«Ұстаз болу – жүректің батырлығы», – деп Ғафу ақын жырлағандай, біздің ұстаздар әулетінің еңбек өтілін қосқанда жүз жылдан асып жығылады екен. Бұл – қыруар еңбектің айқын көрінісі, ұстаздар әулетінің төлқұжаты десе де болғандай.

Әкем, Абильтаев Асан Байтұрсынұлы, 1950 жылы 7-сыныпты үздік тәмамдаған соң, Меңдіқара педучилищесіне нағашы атасымен өгіз жегіп оқуға барып, сынақсыз қабылданған екен. Сол жылы оқуға 70 бала түссе, 1954 жылы 22 бала ғана бітіріп шықтық деп жазады әкем өзінің «Өмір белестері»атты кітабына. Ол кезде оқу оңай болған жоқ, соғыстан кейінгі жылдар – аштық, жалаңаш болған кез. Оқудан кейін ұстаздық жолын Ұзынкөл ауданы, Есмұрза ауылындағы жеті жылдық мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. 1957 жылы анамызға үйленіп, бес ұл, екі қызға білім мен тәрбие беріп өсірді.
«Тәрбие – тал бесіктен» дегендей, әрқайсымыздың бойымыздағы талап пен талантты байқап, перзенттерін білімді болуға, адал еңбек етуге бағыттайтын. Анамыз, Сақан Садыққызы, өте сабырлы, парасатты кісі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, ата-анамыз өздерінің үлгі-өнегесімен адам болуға, елге қызмет етуге баулыды. Сөйтіп біз ұстаздық мамандықты отбасындағы тәрбиемен таңдадық. Үлкен апам Жанар Асанқызының ұстаздық еңбек өтілі – 37 жыл, қазіргі таңда еңбек жолын №29 мектебінің директоры болып атқаруда. Үлкен ағам Ғалым Асанұлы мен Шолпан жеңгем – қазақ тілі мамандары. Келініміз Ұлжан – балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. Екінші ағам Жанболат Асанұлы – Абай атындағы мектебінің технология пәнінің мұғалімі. Ал інімнің қызы Аружан – Науырзым ауданында биология пәнінің мұғалімі.
Өзіме келер болсам, кішкентайымызда бала болсам да, менен кейінгі інілерімді бір бөлмеге жинап алып, орындықтарды парта қылып ұстаздық етуші едім. Осы бала арманымды жетелеп, әке жолын қуып, Рудный қаласындағы Ы.Алтынсарин педогогикалық училищесінде білім алдым. «Ұстаздық ету – өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан мәртебелі, ізгілікті қызмет жоқ», – деген екен жазушы З.Қабдолов. Осы сөздердің мән-маңызын мұғалім болғаннан бері түсіндім.
Кәсіби қызметімді өзімнің түлеп ұшқан мектебім – Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатыннан бастау алдым. Осы мектептің табалдырығын тарыдай болып кіріп, таудай болып ұшып шығып едім. Ал 1993 жылы қыркүйекте мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді қарсы алып, осылайша ұстаздық жолымды да бастап кеттім. Көп уақыт өтпей, жұмыс орнымды №4 жалпы білім беретін мектебіне ауыстырдым. Жұмыс өтіліміз бірнеше жыл болса да, жетістіктерімен мақтана алатын бірқатар оқушыларым бар. Ал ұстаз үшін шәкірттерінің білікті маман, адамдық қасиеті жоғары адам болғаны – еңбегіңнің ақталғаны емес пе?! Бұл сәтте: «Мұғалім болғаныма мақтанамын!», – деп еріксіз күллі әлемге жар салғың келеді екен!
Абай атамыз: «Неге арналсаң, соны істе», – деп айтқандай, қашанда адам өмірдегі орнын өз қалауымен тапқаны жөн. Мамандық таңдау – өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқын келетін ортаны да таңдау. Әрине, әр мамандықтың өз қиындығы мен өз қызығы бар. Қызым Әйгерім Асылбекқызы да осы ұстанымдарды бойына жиып, анасының жолымен Қостанай өңірлік университетінің география факультетін аяқтап, «Дипломмен ауылға» жобасымен Меңдіқара ауданында ұстаздық қызмет атқарып жүр.
Анар ОСПАНОВА,
№4 ЖББМ қазақ тілі
мен әдебиеті мұғалімі,
Қостанай қаласы
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.
«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.