Ұстаз – адамзат тарихындағы ең қастерлі, ең құрметті мамандықтардың бірі. Қай заманда да, қай қоғамда да ұстаздың орны ерекше. Өйткені ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ол – болашақтың сәулетшісі, ұрпақтың бағыт-бағдарын айқындаушы тұлға.
Адам өміріндегі маңызды кезең – балалық шақ пен жастық дәуір. Міне, дәл осы уақытта жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, дұрыс жол сілтейтін – ұстаз. Ұстаздың әрбір айтқан сөзі, үйреткен білімі, көрсеткен өнегесі шәкірт санасында мәңгілік із қалдырады. Сондықтан ұстаз болу – жай ғана мамандық емес, ол үлкен жауапкершілікті талап ететін миссия. Ұстаз мәртебесін көтеру – қоғамның дамуына қосылған зор үлес. Неге десеңіздер, білімді, тәрбиелі, саналы ұрпақ – елдің болашағы. Ал сол болашақты қалыптастыратын – ұстаздар қауымы. Ұстазға құрмет көрсету арқылы біз білімге, тәрбиеге, рухани құндылықтарға деген құрметімізді білдіреміз.
Қазіргі таңда ұстаздар қауымына қойылатын талап та жоғары. Олар заман ағымына сай жаңа технологияларды меңгеріп, шәкірттеріне сапалы білім берумен қоса олардың тұлғалық дамуына да ерекше көңіл бөледі. Бұл – ұстаз еңбегінің қаншалықты күрделі әрі маңызды екенін көрсетеді. Ұлы ойшылдар да ұстаздың қадірін ерекше бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген сөз бекер айтылмаса керек. Ұстаздың еңбегі – көзге көрінбейтін, бірақ нәтижесі ғасырлар бойы жалғасатын еңбек. Ағартушы А.Байтұрсынұлы: «Мектептің жаны – мұғалім», – деп айтқан. Шынында да, мектептің де, білімнің де сапасы ең алдымен ұстазға байланысты. Ал Ы.Алтынсарин білім мен тәрбиені қатар алып жүрудің маңызын көрсетіп, ұстаздың қоғамдағы рөлін айқындап берген. Бұл – ұстаз еңбегінің қаншалықты бағалы екенін дәлелдейді.
Жаңа ғасырдың табалдырығында мұғалім мәртебесі мен оған артылатын жауапкершілік жүгі арта түсті. Заманауи ұстаз жай ғана пән иесі болумен шектелмей, жаңашыл технологияның тілін тапқан, шәкірттің қиялына қанат бітіріп, шығармашылық әлеуетін аша білетін тұлға болуы тиіс. Оның басты миссиясы – ұлттық құндылықтардың уызына қаныққан, сонымен бірге жаһандану айдынында еркін жүзетін бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Ұстазға деген ілтипат пен тағзым – адамның өз парасатына деген құрметі, өйткені мұғалім сыйлаған білім – уақыт сынына төтеп беретін, сарқылмас асыл қазына әрі өмірлік бағдаршам.
Ұстаз – ұлы есім, қастерлі ұғым, сондықтан оның мерейін өсіріп, мәртебесін ұлықтау – әрбір саналы азаматтың перзенттік борышы болса керек. Ұстазын ардақтаған халықтың ертеңі еңселі, болашағы әрқашан жарқын болмақ.
Гулзат БАТЫРГАЛИЕВА,
Арқалық медициналық
колледжіндегі жалпы
гуманитарлық пәндер
оқытушысы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.