Өткен жыл соңында «Эдельвейс-Астана» баспа үйі дайындаған «Қазақстанның Алтын кітабына» Рудный қаласының тұрғыны, қалалық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Жақсылық КӘКЕНОВ ақсақалдың есімі енгізілді.
Тақырыбы да мазмұнына сай – «Жауынгер ұлы» деп беріліпті. Әкесі Кәкен Шоланов сұрапыл соғыс басталған 1942 жылдың мамыр айында әскерге алынып, содан хабар-ошарсыз кеткен екен. Ең болмаса естелікке суреті де қалмаған, әке мейіріміне қанбаған Жәкең анасы Рузияның тылдағы «Бәрі де Отан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деп қайнаған еңбектің ортасында жүріп, аналық парызын адал атқарып, үш қызы мен өзін тістелеп жүріп өсіргенін жыр қылып айтады. Қаршадайынан қиындықты көп көрген, еңбекпен ерте есейген жас бала алдымен Торғайдағы Ыбырай мектебінен тәлім мен тәрбие алды. Сосын облыс орталығы Қостанайдағы мемлекеттік педагогикалық институтқа жол тартты.
«Талаптыға нұр жауар» дегендей, ондағы «Тарих және орыс тілі мен әдебиеті» факультетіне оқуға түсіп, оны 1964 жылы ойдағыдай тәмамдап шықты. Елге ерекше шабытпен оралған жас жігіт алдымен Ақсуат, кейін Шилі ауылдарындағы мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, алғашқы еңбек жолын бастады. 1965 жылы Совет әскері қатарына шақырылып, әскери борышын өтеп қайтты. Сол уақыт аралығында аяулы анасы Рузия, 1966 жылы көрген көп бейнеттің әсерінен болар, ауырып өмірден озды. Жалындаған жастық жігері алаулап тұрған Жақсылық Кәкенұлы Шилі орта мектебінде мұғалім, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. 1970 жылы Жангелдин аудандық комсомол комитетінің екінші хатшылығына сайланды. Көп уақыт ұзамай, Торғай облысының ашылуына байланысты Арқалық қаласына қоныс аударып, облыстық комсомол комитетінің үгіт-насихат және мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып сайланды.
Облыс орталығы – Арқалық қаласының саяси-әлеуметтік өміріне белсене араласып, еңбегі елеусіз қалған жоқ, көптеген Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды. 1988 жылы КСРО-ның «Еңбек ардагері» медалімен марапатталып, Қостанай облысындағы Денисов аудандық «Қазақ тілі» қоғамының басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. Қоғам отырыстарында әрдайым өзекті мәселелерді көтеріп, қазақ тілінің қазіргі жай-күйі туралы мағыналы мақалалары аудандық, облыстық газет беттерінде үзіліссіз жарияланып тұрды. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдары «Тіл туралы» Заң мен құжаттардың орындалу барысына да сараптама жасап, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына белсенді араласты.
Жәкең 1998-2004 жылдары Қостанай облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында абыройлы еңбек етіп, арнайы «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Өмірге деген іңкәрлік пен өнерге деген құштарлық Жақсылық ағамызды «Ақ дариға» ардагерлер хорының әншісі ретінде танытты, ол түрлі деңгейдегі концерттерде халық әндерін насихаттады. Сөйтіп жүргенде 2005 жылы Жәкең отбасылық жағдайға байланысты Рудный қаласына қоныс аударды. 2006-2021 жылдары мемлекеттік рәміздер, тіл мәртебесі, латын әліпбиіне көшу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ономастика мәселесі, Наурыз мейрамы, Жастар жылы мен Еріктілер жылына, Ұлттық домбыра күніне, коронавирус инфекциясына, тағы да басқа тақырыптарға арналған мақалалары қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, қалалық баспасөз беттерінде жарияланып келеді.
Бүгінде Рудный қаласының ардақты ақсақалы ретінде кеңінен танылып, өнерге де етене араласып, «Жадыра» вокалдық тобының белді мүшесі ретінде оның «халықтық вокалдық ансамблі» атағын алуына мұрындық болды. Сахна төрінен жас кезінен өзі сүйіп орындайтын әндерін шырқап, домбыраға әуестігі бар азамат, қалалық ән байқауларына қатысып, бірнеше рет жеңімпаз атанды. Еліміздің ертеңі саналатын оқушы жастарға да тәлім-тәрбие беруден қалыс қалмай, түрлі деңгейдегі оқу орындарында, кітапханалар мен мұражайларда, мекемелер мен мәдени орталықтарда ұйымдастырылып тұратын жиындар мен конференцияларға, әртүрлі іс-шараларға жиі атсалысып тұрады.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 2021 жылы Жақсылық Кәкенұлының өмірбаяны мен портреті Рудный қаласының «Достық» саябағындағы ардагерлер аллеясынан құрметті орын алды. Осы тұста, Жәкеңнің ҚР «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрмет белгісі» төсбелгісімен марапатталғанын айта кетсек ләзім. Қазақ тілі мен мәдениеті және өнерінің шын жанашыры, «Алтын кітаптан» есімі алты Алашқа мәшһүр болған Жақсылық ағамыздың Қостанай өңірінің атын әлі де асқақтата беретініне сенім мол.
Арман СӘБИТБЕКҰЛЫ,
ҚР Ақпарат саласының
үздігі, Рудный қаласының
құрметті азаматы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.