Оқушының жетістігі – мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жемісі –оның кәсіби біліктілігі мен шеберлігінде. Оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасат, еңбекқорлық керек.

Өйткені, мұғалім – елдің болашағын тәрбиелеуші тұлға. Осындай қабілет пен қасиеттерді бойына сіңіре білген ұстаздардың қатарына Қостанай қаласының №19 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арайлым Серікқызы Файзуллинаны қосуға болар еді. «Шәкірт жеңісі – ұстаз жемісі» десек, ұстаз еңбегін ақтап, түрлі белесті бағындырып жүрген шәкірттері көп. Сондай қабілетті, зерек, алғыр оқушылардың бірі – мектептің 4-сынып оқушысы София Белоус. Ол ұстазының еңбегін ақтауға тырысып, ізденіс жолында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр.
– Менің қазақ тіліне деген қызығушылығымды оятқан Арайлым Серікқызы – оқушыларға әрдайым білгенін үйретуден жалықпайтын білікті ұстаз.Арайлым Серікқызы мені қалалық, облыстық деңгейдегі ғылыми жобалар байқауларына дайындады. Атап айтсам, «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауында ІІІ дәрежелі диплом, Т.Дәулетбаев атындағы мектеп оқушыларының аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясында жүлделі ІІ орынды қанжығама байладым. Өзім оқып жатқан білім ордасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арайлым Серікқызы Файзуллинаға талабымды ұштап, білімімнің тереңдей түсуіне еңбек сіңіргені үшін айтар алғысым шексіз! Өзімнің осындай жетістікке қол жеткізгенім – ұстазымның ақ адал еңбегінің арқасы, – деді ол.
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға», – деп дана Абай айтқандай, Арайлым Серікқызының биіктерден көрініп жүрген шәкірттері аз емес. Бойында қабілеті, кеудесінде сәулесі бар сондай ерекше оқушылардың бірі – Екатерина Золоторенконы да ерекше айта кетуге болады. Ол «Тіл шамшырақтары» атты өзге ұлт оқушылары арасындағы зияткерлік байқауда жүлделі ІІ орын иеленді.
Ұстаз еңбегі де елеусіз қалып жатқан жоқ. Арайлым Серікқызы биыл Қостанай қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік қазақ тілі мен әдебиті мұғалімі» байқауында біліктілігін дәлелдеп, жүлделі ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар «Дарынды балаларға – талантты мұғалім» атты кәсіби педагогикалық байқауда ІІ орынды иемденді. Ұстаз әрқашан өз білімін біліктілік арттыру курстарында жетілдіріп жүреді. Арайлым Серікқызы түрлі педагогикалық ғылыми- практикалық конференциялардың қатысушысы, баяндамашысы болып, өз тәжірибесімен бөлісіп жүрген жайы бар.
Қазақта «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейтұғын даналық сөз бар. Расымен де, ұстаз дарынды болған жерде баланың да «көзі ашылған бұлақтай» зердесі ерте жастан оянып, қабілеті ұштала түседі. Осыған орай, мұғалім жан-жақты, кәсіби дайындығы терең, өз бойына жинақтаған білімін жастарға үйрете алатын маман болуы шарт. Оқушы бойындағы қабілет-қарымды ашуда екінің бірі шебер бола бермейді. Әрбір мұғалім Файзуллина Арайлым Серікқызы секілді оқушысын өз баласындай көріп, оның жан дүниесіне жол тауып, дұрыс бағыт-бағдар берсе, ел ертеңінің тізгінін ұстайтын ұрпағымыз білімі мен тәрбиесі ұштасқан жан-жақты дамыған, өмірге құштар, табысты жеке тұлға болып қалыптасар еді деп ойлаймын.
Г.Ахметова,
№19 ЖББ мектеп
директорының оқу-
әдістеме жұмыстары
бойынша орынбасары,
Қостанай қаласы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.