Ұстаздықтың үлгісі, әдіскерліктің майталманы

Выпуск - №16(664)   :   25.04.2025
641

1

Қоғамның даму жолындағы негізгі тіректердің бірі – білім. Ал оның берік іргетасы ұстаздың қолымен қаланары сөзсіз. Білім саласына елеулі үлес қосып жүрген, педагогтердің кәсіби жетілуіне бағыт көрсетіп, тәжірибесімен бөлісіп жүрген жанның бірі – Ғалия Жусупова.

Ғалия Сапарбекқызы – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі, магистр, біліктілікті арттыру бағдарламаларының авторы, тәжірибелі әдіскер, тренер ретінде ұстаздар ортасында зор құрметке ие тұлға. 2005 жылдан Қостанай облысы педагогтерінің біліктілігін арттыру жолында еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында түрлі қызмет сатыларынан өтіп, бұл күнде кафедра меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді. Бұл – үлкен жауапкершілік пен сенімділікті талап ететін лауазым. Жұмыстың ауыртпалығына қарамастан, мақсаты мен міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, әріптестері мен тыңдаушылар тарапынан алғысқа кенеліп жүр.

2


Ол – өз мамандығын жүрегімен сүйетін жан. Оның жұмысқа деген ыждаһаты, әрбір іске жауапкершілікпен қарауы, әріптестерімен және білім алушылармен қарым-қатынасы – бәрі де кәсіби мәдениеттің үлгісі. Ол әдіскер ретінде түрлі деңгейдегі курстар, вебинарлар, семинарлар мен тренингтер өткізіп, облыс, республика педагогтеріне бағыт-бағдар береді. Тәжірибесінде заманауи білім беру талаптарын ескеріп, педагогтердің қажеттіліктері бойынша әртүрлі мазмұндағы бағдарламаларды тиімді қолдана біледі.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған курстарды ұйымдастыруда педагогтердің тәжірибесіне, сұранысына, қажеттілігіне ерекше мән береді. Әрбір ұстазға жеке көңіл бөліп, кәсіби дамуына нақты қолдау көрсету – оның басты қағидаларының бірі. Курстарға қатысушылар Ғалия Сапарбекқызын білімді, байсалды, сабырлы, мейірімді әрі әділ маман ретінде сипаттайды. Оның сабағына қатысқан әрбір ұстаз тың идеялар алып, жаңаша көзқараспен жұмысқа кіріседі.
Ғалия Сапарбекқызы – ұстаз ғана емес, бір отбасының ұйытқысы, балаларының қамқор анасы. Ол отбасы мен қызметті ұштастыра білген, әр істе теңгерімді сақтайтын тұлға. Мейірімділік пен қамқорлық – оның болмысындағы басты қасиеттердің бірі. Жанындағы әріптестерінің де, курс тыңдаушыларының да, отбасы мүшелерінің де жағдайына бей-жай қарамайтын, қажет кезде кеңесін беріп, көмек қолын созатын жанашыр адам. Ол үшін ұстаздық – жай ғана мамандық емес, өмірлік миссия. Әріптестерінің жетістігін өз жетістігіндей көріп, әрбір мұғалімнің кәсіби дамуына қуанып отырады. Оның кеңесі мен пікірі – әріптестері үшін маңызды.
Ұйымдастырушылық қабілеті де жоғары: курсаралық іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, педагогикалық оқулар – бәрі де оның бастамасымен нәтижелі өтеді. Педагогтерді оқыту мен кәсіби тұрғыда қолдау көрсету – бүгінгі білім беру жүйесінің басым бағыттарының бірі. Бұл ретте ол кісі тың идеяларымен, тәжірибесімен, көшбасшылық қасиетімен ерекшеленеді. Көптеген облыстық және республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысып, баяндамалар жасап, мақалалар жариялап жүр. Оның мақалаларында білім берудегі өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдары терең талданады.
Кәсіби даму институтындағы әріптестері Ғалия Сапарбекқызын ұйымшыл, іскер, білімді, еңбекқор тұлға ретінде сипаттайды. Оның кәсіби шеберлігі – жастарға үлгі, ал адамгершілік қасиеттері – үлкенге құрмет, кішіге өнеге бола алады. Ұзақ жылдар бойы әріптес болып жүргендер оның ұқыптылығы мен еңбекке деген адалдығын ерекше атап өтеді. Әдіскер ретінде тек қана теориялық материалмен шектелмей, практикалық бағытта да нақты көмек көрсететіні жиі айтылады. Ол ұйымдастырған семинарлар мен шеберлік сабақтары, вебинарлар мен жобалар педагогтер арасында үлкен сұранысқа ие. Көптеген ұстаздар оның кәсіби қолдауынан кейін өз жұмысына деген көзқарасын өзгертіп, оқыту әдістерін жетілдіріп, жаңа белестерге көтеріледі. Бұл – Ғалия Сапарбекқызы еңбегінің нақты нәтижесі.
Ғалия Сапарбекқызы кәсіби қызметінен бөлек, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Түрлі мәдени, рухани іс-шараларға қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосып жүр. Әріптестері мен шәкірттеріне отансүйгіштік, ізгілік, ұлтжандылық қасиеттерді дарыту жолында аянбай еңбек етеді. Ұстаздық жолда жүріп, ұрпақ тәрбиелеу, білімді ұрпақ қалыптастыру, білікті мұғалімдер дайындау – оңай жұмыс емес. Бірақ Ғалия Сапарбекқызы бұл міндетті абыроймен атқарып, өзінің кәсіби шеберлігімен көпшілікке үлгі бола білді.
Жусупова Ғалия Сапарбекқызы – қазақ білім беру саласындағы елеулі тұлғалардың бірі. Оның көпжылдық еңбегі, кәсіби шеберлігі, адамгершілік қасиеттері – жас мамандарға бағдар, ұстаздарға үлгі. Ол – әдіскерлікті өмірінің мәні еткен, ұстаздарға ұстаз бола білген ерекше жан. Бүгінгі қоғам мұндай азаматтарды құрметтеуі керек. Себебі дәл осындай жанашыр, іскер, білікті мамандар арқылы білім саласы дамиды, ұрпақ тәрбиесі биікке көтеріледі. Ғалия Сапарбекқызының еңбегі – ескеруге, бағалауға, насихаттауға тұрарлық. Ұстаздық жолыңыз нұрлы болсын! Ел ертеңіне сіңірген еңбегіңіз елеусіз қалмасын деп тілейміз!

Гульзира КАЛИЕВА,
Абай атындағы жалпы
білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Нагима КАЧАКИНА,
Воронеж жалпы білім
беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Федоров ауданы

Актуально

Реклама

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».