Ұстаздық жолға 400 жылын арнаған

Выпуск - №14 (461)   :   09.04.2021
239

«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» демекші, арамызда үрім-бұтағымен бір мамандыққа адалдық танытып, абыройлы қызмет етіп келе жатқан әулеттер бар. Соның ішінде педагог отбасыларда оқыту – жай кәсіп қана емес, мәдени құбылысқа айналғандығын ерекше атап өтуге болады.


Сөз етіп отырған мәдени құбылысты облысымыздың Ұзынкөл ауданына қарасты Киров ауылынан шыққан отбасылардың бірі – Мендекиновтер педагогикалық әулеті қолдайды. Бұл әулеттің ұстаздық жолдағы жалпы еңбек өтілі 400 жылды құрайды. Мендекиновтер педагогикалық әулетінің негізгі қалаушысы, еңбек сіңірген мұғалімі – Кәшура Мендекинова. Кәшура Таурбайқызы педагогикалық салада қырық жылдай жұмыс істеді. Қызметі барысында алған көптеген марапаттары оның ерен еңбегін көрсетеді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылғы қазанның 15-індегі Жарлығымен Кәшура Мендекиноваға Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі атағы берілді.

Ол кісі оқушыларды ғана емес, балаларын да тәрбиеледі. Кәшура Таурбайқызы жолдасы Қорған Көбеновпен бірге он баланы өсіріп, тағылымды тәлім-тәрбие берді. Балаларының үлкені, қызы Сара мен ұлы Болат, Кәшура Таурбайқызынан педагогикалық жұмысқа деген сүйіспеншілікті қабылдап, өмірлік бағдар ретінде халыққа білім беру жолын таңдады. Қызы Сара Долобаева – қыздар педагогикалық институтының жаралыстану факультетінің химия-биология бөлімінің түлегі. 1969-1972 жылдары Алматы мектептеріне мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, аудандық білім бөлімінде бас маманы қызметтерін атқарған.


Ұлағатты ұстаз Кәшура Мендекинова шәкірттерінің ортасында

Тұрақты педагог, ұжымының қалыптасуына басты назар аударды. Ол басшылық еткен жылдары мектепте қалалық, республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын, 2000 жылдан бастап «Дебат» қозғалысының жеңімпаздарын, «Қарлығаш», «Ерке», «Айналайын», «Әнші балапан», «Азия дауысы», «Мисс Снежинка», «ҚазМУ гүлі» сынды сайыстарда жетістікке жетулеріне септігін тигізді. Сара Қорғанқызының 40 жылдан арттық ұстаздық еңбегі жоғары бағаланды, 1993 жылы білім беру департаментінің үздігі, 1996 және 2001 жылдары Құрмет грамоталарымен, 1998 жылы Алматы қаласы әкімінің сыйлығымен марапатталды.

Сара Қорғанқызы біздің «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына» бейнежазбаға түсіріп, қызықты сұхбатында өзінің мұғалімдік кәсіптің пайдасына жол таңдағаны және Мендекиновтердің үлкен педагогикалық әулеті жайлы баяндап берді:
– Санап отырсақ, 1943 жылдан бастап 2021 жылға дейін 87 жыл бойы қызмет еткен анамның ғана ұрпағы. Балалардан кейін немерелерден де мектепке құштар мұғалімдер де табылды. Олар әртүрлі мамандықтар таңдап, мектепте біраз жұмыс істеді. Шынымен, үлкен педагогикалық әулет. Сондықтан анамнан тараған 12 мұғалім болса, нағашыларымнан тараған мұғалімдер де бар, – деп еске алады.


Мендекиновтар әулетінің ұстаздық ағашы


Өз сұхбатымызда біз: «Нағыз мұғалім деген кім? Оның бойында қандай қасиеттер табылуы тиіс?», – деген сұрақтарды қойдық. Оған Мендекиновтер әулеті өкілдерінің берген жауаптары ұқсас болды: «Мұғалім ұйымдасқан, білімді, шыдамды, балаларды және өз ісін сүйетін және үнемі ізденісте жүретін маман болуы керек».

Мендекиновтер педагогикалық әулеті үш ұрпақ бойында оқыту өзектілігін жоғалтқан жоқ және бүгінгі күнге дейін жалғастырып келеді. Бұл әулеттің әр өкілі – бірегей тұлға, талантты әрі шығармашыл ұстаз. Оларды оқушыларға жанқиярлық сүйіспеншілік, өз жұмысына деген адалдық және өз мамандығына деген құрмет қатынастары біріктіреді. Бүгінде педагогикалық әулеттерге көп көңіл бөлінуде, себебі бұл мұғалім кәсібінің беделін арттырады. Осындай ұлағатты педагогикалық әулеттерден үлгі ала отырып, жас ұрпақтың мұғалімдік қызметтің мәні мен маңызын жете түсінгенін қалаймыз.

Мадина ДАНЬЯРОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
«Қостанай облысы бойынша
ПҚ БАИ» Әдістемелік сүйемелдеу
және курстан кейінгі
қолдау зертханасының
бас маманы

 

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.