«Ұстаздық қызмет – ұлы құрмет»

Выпуск - №19(516)   :   12.05.2022
704

Дәл осындай атаумен Амангелді ЖББ мектебі ұжымының ұйымдастыруымен атаулы білім ошағының ұстазы Назгүл Дихамбаеваға арналған шығармашылық кеш өтті. Ардақты ұстаз Назгүл Айтқанқызы биыл мерейлі 60 жасқа толғалы отыр.

Қай қоғамда да ұстазға төрден орын ұсынған. Осындай құрметті мамандықтың иесі болып, ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсеткен, талай шәкірттердің жүрегінен орын алған Назгүл апай облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының, Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің кәсіподағы грамотасының және 2019 жылы «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің, 2020 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Құрмет грамотасының, 2022 жылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Алғыс хатының иегері және Республикалық, облыстық математика пәнінің І съезінің делегаты атанған.

Кешке аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы, аудан активтері, мектеп басшылары, аудандық білім беру бөлімінің мамандары мен ұстаздың шәкірттері, замандас әріптестері, достары қатысты. Ауқымды іс-шарада Назгүл Айтқанқызының балалық шағынан, ұлағатты ұстаз болғанға дейінгі өмір жолы баяндалды. Кеш барысында мектеп ұстаздары мен шәкірттері де өнерлерін ортаға салды. «Өмір жолы» тақырыбында бимен қойылым көрсетіліп, артынша LED экраннан тақырыпқа сай арнайы бейнесюжеттер көрсетіліп отырды.


Кеш он бөлімнен тұрды: «Өмір жолы – ұрпаққа үлгі», «Балалық шаққа саяхат», «Студенттік өмір – өмірдің ең шуақты сәті», «Ұстаз жолы – дара жол», «Әріптестер және мен», «Ұстаз ана, ардақты әже», «Шәкіртсіз ұстаз тұл», «Ата-ана мен ұстаз бірлігі», «Анаға құрмет – перзентке міндет» және қорытынды бөлім. Қара домбырамен шертілген күй мен шырқалған әсем әнге көрермен тәнті болып, кештің жоғары деңгейде өткендігіне өз алғыстарын білдірді. «Ұстаздық қызмет – ұлы құрмет» тақырыбындағы шығармашылық кешке жан-жақтан шәкірттері де арнайы келіп, ұстазына деген риясыз құрметін білдіріп, мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ туыстары, балалары, немерелері мен әріптестері кеш кейіпкеріне арнап жылы лебіздерін білдірді.


Отбасына аяулы ана, немерелеріне ардақты әже, ұжымда ұлағатты ұстаз – Назгүл Айтқанқызы асқаралы 60-тың асуына шығып отыр. Кеш барысында қымбат та қадірменді жанды мерейлі жасымен құттықтап, тілектер толассыз айтылды.

«Осы жылдар сіздің еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай, немере, шөберенің ортасында аяулы әже деген атты иеленіп жүре беріңіз! Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз! Ағайын-туыстың құрметіне, немере мен шөберелердің шу-күлкісіне, ұл-қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!», – деп әріптестері қорытындылады.

Кеш соңында кейіпкерге құшақ-құшақ гүлдер табысталып, естелік суретке түсті.

Әнет ЖҰМАБЕК,
Амангелді ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.