарты. Патриотизм – ол өзінің туған жеріне,ана тіліне,мемлекетке деген сүйіспеншілік сезім, сол мемлекеттің, Отанның дамуына, өсіп өркендеуіне өз үлесін қосу, қызмет ету.
Бұл мақсатқа қол жетудің кілті – білім алу, халқымыздың даналарының еңбегін оқу, қалдырған өсиеттерін, ақыл ойларының өресіне жетіп, өмірдің темірқазығына айналдыру, солар армандаған ұл қыз болу. Ағартушы, ұстаз қандай да бір ізгі, жақсы қасиеттің барлығы сеніммен, таза жүрекпен, яғни адамда, ең алдымен иман болу керектігін айтқан Василий Амельянович Шалабаев – ұрпақ санасына отансүгіштік пен елжандылық сезімдерінің ұрығын сепкен тұлға.
Ляйлим ИБРАЕВА,
Қостанай педагогикалық
колледжі, №2 мектеп
бөлімнің меңгерушісі
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.